Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Биліктік өкілеттіліктерді қайта бөліп бекіту халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейді

06.02.2017
11:58:54
0

2016 жылғы 15 желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Президент, Үкімет және Парламент арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесін қарастыратын уақыттың келгені туралы құлақтандырғаны есімізде. Осылайша, мемлекеттің демократиялық даму бағытында ілгері жылжуы белгіленген еді.

Осыдан кейін бір ай уақыт өткенде, 2017 жылғы 25 қаңтарда мемлекет басшысы өзінің Үндеуі арқылы қазақстандықтарды саяси жүйені жаңарту ісіне қатысуға шақырды. Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәнісіндегі бұл реформаның айтарлықтай ерекшелігі – елдің саяси жүйесінің кемелденуін көрсетеді.

Тағы бір ескертетін жағдай, биліктік өкілеттіліктерін өзге билік тармақтарына бөліп беру арқылы өз билігін шектеуді сол билік иегерінің – Мемлекет басшысының өзінің ұсынуы. Мұнда жекелеген партиялардың немесе өзге топтар мүдделерінің басымдығы жоқ, олардың тарапынан билік құрылымдарына қандай да болсын қысым көрсетудің де ешқандай белгісі жоқ.  Қазақстан Президентінің ұсынып отырған конституциялық реформасы – бұл қоғамдағы тұрақтылықты сақтай отырып, саяси жүйені демократияландырудың  неғұрлым жоғары деңгейіне дәйекті түрде біртіндеп жеткізудің эволюциялық даму үдерісі. 

 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Президенттің билік өкілеттіліктерін Парламент пен Үкімет арасында бөліп, бекітудің нақты шараларын сипаттай отырып, бұл билік тармақтарының қаншылықты маңызды рөлге ие болғанын көрсетеді. Ұсынылып отырған өкілеттіліктерге иелік ету, сөз жоқ, олардың жауапкершілігін, дербестігін және өзара үйлесімді әрекеттестігін күшейтеді. Ал бұл, өз кезегінде, басқару жүйесінің нәтижелігін арттыруға және жалпы саяси жүйені әрі қарай демократияландыруға алып келеді. 

Бір қарағанда, бұл реформа тек билік тармақтары арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңаша тәсілдемесін анықтайтын секілді, ал ақиқатында, ол Қазақстанның тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістерді көздейді және әрбір қазақстандықтың өміріне әсер етеді. Қазіргі таңда ұсынылып отырған саяси реформалардың халық пен мемлекеттің өзара қоғамдық қарым-қатынастарына қаншалықты терең бойлайтынын бағалап айту қиын.  

Әлбетте, өкілеттіліктерді қайта бөлудің осы үлгісі бойынша әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда да жекелеген міндеттерді өзгелерге жүктеу орын алатын болады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өзінің кейбір функцияларын Қазақстанның жоғары оқу орындары ассоциациясына, Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорларының кеңесіне немесе тікелей жоғары оқу орнының өзіне беруі мүмкін.  

Қазақстан Президентінің ұсынып отырған конституциялық реформасы біздің жас мемлекетіміздің дамуы үшін аса маңызды. Билік тармақтарының өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерінің күшеюі нәтижесінде саяси жүйенің тұрақтылығы мен мемлекетті басқарудың оңтайлығы артады, ал елде Қазақстан халқының өмірінің сапасы мен әл-ауқатына жағымды әсер ететін терең демократиялық өзгерістер болады деген сенімділік мығым. 

Ә. Ботабеков,

Ш. Есенов атындағы

Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг

университетінің (КМТИУ) ректоры


Соңғы жаңарту : 2017-02-13 11:30:20

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz