Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

27.10.2016
10:26:00
0

      Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2016 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың2016-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру басталды.

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2016 жылдың 1 – жарты жылдығында 1034,5 млрд. теңгені, ЖӨӨ-нің нақты өсімі – 100,3% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1638,6 мың теңге көлемінде қалыптасты (ҚР бойынша орташа – 1091,5 мың теңге). 2016 жылға арналған ЖӨӨ НКИ болжамы – 101%.

Экономика салаларында өсуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. 2016 жылы облыс экономикасының оң өсімін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары қабылданды.

Өнеркәсіп

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде қолданыстағы бағада 1360,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 96,4% құрады.

Төмендеу, жалпы көлемде үлесі 86,7% құрайтын кен өндіру өнеркәсібіндегі (1180,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді) НКИ-дің (96,4%) төмендеуімен байланысты болды (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде– 989,9 млрд. теңге).

Азаю, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеген, өндіру көлемі 13,5 млн. тоннаны құраған мұнай өндірудің төмендеуімен байланысты болды (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 13,9 млн. тонна). Мына кәсіпорындар бойынша көлемнің: «Қарақұдықмұнай» ЖШС-де –22,1%-ға, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ-да – 15,6%-ға, «Қаражанбасмұнай» АҚ-да – 0,9%-ға төмендеуі байқалады.Мұнай өндіру деңгейінің төмендеуі мұнайға арналған бағалардың күрт құлдырауымен байланысты бұрғылау бағдарламаларының тоқталып тұруына негізделген.

Мұнай-газ саласында 13% алатын техникалық қызметтердің 11,8%-ға төмендеуі байқалады («Мунайфилдсервис» ЖШС, «Астра Стар» ЖШС, «Caspian Well Services» ЖШС, «Кезби» ЖШС). 

Табиғи газ өндіру 16,4%-ға, 2107,3 млн. текше метрге дейін өсті  (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 1810,5 млн. текше метр).

Өңдеу саласындағы (саланың үлесі – 6,8%) өндіру көлемі 17,6%-ға артып, 92,9 млрд. теңгені құрады (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 82,1 млрд. теңге).

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде 6 есе ( «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС, «ЕРСАЙ  Каспиан Контрактор» ЖШС, «ГММОС Казахстан» ЖШС), химия өнеркәсібінде – 17,6%-ға («Казазот» ЖШС), резеңке және пластмасса бұйымдар өндіруде – 3,6%-ға  («Шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС) өсу байқалады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 75,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 58,1 млрд. теңге), саладағы НКИ 85,7% құрады. Негізгі себеп – «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің электр энергиясын өндіруді 14,3%-ға азайтуы.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 11,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 14,5 млрд. теңге), НКИ – 67,6%. «ҚазСуШаруашылығы» МКК,«Бейнеу Су сервис» МКК, «Комуналдық кызмет» МКК бойынша көлемнің төмендеуі байқалады.

Ахуалды тұрақтандыру, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының, бірінші кезекте мұнай-газ компанияларының проблемалық мәселелерін шешу бойынша әртүрлі шаралар қабылдануда.

Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында 163,2 млрд. теңге сомасына, 3 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 28 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

ИИДМБ аясында 2016 жылы құны 88,6 млрд. теңге болатын, жаңадан 628 жұмыс орны құрылатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Оның ішінде 4 жоба пайдалануға берілді:

1.  Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру – «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС;

2.  Премиум сыныпты газды тығыз бұрама қосылысты құбырлар шығаратын зауытының құрылысы – «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС (Тенарис);

3.  Дайын өнімді шығару бойынша өндірістік қуаттылықты арттырумен минералды тыңайтқыштар өндірісін жаңғырту (1-кезең) – «ҚазАзот» ЖШС;

4.  Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту (аяқтау) – «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС.

Жыл соңына дейін төмендегі жобаларды пайдалануға беру жоспарлануда:

1.  Үй құрылысы комбинатын салу – «ДСК-Ақтау» ЖШС;

2.  Жиһаз және пластикалық терезелер даярлайтын өндірістік цех –«Город мастеров» ЖК А.В. Битнер»;

3.  Керамзит тасын өндіретін зауытын салу – «Ақтау Керамзит» ЖШС;

4.  «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ;

5.  Кабельдер мен трансформаторлар өндіретін зауыт – «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС;

6.  Жел және күн электр станциясынның 1-кезеңін салу – «Бест групп НС» ЖШС.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 7 млрд. теңге сомасына өндіріліп,саладағы НКИ87,7% құрады (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегі– 7,8 млрд. теңге). Ірі қара мал басының – 2,8%-ға (15 мың бас), қой мен ешкінің – 3,2%-ға (357,1 мың бас) төмендеуі, ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша ет өндірудің төмендеуі байқалады.

2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түйелердің –  1,3%-ға (50,4 мың бас), жылқылардың 0,5%-ға (60,2 мың бас) өскені байқалады.

Өңірде жалпы ауданы 9,0 га 11 жылыжай, оның ішінде ауданы 5,8 га өнеркәсіптік үлгідегі 3 жылыжай және ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 8 жылыжай жұмыс істейді. Ағымдағы жылы бірқатар жылыжайлардың құрылысы жүргізілуде. «Өзенмұнайгаз» АҚ «Сенек» ЖШС үшін Қарақия ауданында ауданы 2 га жылыжай салуға демеушілік қаражат бөлді. «Агро-Ай-групп» ЖШС Мұнайлы ауданында 40 га жылыжай кешенінің құрылысын бастады. «Каспий» ӘКк» ҰК» АҚ Ақтау қаласында ауданы 3,0 га жылыжай салуға ТЭН әзірлеу үшін қаражат бөлді.

Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен сапасын көтеруге 2016 жылы 174 млн. теңге субсидия бөлінді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімін өндіруді және сатуды қолдауға 84 млн. теңге бөлінді.

Инвестициялық субсидиялауға республикалық бюджеттен 2016 жылға 260 млн. теңге бөлініп, 73 су көзін пайдалануға беру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында 23 құдық бұрғыланып, 59,7 млн. теңге сомасына инвестициялық субсидиялар төленді.

Ағымдағы жылдың шілдесінде Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында «Байболат» ЖШС-нің шұбат пен қымыз шығарумен түйе және бие сүтін қайта өңдейтін цехты пайдалануға беру жоспарлануда.

Сыртқы сауда айналымы

Сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-тамызында 2353,9  млн. АҚШ долларын, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 71,3%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 2179,9 млн. АҚШ долларын (73,8%), импорт – 174 млн. АҚШ долларын (50%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2005,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 104,3 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 97,5%. Тауар айналымының азаюы, айналым құрылымындағы үлесі 66,4% құрайтын сауда жасаушы кәсіпорындар көлемінің төмендеуімен байланысты.

Кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.10.2016 жылға 48,4 мың бірлікті құрады, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда0,2%-ға аз.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында ауыл кәсіпкерлеріне микрокредиттер беруге 2016 жылға 690 млн. теңге бөлінді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Маңғыстау филиалы 489,8 млн. теңге жалпы сомасына 144 микрокредит , оның шінде ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 326,6 млн. теңге есебінен – 112 микрокредит, қайтарылған қаражат есебінен – 41 млн. теңге сомасына 14 микрокредит, «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша – 2,7 млн. теңге сомасына 2 микрокредит берілді. Нәтижесінде жаңадан 267 жұмыс орны құрылды.

Екінші деңгейдегі банктер 01.09.2016 жылғы жағдай бойынша  шағын бизнес субъектілеріне 12789,3 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе көп.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру үшін Маңғыстау облысына ағымдағы жылы 1 703,7 млн. теңге жалпы сомасына қаражат көздестірілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында ӨҮК отырыстарында 1.10.2016 жылға 4,4 млрд. теңге жалпы сомасына 129 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 1398 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша қосымша 266 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның кемінде 10%-на өңірдің жұмыспен қамту орталықтарынан жұмыс орналастырылатын болады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында ауыл кәсіпкерлеріне кредит беру үшін ағымдағы жылы «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС құрылды.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 118,3 млрд. теңгені құрадынемесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 92,3%.

Төмендеудің негізгі себебі – жұмыстардың ірі көлемі өткен жылы «Бейнеу-Жезқазған», «Боржақты-Ерсай» темір жолдарын салу, Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту есебінен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жаңа бастамаларға арналған қаражат көлемі төмендетілді.

Сонымен бірге, облыс бойынша барлық жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының көлемін толықтай есепке алу, ауыспалы жобаларды уақытылы аяқтау бойынша шаралар қабылдануда.

Жалпы ауданы 489,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың қаңтар-қыркуйегіне қарағанда 0,1%-ға артық (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 488,8 мың шаршы метр). Негізгі көлем халықтың меншікті қаражатына келеді.

Ақтау қаласының 32а шағын ауданында 120 пәтерлік сметалық құны 1800 млн. теңге болатын 120 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылға 1040,3 млн. теңге бөлініп, оның 770 млн. теңгесі игерілді. Аяқтау мерзімі – ағымдағы жылғы желтоқсан.

Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй салу аясында «Байтерек деволопмент» АҚ Ақтау қаласындағы 4 объект бойынша 2 636,7 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім берді.

Жыл басында Ақтау қаласында 466 үлескер қатысатын 6 үлескерлік құрылыс объектісі бар болды. Оның ішінде бүгінге 447 үлескер қатысатын 4, оның ішінде мемлекеттің қолдауымен 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 3927,9 млн. теңге бөлінді (1406 млн. теңге игерілді). 10 жобаны, оның ішінде 2 ауыспалы және 8 жаңа жобаны аяқтау жоспарланды.

Көлік (жүктерді тасымалдау көлемі)

Көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Жоба құны –9,6 млрд. теңге, оның ішіндеҰлттық қордан 6,7 млрд. теңге бөлінді. Объект 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді. Құрылысын салу кезеңінде 204 жұмыс орны құрылды, пайдалану кезеңінде 42 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінге паром кешенінің құрылыс объектісіне құрылыс жүктерін тасымалдау ғана жүзеге асырылуда. Мемлекеттік комиссияның актісін дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

2015 жылғы сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 16,4 млрд. теңге болатын (оның ішінде, Ұлттық қордан 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге бөлінді, 2,7 млрд. теңге игерілді, 2016 жылға 7,0 млрд. теңге көздестірілді) Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы басталды. Жүк ағындарының жылдық көлемі – 4,1 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га.

1-кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде – 1 іске қосу кещені: жерге орналастыру жұмыстары, аумақты қалыптастыру, темір жол төсеу – 3 км, жеке тұрған ғимараттарды монтаждау, электр беру желілерін салу. Қазаншұңқыр мен резервуарларды орнатуға арналған жабдық дайындалды.

Құрылысын салу кезеңінде – 220 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 249 жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқтау мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының(құны – 46,4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылға дейін 44 млрд. теңге игерілді) 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) 2016 жылдың 1-жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Республикалық бюджеттен 2016 жылға 2,3 млрд. теңге бөлінді (1,3 млрд. теңге игерілді).

Құны 36,5 млрд. теңге болатын «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталып, оның ішінде 2014 жылы 0,6 млрд. теңге игерілді, 2015 жылы 9,1 млрд. теңге бөлініп, игерілді, республикалық бюджеттен 2016 жылға – 1,4 млрд. теңге бөлінді, 0,3 млрд. теңге игерілді, АДБ-нің 12,1 млрд. теңге бөлінді (2,9 млрд. теңгесі игерілді). Іске асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.

Екі жоба бойынша құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 1310 адам, пайдалану кезеңінде – 17 адам.

Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны – 39,7 млрд. теңге) мынадай жұмыс жүргізілуде:

2-кезең –теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу:

1-кезек – пайдалануға беру (15.03.2016 жыл),

2-кезек – навигациялық жабдықты шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру орындалуда. Пайдалануға беру – 2016 жылғы маусым;

3-кезең – құрғақ жүк терминалдарының құрылысы:

1-кезек – астық терминалы – пайдалануға берілді,

2-кезек – алаңішілік инженерлік желілердің, қызметтік және өндірістік ғимараттардың, 3 айлақтың құрылысы. Қаржыландырудың болмауына байланысты, жұмыстар жүргізілмей тұр.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна құрғақ жүкке дейін өседі. Құрылатын жұмыс орындары: ағымдағы жылғы құрылысын салу кезеңінде – 303 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2016 жылға шамамен 7,6 млрд. теңге бөлінді.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы (ұзындығы – 73 км) және «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автожолын күрделі жөндеу, «Таушық-Шетпе» (0-70 км) автомобиль жолын орташа жөндеу жалғасуда. Ағымдағы жылғы шілдеде «Ақтау – Форт-Шевченко» - Қаламқас кен орны» (88-154 км) автожолын орташа жөндеу басталатын болады.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар  автомобиль жолдарының үлесі 2016 жылдың басында 84% құрады. Салуға, реконструкциялауға және жөндеуге жоспарланған автожолдардың ұзақтығы ағымдағы жылдың соңына жоспарланған оъектілер пайдалануға берілгеннен кейін есепке алынатын болады.

Жүк тасымалдарының көлемі облыс бойынша 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 157,9 млн. тоннаны құрады, бұл – 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға аз.  

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 274,3 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 79,1%.Төмендеу, бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың, дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың төмендеуімен байланысты болды.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2016 жылдың 1-жартыжылдығында 2 жоба пайдалануға берілді: «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС-нің «Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасы (1-кезең),«Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС-нің «Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру» жобасы. 2016 жылдың соңына дейін тағы 2 жобаны іске асыру жоспарланған: «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС-нің тығыз бұрама қосылысты құбырлар шығаратын зауыты және «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС-нің кабельдер мен трансформаторлар өндіретін зауытының 1-кезеңі.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Жобалар 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Жобалар 2016 жылға қолдау таппады.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Инфляция

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2016 жылдың қыркүйегінде 2015 жылдың желтоқсанына 107,2% (ҚР бойынша – 105,6%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 108,3% (ҚР бойынша – 104,9%), азық-түлік емес тауарларға – 103,8% (ҚР бойынша – 106,8%), ақылы қызметтерге  – 109,4% (ҚР бойынша – 105,3%) құрады.

Салықтар

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 243,6 млрд. теңге (2015 жылдың осындай кезеңіне – 113,2%), оның ішінде республикалық бюджетке – 151,6 млрд. теңге (114,5%), жергілікті бюджетке – 92 млрд. теңге (111,1%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Салықтар бойынша берешек 16,1 млрд. теңгені құрады немесе ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 42,5%-ға көп (01.01.2016 жылға – 11,3 млрд. теңге).

Облыстың 2016 жылға арналып нақтыланған бюджеті 187,6 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 96,9%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 94,8% құрады.

Сумен қамтамасыз ету және су бұру

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 2016 жылы 7 жобаны іске асыру жүргізілді, бұл мақсатқа барлық қаражат көздерінен – 3010,2 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1177,4 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 1832,8 млн.теңге бөлінді.

Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылысын және поселкеішілік су құбырын (1, 2, 3-учаскелер), Түпқараған ауданының  С. Шапағатов ауылында поселкешілік су құбыры мен резервуар, Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерін, Жаңаөзен қаласында еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу жалғасуда.

Бүгінгі күнге орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 30 АЕМ немесе 50% қамтамасыз етілген. Қалалардағы қамту 100% құрайды.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қорынан Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) канализациялық тарату желілерін салуға 1661,6 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 5,2 км (10,5 км-дің) жылу желілері мен 9,4 км (24-км-дің) канализация желілері тартылды.

Ұлттық қордың кредиттік қаражатының есебінен 2016 жылы – 2 296,8 млн. теңге, оның ішінде Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғыртуға – 1 586,8 млн. теңге, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында автономды қазандықтар салуға – 710,0 млн.теңге бөолінді. Бүгінгі күнге конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасыныңаясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде.

Жылыту маусымына дайындық аясында жыл ұзындықтағы жылу желілерінің3%-ын (23,3 км), электр желілерінің 31%-ын (2015 жыл – 9%) жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ, «МТЭК» АҚ-ның инвестициялық жоспарының аясында 46 қосалқы станцияны жаңғырту, оның ішінде ескірген КТҚС-ды ауыстыру арқылы тарату желілерін реконструкциялау жоспарланған.

Өзіндік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «ҚазАзот» ЖШС-нің қуаттылығы 40 Мвт газ-поршеньді электр станциясының құрылысы жүргізілуде. «Maersk Oil Kazakhstan GmbH» жалпы желінің 5 Мвт-ын жеңілдететін 18 Мвт-тық ГТС (газ турбиналы станция) салу бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуде.

Әлеуметтік қорғау

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс бойынша 21033 жұмыс орны құрылды (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 21198 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1299 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 1144 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 14765 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 11493 адам қамтылып, оның ішінде 7976 адам жұмысқа орналастырылды, 3014 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 2-тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2015 жылдың 2-тоқсанында – 5,1%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8%-дан 5,1%-ға дейін артты.

Тіркелген жұмыссыздар саны 1.10.2016 жылға 3768 адамды  (1.10.2015 жылға – 3492 адам), тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 1,3% құрайды (1.10.2015 жылға – 1,3%).

Білім беру.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,5 млрд. теңге көздестірілді. 1.10.2016 жылға 34,3 млрд. теңге игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 1,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,6 млрд. теңге көздестірілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 20,0 млн. теңге бөлінді.

Үш ауысыммен оқытуды жою мақсатында Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды (инвесторлар есебінен). «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің 2016 жылы аяқталатын құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде, Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысын бастау көздестірілген. Осы мақсатқа Ұлттық қордан барлығы 1202,3 млн. теңге бөлінді.

Кең жолақты интернетке 133 мектептің ішінен 74 мектеп қосылған немесе 55,6%. 32,5 мың бала қамтылған 241 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды тамту 81,8% құрайды.

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 20,6 млрд. теңге көздестірілді. 1.10.2016 жылға 14,6 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 265,7 млн. теңге және орынжайларды, ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге – 397,6 млн. теңге көздестірілді.

РБ қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жүргізілуде.

Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 9,7-ден 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 9,8-ге дейін өсті.

Ана өлім-жітімінің 1 фактісі тіркелді (2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 1 факт).

Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 46,8-ден 2016 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 44,9-ға дейін азайды.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2016 жылы – 3,3 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,8 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 200 млн. теңге бөлінді бөлінді.

Бүгінге Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы және Құланды ауылындағы автомобиль жолдарын кеңейту аяқталды; «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу; шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде, Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақша салу бойынша жұмыстар басталды.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында облыстық бюджеттен 2016 жылы 421,8 млн. теңге, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 294,5 млн. теңгесі көздестірілді. Осы қаражатқа «Мұнайлы», «Бостандық» және «Жұлдыз» шағын аудандарының автомобиль жолдарының құрылысы; Қызылсай ауылында 4 пәтерлік муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үйдің құрылысы; Жаңаөзен қаласының 3 «А» шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді және вокзал маңындағы көшелерді абаттандыру жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2016 жылы облыстың ауылдық елді мекендерінде 588 жұмыс орнын құрумен коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 129 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы мақсатқа 1614,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1313,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 301,5 млн. теңге көздестірілген.

Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде 2016 жылы облыстың ауылдарын жайластыру бойынша 40 жобаны іске асыруға 438,4 млн. теңге сомасындағы жергілікті бюджеттің қаражаты көздестірілді.

Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жалғасуда. 


Соңғы жаңарту : 2016-10-27 10:26:00

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz