Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Жаңаөзенде церебральды сал ауруы диагнозы бар балаларды оңалтудың алғашқы курсы өтті

29.11.2016
12:38:41
0

29 қараша күні Жаңаөзен қаласында «Дені сау балалар» жобасының аясында бірінші оңалту курстарының қорытындысы шықты . Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен іске қосылды, жоба әкімшісі «BI Жұлдызай» Корпоративтік қоры.

Оңалту орталығы «Дені сау балалар» жобасы аясында осы жылдың қазан айында ашылды. Бұл қамқорлыққа мұқтаж балалар мен олардың ата-аналары үшін көптен күткен оқиға еді. Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларға білікті медициналық-әлеуметтік және психологиялық-әлеуметтік көмек пен әлеуметтік-оңалту қызметтерін көрсетуге бағытталған. Енді БЦС (балалар церебральды сал ауруы) диагнозы қойылған балалар өзге қалаларда емес, өздерінің туған қаласында медициналық және психологиялық көмек алатын болады. Медициналық оңалту орталығының ашылуын БЦС диагнозы бар 300-ге жуық баланың ата-анасы асыға күтті.

- Маңғыстау облысында 193 мың бала тұратын болса, оның 3830-ы мүгедек балалар. Орталық жүйке жүйесін қосқанда дамуында ауытқуы және тумысынан ақауы бар балалар алғашқы орында тұр. Екінші орынды – жүйке жүйесінің ауруы, ал үшінші орынды – психикалық ауытқушылығы бар балалар құрайды. Облыс деңгейінде мемлекеттік және мемлекеттік емес оңалту орталықтары құрылды. Балалар церебральды сал ауруы және басқа да жүйке жүйесінің ауытқушылықтары бар балаларды оңалту мәселесі – медициналық оңалту, әлеуметтік бейімделу және педагогикалық-психологиялық түзетулер кіретін кешенді тәсілдемеден тұрады. Аурудың ерте кезеңінен бастап балаларды оңалту үшін әрбір аймақтарда тиісті жағдайларды жасау қажет. Бұл жақсы нәтижелерге қол жеткізудің мүмкіндіктерін арттырады, - дейді Владислав Трифонов.

Балаларды оңалту процесі 21 күнді алады. «Дені сау балалар» жобасы аясында БЦС диагнозы қойылған 132 бала курстан өтеді деп жоспарлануда. Балалармен жұмыс жасау үшін осы облыстағы барлық жоғары тәжірибелі дәрігерлер мен мұғалімдер тартылды.

- Ерекше балалардың ата-аналары соқтығысатын мәселелер – біздің ортақ мәселеміз. Өкінішке орай, балалардың церебральды сал ауруы түбегейлі емделуге келмейді. Алайда, Маңғыстау облысы әкімдігінің, «Самұрық-Қазына» әл-ауқаты ұлттық қорының және орталықтағы мамандардың қолдауымен, бәріміз біріге отырып ортақ балаларымызға көмек көрсете алатынымызға сенемін. Барлық балалардың уақытылы және жиі оңалту көмектерін алуы үшін Қазақстандағы БЦС мәселесін шешкіміз келеді, - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас.

7 қараша күні «Дені сау балалар» жобасы аясында емделудің алғашқы курсы аяқталды. Бірінші курстың қорытындысы бойынша 22 бала невропатологтан кеңес алып, физиологиялық емдеуден, сондай-ақ, массаж бен емдік дене тәрбиесі курсынан өтті. Оңалтудың бірінші курсы оң нәтижелерін берді. Балалардың көбінде жағымды өзгерістер бар: жалпы бұлшық ет тонусы нығайтылды, ұсақ моторика жақсара бастады. Медициналық орталықтың курсынан өткен 22 сәбидің екеуі өмірлеріндегі алғашқы қадамдарын жасады.

Анықтама үшін: 2015 жылдың 15 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес медициналық орталық есебінде 99 бала тұрды, ал соңғы мәліметтер бойынша есепте - 266 бала тұр. Тек 2015 жылы «Жұлдызай» орталығында ортопедпен - 222 балаға, невропатологпен - 233 балаға, логопедпен - 109 балаға кеңес берілді. Нәтижесінде 2015 жылы Жаңаөзенде білікті дәрігерлермен 5 ота жасалды, солардың ішінде – литвалық балалар ортопеді Кестутис Санюкас бар. 2015 жыл бойынша ең жарқын нәтижелердің бірі – екі бала өздерінің алғашқы қадамдарын жасады.


Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Соңғы жаңарту : 2016-11-29 12:38:41

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz