Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


«БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ...»

20.12.2016
18:09:18
0

17 желтоқсан күні «Достық үйі» ғимаратындаМаңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған  «Болашаққа бастар жол...» акциясы аясында театрландырылған қойылым конкурсы өтті.

  Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихын, желтоқсан құрбандарын еске алу. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, жастардың бойындағы актерлік қабілеттерін шыңдау. Конкурсқа Маңғыстау облысының ЖОО мен арнайы орта білім беру орындарының студенттері қатысып, жалпы 7 команда өнер көрсетті.

- Қатысушылар кәсіби актер болмаса да жүректі сыздатып, жан тебірентер қойылымдар  қойды.  Әрқайсысы өз рөлдерін шебер сомдады. 1986 жылдың қанды желтоқсан оқиғасын суреттеп, тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақтың батыр ұл-қыздарының образдарын аша білді. Талантты жастардың қойылымдарын тамашалаған көрермендер де көздеріне жас алмай қоймады, - дейді Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина.

  Конкурста өнер көрсеткен командалардың мықтыларын әділ-қазы алқалары  анықтады. Өнер көрсеткен әр команданы түрлі номинация бойынша марапаттады.  Ал, мықтылардың ішінен суырылып шығып, бірінші орынға ие болған М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжінің «Мәңгілік Ел» командасы. Екінші орынды – «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің» «Желтоқсан жаңғырығы» командасы алса, үшінші орынды – «Ақ жол – жастар» жастар қанаты иеленді. Жүлделі орындарға ие болғандар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 


Соңғы жаңарту : 2016-12-20 18:09:18

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz