Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Ақтауда І аймақтық «Әбіш оқулары» конкурсының жеңімпаздары анықталды

08.12.2016
17:52:45
0

Ақтау қаласында 5-8 желтоқсан күндері аралығында І аймақтық «Әбіш оқулары» атты конкурс ұйымдастырылды. Батыс өңірінің 4 облысын әрқайсысы 10 оқушыдан тұратын командалар таныстырады.

Байқаудың алғашқы кезеңі 6 желтоқсан күні М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында өтті.

7 желтоқсан күні, конкурстың екінші кезеңінің барысында қатысушылар үй тапсырмалары бойынша – Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу және абыз ағаның шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түсті. Шығармашылық байқау аясында оқушылар Әбіш Кекілбаев шығармаларын зерделеуден өздерінің жобаларын ұсынып, ал жас дарын иелері халық жазушысына және оның шығармашылық жолына арнап өз туындыларын оқып берді. Сайыстың соңғы кезеңінде қатысушылар жазушының шығармаларынан сахналық қойылымдар қойды.

- Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп отыр. Байқаудың мақсаты – халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Әбіш Кекілбаевтың  шығармаларын насихаттау, сол арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту болып табылады. Сайысқа Республиканың Батыс өңірі – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан барлығы 41 оқушы қатысты, - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.

Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу конкурсы бойынша бірінші орынды Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласындағы №47 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Сәкен Жұмабаев жеңіп алды. Батыс-Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, С.Меңдешов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Есей Ыбрайқұлов мәнерлеп оқудан жеңімпаз атанды. Ал жазушының шығармаларын зерделеу бойынша жоба байқауынанАқтөбе облысы №56 орта мектептің 10 сынып оқушысыАдия Ғабиденованың жұмысы ең үздік деп танылды. «Жас дарындар» номинациясы бойынша бірінші орынды Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы орта мектептің  11 сынып оқушысы Сұңғат Амангелдиев иеленді.

Жазушының шығармалары бойынша Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі лингвистикалық гимназиясының оқушыларының «Абылай хан» драмасы, «Сайыс» бөлімінен көрсеткен үзіндісі үздік сахналық қойылым деп танылды. 


Соңғы жаңарту : 2016-12-08 17:52:45

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz