Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда «Білімді Қазақстан» атты зияткерлік конференция өтті
Добавлено: 09.12.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 12

Ақтауда «Білімді Қазақстан» атты зияткерлік конференция өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай, облыстың білім беру қызметкерлерінің арасында «Білімді Қазақстан» зияткерлік конференциясы өтті.

Сондай-ақ, конференцияға мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, арнайы білім беру саласындағы  ардагерлер қатысты.

Білім саласын қаржыландыру мөлшері 1991 жылы – 1,4 млрд. теңгені құраса,  2016 жылы – 47,7 млрд-қа жетті.

- Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен  «Білім туралы»  Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, білім мен ғылымды дамытуға, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бірнеше нормативтік құқықтық актілер  қабылданды. 12 жылдық және үш тілде білім беру, 5 күндік оқу аптасы, бірыңғай мектеп формасын таңдау, жоғары сыныптарда физика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту секілді маңызды мәселелер қолға алынды. Облыс бойынша 23 мектеп пилоттық режимде жоғары сыныптарда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыруда. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында да жүйелі жұмыстар атқарылуда, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

Конференция барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева мен облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова жетістікке жеткен мұғалімдерді аймақ басшысының алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы