Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қоғамды демократизациялау жолында

01.02.2017
16:34:37
0

Достық үйінде ҚР Президентінің бастамалық етуімен қабылданған конституциялық реформаларды талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, аналар Кеңесі, «Жас Отан» жастар қанатының,  «Хазірет» жастар ұйымының, «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ауған соғысының ардагерлері және басқалар қатысты. Кездесуді ұйымдастырушылар Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының секретариаты мен «Қоғамдық келісім» ҚММ.

- Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде жарияланған шешімді толықтай қолдайды. Біз өз алаңымызды әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға, соның ішінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Үндеуін талқылау және түсіндіру жұмыстарына ұсынуға дайынбыз. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «бүгінде әлем көз алдымызда өзгеруде. Қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да өсіп келеді. Біз тарихтың біздің алдымыздан сөзсіз шығаратын жаһандық және аймақтық сын-тегеуріндерге қалай жауап беретінімізді бүгіннің өзінде ойлануымыз қажет. «Нұр Отан» партиясының ХVІ съездінде мемлекет Басшысы белгілеп берген Бес институционалдық реформада барлық қоғамдық институттардың құрылымдық қайта жасақталуын тереңдете отырып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді жақындатуға шақырады.

Қызметтерді ауқымды түрде қайта қарастыру ең бастысы етіп жалпы алғанда Үкіметтің және оның мүшелерінің жеке жауапкершіліктерін арттыру мәселесін атайды. Осылайша, жаңа ақиқат қалыптасып, сол жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыс істейтін болады. Бұл бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру және дамытудағы мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы үндеуімен анықталған мемлекеттік саясатының логикалық жалғасы, - деді Амангүл Джайлханова, Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» ҚММ жетекшісі.

Жиналғандарға Президент Н.Назарбаевтың өкілеттігін мемлекеттік биліктің тармақтары арасында қайта бөлуі туралы халыққа үндеуінің бейнесюжеті көрсетілді. Бейнесюжетті қарап болған соң қатысушылар өз пікірлерімен және көзқарастарымен бөлісті:

- «Бүгінде әлем көз алдымызда өзгеруде. Қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да өсіп келеді», – деп атап көрсетеді мемлекет Басшысы Қазақстан халқына үндеуінде, сондықтан, менің ойымша, елдің дамуы үшін, халқымыздың болашағы үшін Президент қана емес, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтары жауапты болуы тиіс. Бұл бүгінгі таңның әділ де заңды қажеттілігі. Президенттің өкілеттігін мемлекеттік биліктің тармақтары арасында қайта бөлуі туралы шешімі – бұл бір күнде қабылданған шешім емес. Биліктің атқарушы тармағы ретінде Үкімет те, заң шығарушы тармағы ретінде Парламент те бүгінде нығайып, барынша тәжірибе жинақтады және әртүрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді заманына сай шешуге, парасатты заңдар әзірлеуге және олардың орындалуына бақылау жүргізуге қабілетті.

Біз осының барлығының болашақта биліктің барлық тармақтарына үйлесімді және нәтижелі жұмыс істеуіне, сонымен қатар, сәйкес теңгерімдер мен қайшылықтардың жасалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Барлығына белгілі, бұл өзгерістер біздің қоғамымызы демократизациялауға бағытталған маңызды мақсаттарды көздейді. Сондықтан, біз, қоғамдық қорлардың, МЕҰ өкілдері тұрғындар арасында түсіндіру, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, кездесулер ұйымдастырып, халыққа Үкімет пен Парламенттің алдына қойған мемлекет Басшысының міндеттерін түсіндіретін боламыз. Бұл әсіресе, біздің еліміздің жайлы болашағын жасайтын жастар үшін маңызды болмақ. Біз бұл шешім елдің бұдан әрі дамуы мен гүлденуіне септігін тигізетін дұрыс шешім деп есептейміз, - деді Жақсыгүл Маханбетова, «Жастар жетістігі» ҚҚ төрайымы.

Аналар Кеңесінің мүшесі Рафига Насибова да сырт қалмай, мемлекет Басшысының шешіміне қолдау көрсетті.

- Біз басшымыздың болып, оның бізді жетектегеніне және оның соңынан еруге үйреніп алғанбыз. 25 жыл ішінде еліміз адам сенгісіз табыстарға қол жеткіздік. Сайлауда әрқашан да дауыстың басым көпшілігі біздің Президентіміздікі болатын. Оны халықтың өзі сайлады, себебі бұл  сынақтан өткен адам, сөзіне ісі сай адам. 25 жыл ішінде ол бұны дәлелдей және көрсете алды. Ендігі кезекте Үкімет пен Парламенттің алдында халықты мемлекет Басшысы белгіленген 100 қадам бойынша алға жетелеу міндеті тұр. Біз билікті қайта бөлу туралы Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдаймыз, себебі ол қоғамымызды одан әрі демократизациялауға бағытталған. Парламенттің рөлінің күшеюі мен Үкіметтің өздігінше молынан жұмыс істеуі дәл осы жолмен жүруге әкеледі деп ойлаймын. Бұл өте маңызды және озық қадам. Ұлт Көшбасшымыз мақсаты елді одан әрі дамытуға, оның әл-ауқатын нығайтуға бағытталған ақылмен сараланған саясатты ұстанып отырғанын тағы көрсетті. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа түрін білдіреді. Бұл ретте, бірқатар өкілеттілігін бере отырып, Президент ел Конституциясы мен Қазақстанның табысты дамуының кепілі болып қалады, - деді Рафига Насибова.

Дереккөзі: Ogni.kz сайты. Авторы: Айнұр Құбланова.


Соңғы жаңарту : 2017-02-13 11:36:08

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz