Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Ақтауда жас дәрігерлер шеруі өтті

03.12.2016
19:05:49
0

3 желтоқсан күні Ақтау қаласында жас дәрігерлердің форумы өтті. Форум барысында дәрігерлер денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен өздерінің тәлімгерлерінің алдында халыққа адал қызмет етуге уәде берді.

Жас мамандарды облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов құттықтады.

- Сіздерді денсаулық сақтау саласындағы алғашқы қадамдарыңызбен құттықтаймын. Медицина қызметкерінің біздің қоғамдағы рөлі әрқашан маңызды әрі қажетті болғаны әрдайым естеріңізде болсын. Ұлт денсаулығы – Гиппократ шәкірттерінің біліктілігіне, ұқыптылығына, мейірімділігіне байланысты екенін әрбір дәрігер білуі қажет. Сіз адамдарға саулық пен қуаныш сыйлайсыздар, қиын уақыттарда сізден көмек алған жандар шын жүректен алғыс айтады. Еңбек жолдарыңыз жемісті де баянды болсын. Денсаулық сақтау ардагерлерінің қажырлы еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі алдында барлық медицина қызметкерлеріне зор денсаулық тілеймін, - деді Бекмұрат Жүсіпов.

Жас мамандарға арналған құттықтау тілектерімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, облыстық денсаулық сақтау саласының басшысы Марал Қадыр және осы саланың ардагерлі сөз сөйледі.

2016 жылы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласы 60 жас маманмен толықты. Көбісі, жалпы тәжірибе дәрігерлері. Ақтау қаласындағы медициналық мекемеде – 29, Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында және Жаңаөзен қаласында – 31 дәрігер қызмет етеді.

Жас мамандардың форумында айтылғандай, қазіргі уақытта шалғайдағы елді мекендерге медициналық қызмет көрсету, соның ішінде, санитарлық авиация қызметінің арқасында 100%-ды құрап отыр. Жыл сайын тұрғындар саны артып келеді. Тәуелсіздігімізді алған кезде, 1991 жылы облысымызда 8000 бала дүние есігін ашса, биыл нәрестелердің саны 20 000-ға жетті.

Осы жылы денсаулық сақтау саласына 18 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыстың медициналық мекемелерінде 1843 дәрігер және бес мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс жасайды. 


Соңғы жаңарту : 2016-12-03 19:05:49

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz