Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Ақтауда «Жас тұлпар-2016» байқауының жеңімпаздары марапатталды

07.12.2016
16:11:54
0

7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жас тұлпар-2016» байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Луара» қоғамдық қорының қолдауымен өткізілген конкурстың мақсаты – әр саланың жас майталмандарын ынталандыру, олардың өз ісіне деген шексіз махаббатын ояту болып табылады.

Қырық үміткер бақ сынасқан байқауда 10 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Мұнайлы ауданы, № 5 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Талғат Меңдіғалиев «Жас мұғалім» номинациясын, ал Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігері Талғат Битимов «Жас медицина қызметкері» атағын жеңіп алды. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қырағы көз», «Нысана» бағдарламаларының жүргізушісі Жәмиля Қибасова жылдың  «Жас журналисті» атанды. Ақтау қалалық ІІБ мамандармен жұмыс бөлімінің инспекторы Мархабат Ельбаева «Үздік құқық саласының қызметкері» номинациясын иеленсе, Бейнеу ауданының тұрғыны Жаңылсын Имашева спорт саласының үздігі атанды.

- Туризм саласын дамыту мақсатында 0,21 га аумаққа балаларға және жаттығуға арналған ойын алаңдары, мерекелік сахна сынды туристік бағыттағы арнайы орын салып жатырмыз. Ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай алдағы уақытта салтанатты түрде тапсырылады, - дейді «Үздік жас көшбасшы» атағын жеңіп алған «Түпқараған жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбек Мағдатов.

Биыл «Жас кәсіпкер» мәртебесіне «Водолей» ЖШС директоры Нұрлан Төреғалиев, «Жас мұнайшы» атағына «Бузачи Оперейтинг ЛТД» инженері Армат Қаражанов, ал «Жас дарын» номинациясына М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония әншісі Асылбек Құрманов лайық деп танылса, облыстық жастар ресурстық орталығының ерікті жасы Нұрбек Шүкірбаев жылдың «Жас еріктісі» атанды.

Жеңімпаздарды танымал эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиев пен облыстық мәслихат депутаттары марапаттады.  


Соңғы жаңарту : 2016-12-07 16:11:54

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz