Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту және құқық қорғау қызметiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

27.10.2016
15:29:00
0

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 22 сәуiрдегi N 793 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президентi 

мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиiс 

  Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттiң жауап әрекетiнiң болуын қамтамасыз етiп және кiнәлiлердi заңда белгiленген жауапқа тарта отырып, құқық қорғау органдары қызметiнiң басым бағыттары деп айқындалсын. 

  2. Мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк ұйымдардың және мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл үшiн дербес жауаптылық белгiлене отырып, осы жөнiнде тiкелей мiндет жүктелсiн. 

  3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi орталық мемлекеттiк органдармен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен: 

  азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметiн көтермелеу тетiктерiн қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекетiн ынталандыру жөнiнде шаралар көздесiн; 

  мемлекеттiк қызметшiнiң өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгiлi болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттерi туралы жеткiзуiн оның мiндетiне енгiзсiн, осы мiндеттi орындамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықты көздесiн; 

  азаматтардың мемлекеттiк қызмет өткеруi кезеңiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен босағаннан кейiн белгiлi бiр кезең аралығында мүлiктiк жағдайының ашықтығын қамтамасыз ететiн құқықтық тетiктi әзiрлесiн, мемлекеттiк қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен босаған адамдардың қызметтен босағаннан кейiн белгiлi бiр кезең iшiнде, құны осы адамдардың ресми табысынан асып түсетiн мүлiктiң шығу тегi туралы ақпарат ұсыну мiндетiн белгiлесiн; 

  "корпоративтiк сыбайлас жемқорлыққа" қарсы iс-қимыл шараларын талдап-тұжырымдасын; 

  мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелi жоғары лауазымдарға қызметке кiру және қызмет өткеру үшiн айрықша, жоғары талаптарды белгiлей отырып, оның iшiнде аталған лауазымдарда қызмет атқаратын адамдарға қатысты олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәнiне арнайы тексерулердi көздейтiн тетiктердi қолдану мүмкiндiгi туралы мiндеттемелер қабылдай отырып, мұндай лауазымдар тiзбесiн айқындасын. Бұл ретте мұндай тексеруден өте алмаған адамдар мемлекеттiк қызметтен босатылуға тиiс; 

 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясы) айрықша тергеуiне қазiр тергеуiнде бар iстермен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 307-бабының 2-бөлiгiнде және 308-бабының 2-бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстердi тергеуiн, бұл ретте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 307-бабының 3 және 4-бөлiктерiнде, 308-бабының 3, 4-бөлiктерiнде және 311-бабының 3, 4, 5-бөлiктерiнде көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстердi тергеу жөнiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарының баламалы тергеуiн сақтай отырып, жатқызсын; 

  саяси лауазымдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарындағы әрбiр лауазымға, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдары санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына ұқсас арнайы бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеп, бекiтсiн; 

 құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң құқықтық мәртебесiн және олардың қызмет өткеруiн бiрiздендiрудi, бұл ретте тергеушiнiң iс жүргiзу мәртебесiн көтерудi, тұрғындардың пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындауды және аттестаттауды көздей отырып, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаудың конкурстық тәртiбiн үмiткерлердiң тағылымдамадан мiндеттi түрде өтуiн белгiлей отырып қамтамасыз етсiн; 

 республикалық бюджет қаражаты шегiнде құқық қорғау органдарының негiзгi функцияларды орындайтын қызметкерлерi үшiн қамтамасыз ету функцияларын орындайтын қызметкерлермен салыстырғанда неғұрлым жоғары еңбекақы төлеу деңгейiн белгiлеу жөнiнде шаралар қабылдасын. Бұл ретте негiзгi немесе қамтамасыз ету функцияларын орындауға байланысты еңбек сiңiрген жылдарын, зейнетақымен қамтамасыз етудi айқындау, атақтар мен сыныптық шендер беру тәртiбiн қайта қарасын; 

  азаматтардың әлеуметтiк салада құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың тиiмдiлiгiн арттыруды көздейтiн заңнамалық шаралар қабылдасын;
  кәмелетке толмағандарға, олардың құқықтарына және заңды мүдделерiне қол сұғатын қылмыстар үшiн көрсетiлген қылмыстардың тиiстi профилактикасын қамтамасыз ете отырып, қылмыстық жауаптылықты күшейтсiн; 

 ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың құрамында жасалатын қылмыстарға қарсы iс-қимылдың құқықтық тетiктерiн, оның iшiнде оларды жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықты күшейте отырып жетiлдiрсiн. 

  4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп: 

  мемлекеттiк қызметте жұмыс iстейтiн және бұрын жұмыс iстеген адамдардың жеке бас және кәсiби қасиеттерi, сондай-ақ олар жасаған жолсыздықтар мен оларды түрлi жауаптылыққа тарту фактiлерi және мемлекеттiк қызметтi тоқтату себептерi туралы мәлiметтердi қамтитын бiрыңғай электрондық дерекқор жасауды қамтамасыз етсiн; 

 мемлекеттiк қызмет жүйесiнде "мүдделер қақтығысы" ұғымын заңнамалық деңгейде айқындасын, мұнда мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi, қоғам мен мемлекет мүдделерi арасында қайшылықтар туындауы мүмкiн. Бұл ретте мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртiбiн регламенттесiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк қызметтен босағаннан кейiн белгiлi бiр кезең iшiнде оның қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезеңiнде тiкелей бақылауында немесе оның құзыретiне сәйкес тiкелей байланысты болған коммерциялық ұйымдарға жұмысқа ауысуына тыйым салуды белгiлесiн; 

 мемлекеттiк ұйымдарда және мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға мемлекеттiк қызметшiлер үшiн белгiленген шектеулердi қолдансын. 

  5. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
  1) (алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010.08.17 N 1039 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  10-т.қараңыз) Жарлығымен); 
  2) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
  3) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
   Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010.08.17 N 1039 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  10-т.қараңыз) Жарлығымен.
  6. Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң жай-күйiн талдау мен мониторинг жүргiзу негiзiнде мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын дамыту мен жетiлдiрудiң перспективалық бағыттарын тұжырымдасын.
  7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
  8. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

  Қазақстан Республикасының
  Президентi                                                                                 Н. Назарбаев


Соңғы жаңарту : 2017-06-12 11:13:00

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz