Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы бойынша 2016 жылдың 10 айы ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат

27.10.2016
16:53:44
0

Жыл басынан бері облыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын халық арасында түсіндіру, кеңінен насихаттау, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол бермеу, оған қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, анықтау мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда және өткізіліп келеді.

Сондай-ақ, облыстың mangistau.gov.kzресми интернет-ресурсында ақпараттар толықтырылып және жаңартылып отырады, «сенім телефондары» «облыс әкімінің жеке блогы», «азаматтар өтініші жөніндегі виртуалды қабылдау», «Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру», «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» айдарлары ашылған және жұмыс істейді.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын» (бұдан әрі - Жоспар) орындау мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №297 қаулысымен Іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Осыған байланысты, қалалар мен аудандық әкімдіктер, облыстық жергілікті атқарушы органдар мен департаменттер, сондай-ақ өзге де Жоспадың орындалуына жауапты мүдделі органдардан өздеріне тиісті тармақтары бойынша облыс әкімінің аппаратына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Маңғыстау облысы бойынша департаментіне (келісім бойынша) үнемі жолданып отыру міндеттелген және қазіргі таңда аталған Жоспарда көзделген  іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат жолдануда.

Жоспардың 1 (5) тармағына сәйкес, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің және облыстық жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында олардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.

Аталған тармақтағы тапсырманы іске асыру мақсатында қазіргі таңда  26 мемлекеттік орган, 5 аудан және 2 қаланың ресми сайттарында Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпаратты қамтамасыз ететін айдарлар ашылып, қызмет етуде.

Іс-шаралардың жүзеге асырылуын  қадағалау мақсатында, облыс әкімі жанындағы сыбайлас  жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өңірлік комиссия құрылды және қурамы бекітілді. Жүйкелі түрде жұмыс жоспарына сәйкес отырыстарын өткізіп отырады. Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүзеге асырылуда, оның нәтижелері бойынша шаралар қабылдануда.

  Осы ретте жыл басынан бері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментімен, Маңғыстау облысы әкімі аппаратымен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның аталған органдардың қызметтерінде, сондай-ақ қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында жыл сайын шаралар өткізіледі.

Облыс аумағында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша әртүрлі іс-шаралар, атап айтқанда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, форумдар, брифингтер, тәкелей эфирлер, мәдени және спорттық іс-шаралар, флешмобтар және т.б. шаралар ұйымдастырылды. Яғни, 2016 жылдың 10 ай кезеңіндегі қорытындысы бойынша:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында,  жалпы саны – 286 іс-шара, оның ішінде: 167 семинарлар және лекциялар, 45 дөңгелек үстелдер, 8 форум және конференциялар, 6 интеллектуалдық конкурстар, 16 флешмобтар,  31 спорттық іс-шаралар, 13 бұқаралық акцияларұйымдастырылды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде баспа басылымдарында арнайы айдарлар ашылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдардың жалпы саны – 360. Олардың ішінде республикалық  БАҚ (теледидар – 10), Аумақтық БАҚ-ғы жарияланымдар –350 (теледидар – 146, радио - 8, газеттер - 145).

Сондай-ақ, есептік кезеңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылығымен және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың қатысуымен облыстық «Қазақстан - Ақтау» телеарнасы мен «Жолбаян» радиосында 12 тікелей эфир, «Корупция», «Адалдық пен сатылмаушылық әрбір азаматтың мінез-құлық нормасына айналуы тиіс» атты бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде «Ел ертеңі», «Резонанс», «Ашығын айтайық» «Көзбе-көз», «Қоғам және әйел» бағдарламаларының жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында арнайы шығарылымдары ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, құқық қорғау органдарымен бірігіп стратегиялық іс-шаралар жоспарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде аптасына бір рет «Нұр Отан» партиясымен бірлескен «Ел ертеңі», сондай-ақ,  «Дабыл, Дабыл», «Прокурор уақыты», «Менің құқығым» бағдарламалары көрсетілді.

Есептік кезеңде интернет-ресурстардағы жарияланымдардың саны - 51.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментітарапынан мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жалпы саны 43 билборд әзірленіп, орналастырылды. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жобасын жүзеге асыру» атты әлеуметтік жоба іске асырылды. Аталған жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша 20 астам дәрістер мен семинарлар өткізілді. 1 бейнеролик, 119 брошюра, 25 плакат, 100 нұсқаулық дайындалып таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында Ақтау қ. – 5, Жаңаөзен қ. – 7, Түпқараған, Қарақия (ауданға қарасты Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Құланды ауылдарында бильбордтар орналастырылған), Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында – 3 билбордтан орналастырылды. 

Сондай-ақ, 2016 жылы жоғарыда аталған басқармамен 2016 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында 2 595 000 теңге көлеміндегі сомада «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң түсінігін қалыптастыру бойынша жобаларды жүзеге асыру» бойынша әлеуметтік жоба көзделген.  Жобаның шеңберінде, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сстратегиясын түсіндіру бойынша шаралар (кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б.), сонымен қоса тұрғындар арасында бейнероликтер, типогшрафиялық және полиграфиялық баспалар (жадынамалар, буклеттер, плакаттар, баннерлер, билбордтар, т.б.) қарастырылған.

Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және көтеру мақсатында, облысқа қарасты қалалар мен аудандарда 18 бильборд (Ақтау қ. -5, Жаңаөзен қ. 3, Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған аудандарында – 2-ден) орналастырылған.

Сонымен қатар, жыл сайын «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік органдардың қатысуымен, «Өзіңнен баста» акциясы өткізілуде. Өткізілген шаралардың нақты саны мен маңыздылығы және өткізілу мерзімі бойынша ақпараттар nurotan_mof@mail.ru  сайтында жариялануда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық семинарлар жүйелі түрде өткізіліп отырады.

Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында мектептерде  «Пара алу құрдымға бастар жол», ал колледждерде «Таза сессия!» акциясы өткізілді. Акция аясында оқушылар мен ата-аналар арасында ақша жинауға қатысты сауалнамалар жүргізілді, сынып сағаттары ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылды. Құқық қорғау қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. БАҚ өкілдері қатысып, облыстық «Қазақстан - Ақтау» телеарнасында жарияланды.

Ағымдағы жылдың наурыз айына техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының арасында «Өзіңнен баста» акциясы  өтті. Шараның мақсаты- студенттер сессия барысында адал жолмен тиісті бағасын алу болып табылады.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында,  ағымдағы жылы «Алтын қалам» байқауының аясында сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттауды ұйымдастыру жоспарлануда.

Тағы бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласы бойынша маңызды мәселе МО бойынша «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» ЖШС-де мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру арнайы оқыту курстары ұйымдастырылды. 

Оқытудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша, жемқорлықпен күрес бойынша Жалпыұлттық жоспарының бағыттарын түсіндіру, оны анықталудың  заманауи формаларының ерекшеліктері бойынша кәсіптік біліктілігін арттыру болып табылады.

Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер оқу – курстарына жолдануда.

Қазіргі таңда «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында» 2015 жыл бойынша барлығы:

10 қайта даярлау оқуынан – 201 мемлекеттік қызметші; 

15 біліктілікті арттыру оқуынан – 235 мемлекеттік қызметші өтке болса;

Ал, 2016 жылғы қазіргі кезеңге дейінгі жағдай бойынша:

8 қайта даярлау оқуынан – 133 мемлекеттік қызметші өткен.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 ақпанында облыс әкімдігімен Жергілікті полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және қоғаммен байланысын күшейту мақсатында жергілікті бюджеттен 98 000 000 (тоқсан сегіз миллион) теңге көлемінде қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бері «Бизнес Скул Метрополитен» халықаралық академиясында 200 жергілікті полиция қызметкері:

-қызметкерлермен жұмыс жүргізу тиімділігін жетілдіру бойынша;

-азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бойынша;

- психологиялық аспектілерді құқықтық реттеу бойынша;

- бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл әдісін оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен берілген ақпаратқа сәйкес, 2016 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша барлығы  - 6 023 131 мемлекеттік қызмет көрсетілген (оның ішінде ЖАО – 4 908 748, аумақтық органдармен – 1 114 383 қызмет көрсетілді). Қағаз түрінде – 5 117 276 (немесе 85%) қызмет, электронды түрде – 666 903 (11%) қызмет және Мемлекеттік корпорация арқылы – 238 952 (4%) қызмет көрсетілген.

ЖАО-дың және ОМО аумақтық бөлімдерінің қызметіне 8 ішінара тексеру жұмыстары және қызмет алушылардың шағымдары бойынша  3  жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде, барлығы 8031 бұзушылықтар анықталынған.

Жиі орын алатын кемшіліктер бұл - мерзімдердің бұзылу деректері – 946; құжаттардың толық еместігі – 2232; артық құжаттарды талап ету – 1282 және т.б. болып табылады.

Заң бұзушылықтарға жол берген 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

«Мониторинг» ЫАЖ АҚ бойынша  Маңғыстау облысының ішкі істер департаментімен35 050 мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылғандығы анықталған.

Мерзімдердің ең көп бұзылу деректері азаматтарды  мекен жайы бойынша тіркеу кезінде орын алған (33331 дерек).

Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясымен 24, Маңғыстау облысы әкімдігіне бағынысты мемлекеттік мекемелермен 25 қызметтердің мерзімдері бұзылған.

Мониторинг нәтижесі бойынша, жоғарыда көрсетілген органдардың басшыларына көрсетілген бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс хаттар жолданып, 5 жауапты тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

Осы кезеңде 7 «жасырын» қызмет түрлері анықталып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне енгізу үшін министрлікке  ұсыныстар  жолданды. Оның 3 қабылданған, 1 қаралуда, 2 пысықтау үшін кері қайтарылған.

  Аталған шаралар облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытында жүзеге асырылған.

Бұдан басқа, сапалы кадрлық құрам қалыптастыру, ашықтық және командалық ауысуды болдырмау мақсатында, облыстық жергілікті атқарушы органдарының ваканттық әкімшілік мемлекеттік лауазымдарынаа үміткерлерді іріктеу бойынша өткізілетін конкурстық комиссия отырыстары бақылаушылар мен сарапшылар қатысуымен жүргізіледі.

Тұрғындар тарапынан сыртқы бағалау және қоғам пікірін есепке алу мақсатында облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің ресми интернет ресурстарында «Мемлекеттік сатып алу» атты айдарлар ашылды.

Онда: мемлекеттік сатып алу, конкурстық құжаттамалар, бюджет қаражатының игерілімі, бір көзден сатып алу, баға ұсыну тәсілімен сатып алулар және конкурс тәсілімен сатып алулар жөніндегі ақпараттар жарияланады. Бюджет қаражатын игерудің осындай ашық түрдегі жарияланымдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарын жүзеге асырудың басты мақсаты болып табылады.

Қазіргі таңда 203 мемлекеттік органда «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі енгізіліп, барлығы да штаттық режимге көшіріліп жұмыс істеуде.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекті жерлерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттары үшін пошта жәшіктері орналастырылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен,  Маңғыстау облысы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, квазимемлекеттік субъектілермен, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның қызметтерінде, сондай-ақ, қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін  агенттіктің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын орындау мақсатында облыс әкімі жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия отырыстары өткізіліп отырады.

Аталған Комиссия атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы  28 ақпанындағы №141 қаулысымен құрылып, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы №5/75 шешімімен бекітілген.

Комиссияның кезекті отырыстарында сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен айналысуының себептерін мен салдарын анықтау, және олардың алдын алу мақсатында мәселелер қарастырылып тиісті органдарға тапсырмалар беріледі.

Сондай-ақ,ағымдағы жылдың 13 мамырында және 4 қазанында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен комиссия мүшелерінің, облыс әкімі орынбасарларының, құқық қорғау органдары басшыларының, қала мен аудан әкімдерінің, облыстық департамент және басқармалар басшыларының қатысуымен Облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияларының отырыстары  өткізілді. 

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:1) Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы;

2) Халыққа қызмет көрсету орталығымен қабылданған мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар туралы.

Үстіміздегіы жылдың 6 ақпанында  облыстық мәслихаттың  31 сессиясының № 31-446 шешімімен Облыстық Қоғамдық Кеңес құрылып құрамы және жұмыс жоспары бекітілді. Қоғамдық Кеңесте 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  күн тәртібінде қаралған басты мәселе «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы туралы». Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері және осы мәселе бойынша құзырлы органдар өкілдерінің, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен болып өтті. Сондай-ақ, одан да басқа облысқа қарасты бірқатар қалалар мен аудандарда әкімдіктердің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылып, тиісті жоспарлары бекітілген.

Қазіргі таңда «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары» тармақтарының орындалу барысы Облыс әкімінің аппараты тарапынан қатаң бақылануда.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының мәліметтеріне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде облыс бойынша 2015 жылы 196 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  тіркелсе, биылғы жылдың басынан қазіргі таңға дейінгі кезеңі бойынша 122 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер тіркелгендігін атап өту қажет.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен квазимемлекеттік субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырып, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдануда.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың, Әдеп кодексінің талаптарын мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі облыс басшылығының жеке бақылауында және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


Соңғы жаңарту : 2016-10-27 16:53:44

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz