Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Сұхбат алаңы

21.12.2016
11:58:45
0

«Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ

президенті Ж.А.Ахметова






Жаңа Әдеп кодексінің талаптары

-  Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі туралы айтып берсеңіз?

Тәуелсіздіктің  25 жылдығы кезеңінде қазақстандық мемлекеттік қызметшінің кәсіби тұлғасы қалыптасуда  мемлекет тарапынан жаңа Заңдар қабылданды.Мемлекеттік қызметкер әр уақытта мінсіз болу қажет екендігі белгілі. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі күшіне енген болатын. Әсіресе, мемлекеттік қызметке жаңа келген мамандар Әдеп кодексімен танысып, ондағы ереже-заңдарды қатаң ұстануы тиіс. Ал, ең бастысы, биылдан мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақыттың өзінде қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметкер әдеп нормаларын сақтап жүру қажет.

-  Мемлекеттік қызметшілерге жаңадан енгізілген талаптар қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?

Жаңадан енгізілген талап бойынша мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған. Сондай-ақ, еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдап, мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалану нақтыланған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті, есімінің аталуына жол бермеуі, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс.

Ал, ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің жеке өміріне байланысты талаптар тіпті күшейген. Енді олар қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас болғаны былай тұрсын, той-томалақтарда да көңіл көтеруге тыйым салынған. Сондай-ақ, оларға көрінген жерде қызметтік куәлігін алға тартып, лауазымын пайдалануға шектеу қойылып отыр.

Ал, олардың тәртібін жаңадан құрылған Әдеп кеңесі қарайтын болады. Яғни, енді Тәртіптік кеңес деген болмайды. Ал, Әдеп кеңесінің құзыретіне Әдеп кодексінің талаптарын бұзған қызметкерге айыппұл салудан бастап, қызметінен босату жазасына дейін тағайындау құқығы беріледі. Сондай-ақ, жаңа кодекс талаптарына сай енді мемлекеттік қызметші қызметтік куәлігін кез келген жерде көрсетіп, лауазымын пайдалануға құқысы жоқ.

Осындай өзгерістер алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің имиджін нығайтуға және мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға үлкен үлес қосатыны белгілі.

Соңғы жаңарту : 2016-12-21 11:58:45

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz