Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Маңғыстау облысының денсаулық сақтау қызметкерлері ғұламаларға арналған ойында бақ сынасты

02.12.2016
18:39:51
0

Ақтау қаласында облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері арасында «Данышпан-2016» зияткерлік ойыны өтті.

Маңғыстау ғұламаларының сайысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мерейтойы аясында алғаш рет облыстық салауатты өмір-салтын қалыптастыру орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Зияткерлік сайысқа облыстық қан орталығы, Ақтау қалалық №1 мен №2 емханалары, №2 Жаңаөзен қалалық емханасы, Бейнеу аудандық орталық ауруханасы және Мұнайлы аудандық ауруханасы атынан барлығы алты команда қатысты.

Ойынның шарты бойынша командалар төрт айналымнан өтуі қажет. Бірінші айналымда ойыншылар «Тарих», «Биология», «Логика» және «Қызыққұмар ғаламтор» категорияларынан сұрақтар таңдай алды. Кейін олар жылдамдыққа «Сурет пен бейне сұрақтар» және «Көрерменнен сұрақ» категориялары бойынша жауап қайтаруға жарысты.

Соңғы айналымда ғұлама атағы үшін команда капитандары бақ сынасты. Зияткерлік ойынның нәтижесі бойынша үшінші және екінші орынды №1 Ақтау қалалық емханасы мен №2 Ақтау қалалық емханасы жеңіп алды. №2 Жаңаөзен қалалық емханасының қызметкерлері үздік зияткерлік команда деп танылды. Әділ-қазылардың шешімі бойынша №2 Ақтау қалалық емхана командасын басқарған Мақсат Челяев үздік капитан атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. 


Соңғы жаңарту : 2016-12-02 18:39:51

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz