Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Ақтауда өңірдің кәсіпорындары үшін техникалық мамандарды даярлауда білім мен өндірістің өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды

08.12.2016
18:09:57
0

Ақтауда өңірдің кәсіпорындары үшін техникалық мамандарды даярлауда білім мен өндірістің өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды

2016 жылдың6 желтоқсан күні Ш. Есенов атындағы КМТИУ-де «Өңірдің кәсіпорындары үшін техникалық мамандарды даярлауда білім мен өндірістің өзара әрекеттестігі»атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «КазНИПИмұнайгаз» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «SMART-EX» ЖШС, «МАЭК-ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ЖШС,  «ЖолаушыАқтау» ЖШС, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, «Best-Ingineering-Project-Aktau» ЖШС, «WhitePearl жоба-құрылыстық корпорациясы» ЖШС, «Нияз-Мұхаммед» ЖШС, «Мұнайгазжоба» ЖШС, «DeluxeDesign» ЖШС, «CASPI BITUM» БК» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «ҚарақұдықМұнай» ЖШС, «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасының, «ЖерҒӨО» департаментінің, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының өкілдері қатысты.

Университет ректоры Әділбек Ботабеков өзінің кіріспе сөзінде білім жүйесі мен өндіріс арасында диалог болуының маңызын айтып, осы дөңгелек үстелдің мақсаты жұмыс берушілердің кадрларды дайындау жөнінде сұрақтары мен ұсыныстарын қарастыру екенін белгіледі.

Алғы сөзден кейін, «Мұнай және газ» және «Көлік және құрылыс» факультеттері бойынша баяндамамен «Мұнай және газ» факультетінің деканы А.А.Сейдалиев сөйледі. Ол техникалық мамандарды даярлаудың қазіргі жәй-күйі мен мәселелері туралы баяндады. Техникалық мамандықтарда оқитын студенттердің өндірістік тәжірибеден өту сапасы мен сала бойынша қызметке орналасу жағдайлары басты мәселелер ретінде көрсетілді. Сонымен бірге әр студенттің сапалы дайындығы үшін теориялық және практикалық базаны ұштастыра алуының да университет пен жұмыс берушілер үшін маңыздылығына баса назар аударылды.  Баяндамашы университеттің оқу-зертханалық базасының мүмкіндіктеріне баға беріп, республика көлемінде дараланатынын және студенттердің өндірістік қызметке жан-жақты машықтанып шығуына жағдай жасайтынын сөз етті.

Дөңгелек үстел барысында сөз алғандар қатарында «ҚазАЗОТ» ЖШС «Шағырлы-Шөмішті» филиалының директоры А.М.Меңдібаев, Маңғыстау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры К.Э.Алмагамбетов, «ӨзенМұнайГаз» АҚ қызметкерлерді басқару және дамыту басқармасының инженері М.Г.Ақын және «Маңғыстау облыстық жер қатынастар басқармасы» ММ бөлім жетекшісі М.М.Үсенов болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы да студенттердің дайындығы мен қызметке орналасуы барысындағы өзекті мәселелерді тақылауға белсенді атсалысты. Олар шара соңында КМТИУ тәлім алушыларының білім сапасы мен қызметтік машықтану сұрақтарын шешудің маңыздылығына тоқталып, дөңгелек үстелді ұйымдастырған университет басшылығына ризашылығын жеткізіп, көтерілген мәселелерді шешуде өз тараптарынан да белсенділік танытуға дайындықтарын білдірді.

Техникалық кадрларды дайындауда тиімді ынтымақтастық құру мақсатында Ш.Есенов атындағы КМИТУ университеті мен «КазАзот» ЖШС, сондай-ақ «Ойл Транстпорт Корпорейшэн» ЖШС арасында ынтымақтастық Меморандумы бекітілді.


Соңғы жаңарту : 2016-12-08 18:09:57

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz