Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

06.12.2016
16:01:08
0

6 желтоқсан күні Ақтауда Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында «ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты республикалық театр фестивалі басталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге республика аймақтарынан алты жəне Ресейден Дағыстан Республикасының Ноғай театры келді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгін бастау алып, алдағы уақытта  екі жылда бір өтетін дәстүрлі фестивалға ұласатын «ӘБІШ ӘЛЕМІ» - ұлттық театр өнерін дамытудағы тың серпін болмақ.

- Фестиваль мақсаты – заманымыздың заңғар жазушысы, кемел ойлы мемлекет жəне қоғам қайраткері Əбіш Кекілбаевтың көркем əдеби мұраларын, оның ішінде драматургиялық туындыларын насихаттау, кітаптан – сахнаға, сахнадан көрермен көңілінің  төріне шығару болып табылады. Осылайша оның суреткерлік қырларын танытумен қатар ел тəуелсіздігі, ұлттық руханият тұғырлары мəселелеріндегі азаматтық ұстанымын жас ұрпаққа үлгі ету, - дейді Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының директоры Нұрнияз Мұханов.

Үш күнге созылатын фестивальдің жабылуы жəне марапаттау рəсімі 9-желтоқсан күні Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында өтеді. Фестиваль жеңімпаздары сегіз аталым бойынша марапатталады. «Ең үздік қойылым» - Əбіш Кекілбаев атындағы Бас жүлдемен атап өтіледі. Басқа да кəсіби аталымдарға қоса облыс əкімінің арнайы жүлдесі тағайындалған.

Қазақстан мен Дағыстан Республикалары арасындағы мəдени қарым-қатынастар жөніндегі ынтымақтастық аясында жəне ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне тарту ретінде Ноғай театры Қарақия ауданының орталығы Құрық аулына баруды жоспарлап отыр. 


Соңғы жаңарту : 2016-12-06 16:01:08

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz