Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттерінің өкілдері геологиялық мазмұндағы бірыңғай ГАЖ-атлас картасын» жасақтау мәселесін талқылады

18.11.2016
13:17:59
0

Қазақстан РеспубликасыИнвестициялар және даму министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен «Каспий өңірінің геологиялық мазмұндағы ГАЖ-атлас картасы» халықаралық жобасыбойынша кеңес өтті. 

Жиынға қатысушылар алдында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев сөз сөйледі.

- Алғашқы рет Каспий маңы мемлекеттерінің өкілдері ГАЖ-ақпараттық деректер жүйесінің іске асырылуын, геологиялық деректермен алмасу және біздің мемлекеттер геологтары арасында тығыз байланыс орнату мәселелерін талқылау үшін жиналды.  Талқылау барысында туындаған ұсыныстар толық және бірегей ГАЖ-ақпараттық деректер жүйесін-Каспий өңірінің Атлас картасын жасақтауға мүмкіндік беретініне сенімдімін, -деді Алик Айдарбаев.

Кеңеске Маңғыстау облысы әкімдігінің, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өкілдері, қатысушы елдердің геологиялық құрылымдары өкілдері,  «Қ.И.Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты», «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті», «Атырау мұнай және газ  институты» сияқты еліміздің жоғары оқу орындарының және жетекші жобалау институттарының басшылары, сондай-ақ ҚР мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушылары қатысты. 

Қазақстандық делегацияны басқарып келген ҚР ИДМ Геология және  жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев ҚР Инвестициялар және даму министрінің атынан Жеңісбек Қасымбектің  құттықтау сөзін жеткізді. 

 Ресей  Федерациясы атынан РФ Табиғи  ресурстар министрілігінің «Роснедра» агенттігі басқарып келді. ФГБУ «ВСЕГЕИ», ФГУП «ВНИГИИ»,  Иран Ислам Республикасы атынан Иран геологиялық қызметінің басшылары және Өзбекстан Республикасы атынан геологиялық қызмет өкілдері сөз сөйледі.

ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің мемлекеттердің геологиялық қызметтері ынтымақтастығын белсенді ету және кеңейту туралы хаттамасына сәйкес Каспий маңы мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен «ГАЖ-Каспий өңірінің атлас картасы» халықаралық жобасын құруды ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. 

Каспий өңірінің жоғары геологиялық перспективаларын ескере отырып, бұл жобаны жүзеге асыру 25 жылішінде Каспий маңы мемлекеттері жинақтаған геологиялық, геофизикалық, геоэкологиялық және өзге де деректерді біріктіруге мүмкіндік береді.  

  Бірыңғай геологиялық-картографиялық негіз және ақпараттық деректер қорын құру өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық тірлігіне оң әсер етіп, келешекте өңірде қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.Бұл жалпы Каспий өңірінің мұнай газ секторын дамытуда салааралық мультипликативтік әсер береді.

  

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Соңғы жаңарту : 2016-11-18 13:17:59

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz