Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ 2016 жылғы бірінші жарты жылдыққа жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу қорытындысы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

01.02.2017
16:49:03
0

«Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ 2016 жылғы бірінші жарты жылдыққа жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу қорытындысы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (одан әрі – ішкі талдау) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығын (одан әрі - Қағида) басшылыққа ала отырып жүргізілді.

«Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-мен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық әзірлеу және ішкі талдау жүргізу уақыты тамыз айының 01 мен қараша айының 07 аралығын қамтыды.

  Ішкі талдау жүргізуші жұмысшы тобымен жоғарыда аталған «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» МҚІМ-нің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібін басшылыққа ала отырып, ішкі талдаудың бағыттары (8-тармағы) бойынша мекеменің өз қызметінде қоданылатын заңнамалар, кодекстер, нормативті-құқықтық актілер, құқықтық актілер ескерілді.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін беделін түсіретін өкілеттік пен ережелер анықталған жоқ.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бұйрықтың 8-тармағына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

1.Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және

құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2.  Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  «Маңғыстау облысы әкімдігінің аппараты» ММ Ақтау қаласының Әділет басқармасында 1999 жылы 12 сәуірде қайта тіркелді.

Қазіргі таңда өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдары мен Заңнамаларына, ҚР Президенті мен Үкіметінің құқықтық актілеріне және мекеменің қабылданған Ережесіне сәйкес атқаруда.

  Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік – құқықтық актілерде және құқықтық актілерде (регламенттер, ережелер, қаулылар, бұйрықтар, өкідер және т.б.) сыбайлас жемқорлыққа тәуекел етуге, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Маңғыстау облысы әкімдігі аппаратының және әкімінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне

жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелеріне

ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу қағидасына сәйкес 2016 жылдың 1-жартыжылдығында Маңғыстау облысы әкімдігінің қолданыстағы 131 нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – НҚА) төмендегідей құқықтық мониторинг жүргізілді:

1. 

«Қарақия ауданының Ботагөз  селолық округін тарату туралы»  Маңғыстау  облысының әкімі мен Маңғыстау облыстық мәслихатының 20.06.2001жылғы № 12/105 шешімі

2. 

«Маңғыстау ауданының Шебiр селолық округiн құру туралы» Маңғыстау облысының әкімі мен Маңғыстау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 16/152 шешімі

3. 

«Облыс мекемелерінде, ұйымдарында, кәсіпорындарында ведомствалық, жеке мұрағаттар құру  туралы» Маңғыстау облысының  әкімиятының  26.03.2004ж. № 74 қаулысы

4. 

«Маңғыстау облысының әкімшілік аумағындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту  туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 6.04.2005ж.  №10/157  шешімі және Маңғыстау блыстық әкімиятының 10.03.2005ж.  № 101  қаулысы

5.                                              

«Тельман елді мекенін Сайын Шапағатов елді мекені деп  атау туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.09.2005ж. №12/217 шешімі және  Маңғыстау облысы әкімиятының 27.07.2005ж. № 240 қаулысы

6. 

«Ақтау қаласының Өмірзақ кенті мен Маңғыстау селосының әкімшілік – аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.09.2005ж.  №12/214 және Маңғыстау облысы әкімиятының 28.09.2005ж. №263 қаулысы

(26.02.2016 ж.№32/484 және 26.02.2016 № 59 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

7. 

«Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 06.12.2005ж. № 13/233  және Маңғыстау облысы әкімиятының 29.11.2005ж. № 319 қаулысы (21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

8.  

«Сайөтес селолық округінің құрамында Боздақ селосын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 30.03.2006ж.  №15/258  шешімі  және  Маңғыстау облысы әкімиятының 15.03.2006ж. № 80 қаулысы

(21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

9. 

«Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округінің құрамында Тәжен ауылын құру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.07.2006ж. №16/288 шешімі және Маңғыстау облысы әкімиятының 31.05.2006ж. № 188 қаулысы (21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

10.

«Өмірзақ кентін ауыл /село/ санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.07.2006ж. №16/289 шешімі және Маңғыстау облысы әкімиятының 24.07.2006ж. №239 қаулысы

(21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

11.

«Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.10.2007ж. №2/17 шешімі  және Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.10.2007ж. № 327-2 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014 № 127қаулысымен және Маңғыстау облысы мәслихатының 27.05.2014 № 17/265 шешімімен өзгерістер енгізілді)

12.

«Маңғыстау ауданының Отпан селолық округін құру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.10.2007ж. №2/16 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.10.2007ж. № 327-1 қаулысы

(21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

13.

«Жаңаөзен қаласының Теңге кентін «ауыл» санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 11.12.2007жылғы №3/30 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.11.2007 жылғы № 448 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2014ж. № 40 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.02.2014ж. № 15/235 шешімімен өзгерістер енгізілді)

14.

«Бейнеу ауданының Қызыләскер селосын Сам селосы деп атау туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11желтоқсандағы №3/29 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 447 қаулысы

(21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

15.

«Бейнеу ауданының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 12.02.2008ж. № 4/54 шешімі және Маңғыстау облысының әкімдігінің 17.01.2008ж. № 29 қаулысы

16.

«Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.03.2008ж. № 181қаулысы (23.12.2008ж. № 2631 әкімдік  қаулысымен  толықтыру  енгізілді

14.10.2009ж. №2788 әкімдік  қаулысымен  өзгеріс пен толықтыру  енгізілд,і 22.06.2010ж. №237 әкімдік қаулысымен  толықтырулар  енгізілді, 03.09.2010ж. №331 әкімдік  қаулысымен  толықтырулар  енгізілді 10.11.2010ж. № 390 әкімдік  қаулысымен  өзгеріс пен толықтыру  енгізілді,

28.07.2011ж. № 223 әкімдік  қаулысымен толықтыру  енгізілді; 29.04.2013ж. № 118 әкімдік  қаулысымен  өзгерістер енгізілді

17.

«Ақтау-Бозашы  және  Қарағия-Қаракөл мемлекеттік табиғи  (зоологиялық) қаумалдар  аумағында  шаруашылық  қызметін  шектеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.06.2008ж.  №407 қаулысы

18.

«Мұнайлы ауданының әкімшілік – аумақтық құрылысындағы өзгерістер  туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2008 жылғы № 10/125 шешімі  және Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.11.2008жылғы  № 2207 қаулысы

(21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

19.

«Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының шекарасын белгілеу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2008 жылғы №10/124 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2008 жылғы № 2235 қаулысы

20.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға берудің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.03.2010 жылғы № 97 қаулысы, Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.04.2010 жылғы  № 24/278 шешімі

21.

«Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селолық округын құру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/304 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 266 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.07.2014№ 187 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 30.07.2014 № 18/281 шешімімен, облыс әкімдігінің 29.07.2015 ж.№224 және  облыстық мәслихаттың 29.07.2015 ж.№ 27/413 шешімімен өзгерістер енгізілді)

22.           

«Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы»  Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.07.2010 жылғы № 279 қаулысы

23.

«Мұнайлы ауданының Батыр селолық округын құру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 35/404 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің № 218 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014ж. № 127 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.05.2014ж. № 17/265шешімімен өзгерістер енгізілді)

24.

«Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 361 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 39/450 шешімі

(05.12.2012 жылғы № 307 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 07.12.2012 жылғы № 7/92 шешімімен өзгерістер енгізілді, 10.12.2015 ж.№29/450 және 10.12.2015 № 384 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

25.

«Маңғыстау облысының агроөнеркәсiптік кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.09.2012 жылғы № 213 қаулысы

26.

«Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы

5 желтоқсандағы № 308 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/82 шешімі

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.12.2013ж. № 344 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2013ж. № 13/204 шешімімен өзгерістер енгізілді), (21.05.2015 ж.№25/390 және 21.05.2015 № 148 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

27.

«Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін «ауыл (село)» санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/119 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы

№ 70-1 қаулысы (11.12.2014 ж.№21/331 және 09.12.2014 № 308 бірлескен шешіммен және қаулымен өзгертілген)

28.

«Түпқараған ауданының Баутин поселкесін "ауыл" санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 189 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 11/165 шешімі

29.

«Түпқараған ауданының «Дана», «Жарас», «Әулет» шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 288 қаулысы

30.

«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeciнің ережесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 46 қаулысы

(Өзгерістер енгізілді 26.09.2014. № 234 (МТН № 2516),  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді  08.05.2015. № 142 (МТН № 2730),

31.

Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 65 қаулысы

32.

«Қызылсай селолық елді мекенін «ауыл» санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысы және Маңғыстау облысы мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 17/255 шешімі

33.

«Рахат ауылын құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 125 қаулысы және Маңғыстау облысы мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 17/254 шешімі

34.

«Түпқараған ауданының Таушық, Қызылөзен және Ақшұқыр елді мекендерін «ауыл» санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 186 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/277 шешімі 

35.

«Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeciнің ережесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 216 қаулысы

36.

«Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын  ақшалай үлес төлеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 қаулысы (16.10.2015 ж.№316  қаулымен өзгертілген)

37.

«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекетттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 300 қаулысы

38.

«Құрық селолық елді мекенін «ауыл» санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 307 қаулысы мен Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы  № 21/315 шешімі

39.

«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 29 қаулысы

40.

«Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын  бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы  № 54 қаулысы (29.07.2015 ж.№218 қаулымен өзгертілген)

41.

«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 66 қаулысы

42.

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы  № 33 қаулысы

(19.02.2016 ж.№44 қаулымен өзгертілген)

43.

«Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27ақпандағы  № 53 қаулысы

44.

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 77 қаулысы

45.

«Өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі  № 89 қаулысы

46.

«Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 cәуірдегі № 88 қаулысы

47.

«Маңғыстау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 cәуірдегі № 100 қаулысы

48.

«Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 112 қаулысы (29.03.2016 ж.№74 қаулымен өзгертілген)

49.

«Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 115 қаулысы

50.

«Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 105 қаулысы

51.

«Маңғыстау облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысы

52.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы  № 160 қаулысы

53.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы  № 166 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.02.2016 ж.№35 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

54.

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту  туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы  № 156 қаулысы

55.

«Техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 176 қаулысы (31.12.2015 ж.№416 қаулымен өзгертілген)

56.

«2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 205 қаулысы

57.

«Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі  № 207 қаулысы

58.

«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі  № 218 қаулысы

59.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі  № 230 қаулысы (30.03.2016 ж.№83 қаулымен өзгертілген)

60.

«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі  № 211 қаулысы

61.

«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Манғыстау облысы әкімідігінің  2015 жылғы 29 шілдедегі № 219 қаулысы

62.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімідігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 231 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2016 ж.№182 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

63.

«Маңғыстау облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 213 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.03.2016 ж.№69 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

64.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 216 қаулысы (04.04.2016 ж.№87 қаулымен өзгертілген)

65.

«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 217 қаулысы

66.

«Мал шаруашылығы саласындағы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31шілдедегі № 232 қаулысы

67.

«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2016 ж.№178 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

68.

«Маңғыстау облысында тауарлық газын тұтыну нормаларын бекіту  туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 тамыздағы № 235 қаулысы

69.

«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы

№ 240 қаулысы

70.

«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 250 қаулысы

71.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақты өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 05 тамыздағы № 236 қаулысы

72.

«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік  көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11тамыздағы № 241 қаулысы

73.

«Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12тамыздағы № 242 қаулысы

74.

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 243 қаулысы

75.

«Дене шынықтыру және спорт саласында» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 251 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 18.05.2016 ж.№138 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

76.

«ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлік құқықтарын ҚР қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 252 қаулысы

77.

«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 258 қаулысы

78.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 259 қаулысы

79.

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 282 қаулысы

80.

"Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 290 қаулысы

81.

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің және биопрепараттардың құның субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 288 қаулысы

82.

"Туризм саласындағы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2016 ж.№179 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

83.

"Тұқым шаруашылығы саласындағы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 296 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 04.05.2016 ж.№120 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

84.

"Орман шаруашылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 306 қаулысы

85.

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құның субсидиялау»  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 324 қаулысы

86.

«Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 307 қаулысы

87.

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 308 қаулысы

88.

«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 316 қаулысы

89.

«Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 317 қаулысы (Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.05.2016 ж.№122 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

90.

«Қарақия ауданының "Талапкер", "Бейбіт", Мұнайлы ауданының "Жаса", "Ай-Сәрсен" шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 325 қаулысы

91.

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 330 қаулысы

92.

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 331 қаулысы

93.

«Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 332 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.05.16 № 142 және 22.06.2016 ж.№183 қаулыларымен өзгерістер енгізілген)

94.

"Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 333 қаулысы

95.

«Балаларға қосымша білім беру және "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 334 қаулысы

96.

"Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 335 қаулысы

97.

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 338 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.06.2016 ж.№188 қаулысымен өзгертулер енгізілген)

98.

«Орта білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 339 қаулысы

99.

"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың бiлiктiлiгін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 340 қаулысы

100. 

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 341 қаулысы

101. 

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 342 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2016 ж.№176 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

102. 

"Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 343 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2016 ж.№177 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

103. 

«Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 05 қарашадағы № 344 қаулысы

104. 

«Маңғыстау облысындағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулардың тарифтерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 350 қаулысы

105. 

"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 358 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.05.2016 ж.№145 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

106. 

"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 360 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2016 ж.№186 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

107. 

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 362 қаулысы

108. 

«Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекараларын белгілеу туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 383 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/438 шешімі

109. 

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393 қаулысы

110. 

«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 394 қаулысы

111. 

«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 396 қаулысы

112. 

"Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 399 қаулысы

113. 

«Маңғыстау облысында коммуналдық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 410 қаулысы

114. 

«Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 411 қаулысы

(Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2016 ж.№181 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

115. 

«Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 414 қаулысы

116. 

"Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 05 қаулысы

117. 

"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 37 қаулысы

118. 

«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 67 қаулысы

119. 

"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 70 қаулысы

120. 

"Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 қаулысы

121. 

«Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 79 қаулысы

122. 

"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 82 қаулысы

123. 

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 85 қаулысы

124. 

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 98 қаулысы

125. 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері мен нормативтерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 99 қаулысы

126. 

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 мамырдағы № 118 қаулысы

127. 

«Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 06 мамырдағы № 123 қаулысы

128. 

«Бейнеу аудандық әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу тралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысы (облыстық мәслихатымен бірлескен)

129. 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерімен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 154 қаулысы

130. 

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы  әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 187 қаулысы

Есептік кезеңде жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіріп, өзгертулер мен толықтыруларды талап ететін 29НҚА анықталды, оның ішінде қазіргі таңда 10 қаулы бойынша өзгертулер енгізу туралы қаулы қабылданып, мемлекеттік тіркеу үшін Әділет департаментіне жолданған. «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-мен 2015 жылғы 31 шілдедегі № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 04.05.2016 жылғы № 119 қаулысы мемлекеттік тіркеуден бас тартылды. 15.06.2016 жылғы № 174 қаулымен аталған акті күшін жойып, қазіргі уақытта қайта жасақталуда.

Сондай-ақ, «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысының негізінде нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау  мақсатында Қазақстан Республикасы Заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.

Қалған 19 қаулының ішінде 2015 жылдың 2 жартыжылдығынан бері өзгерістер енгізілмеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес «Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-ның 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысы «селолық», «селосының» деген сөздер «ауылдық», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылуы тиіс. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 08.10.2015 жылғы шығыс № 10-11-3702 хатында аталып өткен. Қазіргі уақытта «Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-ның 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы келісуде. Осы қаулыға өзгерістер дер кезінде қабылданбағындақтан №01-23/117-ВН 14.04.2016ж. мекеме басшысының бұйрығымен «Табиғатты пайдалануды реттеу» бөлімінің басшысы Е.Адильбаевқа тәртіптік жаза қолданды.

Сондай-ақ 2016 жылдың 1-жартыжылдығында заңнамаға қайшы келген, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабы 1 бөлігінің негізінде және 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес 8 НҚА осы есептік кезеңде тиісінше күші жойылған деп танылған.

Оның ішінде, 2015 жылдың 2-жартылығында күшін жоюды талап ететін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайданылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-нің 2015 жылғы 15 сәуіріндегі № 104 қаулысы және  «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайданылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-нің 2015 жылғы 15 сәуіріндегі № 140 қаулысы «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-нің 19.02.2016 жылғы № 43 қаулысымен күштері жойылды.

Есептік кезеңде қолданыстағы НҚА жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде оларда сыбайлас жемқорлықтық әрекеттерді жасау және (немесе) шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.

2.  «Маңғыстау облысы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.   «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ бекітілген құрылымына сәйкес қызметшілердің штат саны – 54 бірлік. Нақты мемлекеттік  қызметшілердің саны 51 бірлікті, бос орын – 3 бірлікті құрайды. Оның ішінде саяси қызметшілер саны – 6 бірлікті, «А» корпусы – 1 бірлікті,мемлекеттік қызметшілер – 44 бірлік.

  Сондай-ақ, есептік кезеңде, облыс әкімі аппаратының құрылымына сәйкес төмендегідей 14 бөлім қызмет етеді:

1)  Облыс әкімінің аппараты:   8) Персоналды басқару бөлімі:

Облыс әкімінің режим   Бөлім басшысы

жөніндегі көмекшісі;  Бас инспектор

Облыс әкімінің баспасөз   Бас маман.

қызметінің басшысы;  9) Қаржы және бухгалтерлік

Облыс әкімінің баспасөз   есеп бөлімі

қызметінің бас инспекторы.  Бөлім басшысы

Ассамблеясының хатшылығы:  Бас инспектор

Хатшылық меңгерушісі  Бас маман.

Бас маман.  10)Құжаттамалық қамтамасыз

2)  Мемлекеттік – құқықтық бөлімі  Бөлім басшысы

Бөлім басшысы  Бас инспектор

Бас инспектор  Бас инспектор

Бас инспектор.  Бас маман

3)  Ұйымдық-инспекторлық бөлімі  11) Мемлекеттік құпияларды

Бөлім басшысы  қорғау бөлімі

Бас инспектор  Бөлім басшысы

Бас инспектор  Бас маман

Бас инспектор  12) Ақпараттық технологиялар

Бас инспектор  Бөлім басшысы

Бас маман.  Бас маман

4)  Құқық қорғау органдарымен   Бас маман

жұмыс, жұмылдыру дайындығы   13) Әлеуметтік сала бөлімі

және аумақтық қорғаныс бөлімі  Бөлім басшысы

Бөлім басшысы  Бас инспектор – облыс әкімі

Бас инспектор  жанындағы әйелдер істері және

Бас маман.  отбасылық-демографиялық саясат

5)  Терроризмге қарсы   жөніндегі комиссия хатшысы

комиссия бөлімі  14) Ішкі аудит қызметі

Бөлім басшысы  Бөлім басшысы

Бас инспектор  Бас инспектор

Бас маман.

6)  Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің мониторингі бөлімі

Бөлім басшысы

Бас инспектор

Бас маман

  Сондай-ақ, есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолданылғңан фактілер орын алмады.

Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі қолданыстағы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда. Жұмысқа қабылдау барысында, әңгімелесу жүргізу кезіндегі конкурстық комиссияның отырысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер жөніндегі Министрліктің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

  Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері, мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, өз еркімен қоспағанда, қызметі бойынша жоғарылату немесе төмендету, қызметкерлер арасында мүдделік қақтығыстар және оларды реттеу, жақын тумаластардың, ерлі-зайыптылардың және жақын туыстық қарым - қатынасы бар адамдардың бір қызметте жұмыс істеу фактілері анықталған жоқ.

  Мемлекетік қызмет көрсету

  Азаматтар мен заңды тұлғаларды кестесі мен сенім телефоны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланылып отырады және мекеменің  ресми интернет-ресурстарында көрсетіледі. Облыс әкімі азаматтарды кестеге сай қабылдайды және тиісті органдар, бөлімшелердің басшылары, мамандары қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдаулар жүргізеді.

  Ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, халықпен, қоғамдық ұйымдармен кездесуде және бұқаралық ақпарат құралдарында мекеме қызметінің жай-күйі туралы ақпараттар жариялап отырады және интернет-ресурстарында орналастырады.

  Қазіргі таңға дейін мекеменің қызметіне қатысты жеке және заңды тұлғалардан, азаматтардан арыз-шағымдар түскен жоқ. Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдары уақтылы жан-жақты қаралып, арыз немес өтініш иесіне тиісті заңнамаларға сәйкес жауап қайтарылады.

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығының 3 тармағына сәйкес ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады делінген.

Алайда, қорытындылай келе ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты» ММ-мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу нәтижесінде және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын фактілер анықталған жоқ.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдына алу мақсатында, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен комиссия отырыстары өткізіліп, мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер жөніндегі Министрліктің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің, басқа да қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның қызметтерінде, сондай-ақ, қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында алдын алу шаралары ұйымдастырылды.

Комиссияның кезекті отырыстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру, насихаттау, мемлекетік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен айналысуының себептерін мен салдары қатаң ескеріліп, көптеген мәселелер қарастырылуда.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің №16 бұйрығының  2 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг уәкілетті органмен және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өздерінің бастамасы негізінде жүргізілетіндігі көрсетілген.

Осыған байланысты қазіргі таңға де»ін «Маңғыстау облысы әкімі аппараты» ММ–мен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобының мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерді анықтау барысында, қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелерінде, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды, бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде, прокурорлық қадағалау, сот актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында мынадай шаралар көзделген: мекеменің қызметіне жататын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама ережелерін, заңдарды түсіндіру бойынша, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықты, тұрғындарды жаппай сауаттандыру, әртүрлі іс-шаралар қатарын өткізуді ұйымдастыру, сонымен қоса «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалымен жыл сайын өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптамасы бар «Өзіңнен баста», т.б. науқандарға қатысуын қаматамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің қызмет бабына кіретін кері материалдарға реакциялардың мониторингісі, мекеме қызметі туралы ақпаратты сайтта уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған айдарларды жаңартуды жүзеге асыру. 

Соңғы жаңарту : 2017-02-01 16:55:34

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz