Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау бойынша ақпараттандыру-түсіндіру жұмысын жүргізу барысы туралы ақпарат

28.11.2016
16:52:33
0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын ақпараттық-түсіндіруді ұйымдастыру бойынша облыстық деңгейде 2015 жылдың 3 желтоқсан күні Маңғыстау облысы бойынша, соның ішінде Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандарында әр түрлі деңгейлерде кеңес мәжілістері өткізілді. Аталған мәжілістер облыс әкімі, мемлекеттік органдар (бұдан әрі - МО) басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі - ҮЕҰ) мен БАҚ өкілдері қатысуымен өтті.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің кеңес мәжілісінде Жолдауды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, 487 адамнан тұратын 9 ақпараттық топ (бұдан әрі - АТ) құрылды. Жоспарланған іс-шаралар нәтижесінде Маңғыстау облысы бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді, солардың ішінде:

  Құрылған АТ-тар өз қызмет саласына қарай бөлінген аудиториямен, барлығы 10 мың адам, Жолдауды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде БАҚ-да 200 астам материал жарияланды. Оның ішінде баспа басылымдарда 92 материал, электронды БАҚ-да 118 сюжет жарық көрді.

  Жолдауды түсіндіру және қолдау көрсету бойынша БАҚ-да сөз сөйлеу мақсатында МО басшыларынан, мәслихат депутаттарынан, зиялы қауым өкілдерінен, жастар ұйымдарының, ҮЕҰ және этно-мәдени орталықтар өкілдерінен, сондай-ақ кәсіпорындар қызметкерлерінен 75 адамнан тұратын спикерлер тізімі және Жолдаудың негізгі бағыттарын жариялау үшін 22 тілшіден тұратын журналистер пулы құрылды.

  Жолдауды және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әр тоқсан сайын мемлекеттік органдар басшыларының, қала және аудан әкімдерінің, ҮЕҰ өкілдерінің және т.б. өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеу кестесіне сәйкес а.ж. 24 қарашасына дейін 26 брифинг ұйымдастырылды.

  Жаңа әлеуметтік саясат бойынша (2020 жұмыспен қамту жол картасын жаңарту, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру, әлеуметтік көмектің жаңа форматын кең көлемде ендіру, барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім алуды ендіру және т.б) бойынша есепті кезеңде барлығы 110 материал шықты. Оның ішінде баспа басылымдарында 32 мақала, электрондық БАҚ-та 41 сюжет, интернет ресурстарда 37 материал жарияланды.

  Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары (инвестициялық климатты ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жақсарту, Инвесторларды тарту бойынша өңірлік кеңестерді құру, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жаңарту, техникалық және кәсіптік білім мамандарын дайындау) бойынша есепті кезеңде барлығы 64 материал шықты. Оның ішінде баспа басылымдарында 23 мақала, электрондық БАҚ-та 26 сюжет, интернет ресурстарда 25 материал жарияланды.

  Бұдан бөлек, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру бойынша есепті кезеңде 38 материал шықты. Оның ішінде баспа басылымдарында 12 мақала, электрондық БАҚ-та 15 сюжет, интернет ресурстарда 11 материал жарияланды. Ал бюджеттік саясатты оңтайландыру бойыншабарлығы 98 материал  шықты. Оның ішінде баспа басылымдарында 29 мақала, электрондық БАҚ-та 41, интернет ресурстарда 28 материал жарияланды.

  Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында а.ж. «Мемлекет басшысының Жолдауын халыққа түсіндіру және оның облыста іске асу барысы туралы іс –шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруға 5 000 000 теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын қамтитын 7 кешенді жобаға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 25 000 000 теңге қаржы бөлінді.

  Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында  Жолдаудың іске асырылу барысын талқылау бойынша мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдерінің, сарапшылардың қатысуымен «Резонанс», «Ел ертеңі», «Орта толсын», «Әйел және қоғам», «Ауыл және әкім»,  «Бақыттың кілті еңбекте», «Кәсіпкер», «Ашығын айтайық», «Көзбе көз», «Түйін», «Ашық әңгіме», «Толғаныс» бағдарламалары шеңберінде сюжет шығуда.

  Есепті кезең ішінде баспа БАҚ-да (облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау», қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Ақкетік арайы», «Рауан», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттері) Жолдаудың басым бағыттары бойынша «Жолдауды қолдаймыз», «Жолдауға үн қосу», «Н.Назарбаев: Ұлт Жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол», «За строкой Послания», «План Нации путь к казахстанской мечте», «Мангистауцы на пути к казахстанской мечте», «Нұрлы жол», «Жолдау жаңалығы», «Нұрлы жол» – Болашаққа бағыт»,  «Жаңа Жолдау жарқын болашақ», «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам», «100 шагов» атты арнайы айдарларда материалдар тұрақты түрде жарық көрді.

  Маңғыстау облысы бойынша Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында а.ж. басынан бері 110 билборд пен баннерлер орнатылды, 2500 әдістемелік құралдың басып шығарылуы мен таратылуы ұйымдастырылды.

  Жолдаудың мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіні брошюра ретінде 500 дана басылып шығарылды және логотипі мен мәтіні барлық жергілікті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің ресми сайттарына орналастырылды, атап айтқанда Маңғыстау облысы әкімдігінің mangystau.gov.kz сайтында «Жолдауды іске асыру», «Реализация  Послания» және Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының uvp.mangystau.gov.kz сайтында «Жолдаудың орындалуы», «Реализация Послания» айдарлары ашылып, ақпараттық материалдар орналастырылды.


Соңғы жаңарту : 2016-11-28 16:52:33

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz