Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Маңғыстауда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

03.02.2017
12:32:39
0

Маңғыстау облысына іссапармен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Мәулен Әшімбаев, Сапар Ахметов, Тарас Хитуов Ақтау қаласының активімен кездеcті.

Еліміздің танымал қоғам қайраткерлері Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа түсіндіру үшін аймақтарды аралауға шықты.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирниг университетінің ректоры Әділбек Ботабеков кездесуге қатысушыларға мәжіліс депутаттарын таныстырып, іссапардың мақсатын түсіндірді.

Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановқа тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарды атап өтті.

-  Бұл табыстарға Елбасының басшылығымен қол жеткіздік. Жолдауда айтылғандай әлемдік қоғамдастық қатарында бәсекеге қабілетті ел болу үшін алдымызда үлкен міндеттер тұр. Елбасымыз негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру келер ұрпақтың борышы, - деді Қуаныш Сұлтанов.

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев ел өміріндегі басты жаңалықтарға тоқталды. Үндеуде айтылған міндеттерді орындау үшін заңдарға өзгеріс енгізу керектігін айтып, азаматтарды талқылауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

-  Бұл өзгерістер уақыт талабына сай енгізіледі. Экономикалық реформалар мен саяси реформаларды қатар алып жүретін кез келді. Еліміздің саяси жүйесін нығайтып, жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Үндеуде айтылған реформалар арқылы парламент пен үкіметтің жұмысына бақылау жасалады. Бұрын жабық жағдайда қабылданған кейбір шешімдер халықтың наразылығын тудыратын. Алдағы уақытта халық мемлекеттік билікті қалыптастыруға тікелей ықпал ететін болады, маңызды мәселелердің барлығы халықтың қатысуымен шешіліп, қабылданатын заңдарымызда көрініс  табады. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіледі, - деді Мәулен Әшімбаев.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирниг университетінің ректоры Әділбек Ботабеков облыс жұртшылығының Елбасының Үндеуі мен Жолдауын талқылауға белсене кірісіп кеткендігін,ал 3 031  студент білім алатын оқу орнында осы мәселелерге байланысты жұмыс тобының құрылғандығын айтты.

- Барлық ұсыныстар жинақталып, Білім және ғылым министрлігіне жолданады. Елбасының Үндеуі мен Жолдауында көрсетілген түйінді мәселелерді түсіндіру үшін халық арасына келген парламент мәжілісінің депутаттарымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз, - деді Әділбек Ботабеков.

Парламент мәжілісінің депутаттары жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


Соңғы жаңарту : 2017-02-13 11:27:59

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz