Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы бойынша 2016 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы АҚПАРАТ

06.02.2017
12:19:20
0

           Маңғыстау облысында 2016 жылдан бері қазіргі таңға дейін«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңын халық арасында түсіндіру, кеңінен насихаттау, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол бермеу, оған қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, анықтау мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда және жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Сондай-ақ, облыстың  mangystau.gov.kz ресми интернет-ресурсында  ақпараттар толықтырылып және жаңартылып отырады, «сенім телефондары» «облыс әкімінің жеке блогы», «азаматтар өтініші жөніндегі виртуалды қабылдау», «Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру», «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» айдарлары ашылған және жұмыс істейді.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген«ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын» (бұдан әрі - Жоспар) орындау мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің2015 жылғы 29 қыркүйектегі №297 қаулысымен Іс-шаралар Жоспарыбекітілді.

Осыған байланысты, қалалар мен аудандық әкімдіктер, облыстық жергілікті атқарушы органдар мен департаменттер, сондай-ақ өзге де Жоспадың орындалуына жауапты мүдделі органдардан өздеріне тиісті тармақтары бойынша облыс әкімінің аппаратына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Маңғыстау облысы бойынша департаментіне (келісім бойынша) үнемі жолданып отыру міндеттелген және қазіргі таңда аталған Жоспарда көзделген  іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат жолдануда.

Жоспардың1 (5) тармағына сәйкес, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің және облыстық жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында олардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.

Аталған тармақтағы тапсырманы іске асыру мақсатындақазіргі таңда  26 мемлекеттік орган, 5 аудан және 2 қаланың ресми сайттарындаМаңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпаратты қамтамасыз ететін айдарлар ашылып, қызмет етуде.

Іс-шаралардың жүзеге асырылуын  қадағалау мақсатында, облыс әкімі жанындағы сыбайлас  жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өңірлік комиссия құрылды және құрамы бекітілді. Жүйелі түрде жұмыс жоспарына сәйкес отырыстарын өткізіп отырады. Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүзеге асырылуда, оның нәтижелері бойынша шаралар қабылдануда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментімен, Маңғыстау облысы әкімі аппаратымен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, облысқа қарасты үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның аталған органдардың қызметтерінде, сондай-ақ қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында жыл сайын шаралар өткізіледі.

Облыс аумағында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша әртүрлі іс-шаралар, атап айтқанда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, форумдар, брифингтер, тәкелей эфирлер, мәдени және спорттық іс-шаралар, флешмобтар және т.б. шаралар ұйымдастырылды. Яғни,2016 жылдың қорытындысы бойынша:

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында,  жалпы саны –571іс-шара, оның ішінде:405семинарлар және лекциялар,69дөңгелек үстелдер17форум және конференциялар,11 интеллектуалдық конкурстар,19флешмобтар, 32  спорттық іс-шаралар,18бұқаралық акциялар ұйымдастырылды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде баспа басылымдарында арнайы айдарлар ашылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарындажарияланымдардың жалпы саны –658.Олардың ішінде республикалық  БАҚ - 10 (теледидарда –7, баспабасылымдарында - 3), аумақтық БАҚ-ғы жарияланымдар – 648(теледидар –281, радио -22, газеттер -345).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментініңбасшылығымен және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың қатысуымен облыстық«Қазақстан - Ақтау» телеарнасы мен «Жолбаян»радиосында 12 тікелей эфир,«Корупция», «Адалдық пен сатылмаушылық әрбір азаматтың мінез-құлық нормасына айналуы тиіс»атты бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Облыстық«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде«Ел ертеңі», «Резонанс», «Ашығын айтайық» «Көзбе-көз», «Қоғам және әйел»бағдарламаларының жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында арнайы шығарылымдары ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, құқық қорғау органдарымен бірігіп стратегиялық іс-шаралар жоспарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық  «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфиріндеаптасына біррет «Нұр Отан» партиясымен бірлескен «Ел ертеңі», сондай-ақ,  «Дабыл, Дабыл», «Прокурор уақыты», «Менің құқығым»бағдарламалары көрсетілді.

Интернет-ресурстардағы жарияланымдардың саны -190.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, 26 мемлекеттік органның ресми интернет ресурстарында, жергілікті телеарналарда, қоғамдық орындарда орналасқан LED-экрандарда Қазақстан  Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға  арналған іс-шаралар жоспарының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген) 50-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілермен сыйлықтарды қабылдау мен тарту етуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіруге бағытталған орысша және қазақша нұсқадағы «Сенің жоқ дегенің көп нәрсені өзгертеді!» бейнероликтерін орналастыру және трансляциясын тарату жөнінде тапсырмалар берілді.

Бұдан басқа,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен және Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасыменмемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жалпы саны  58билбордәзірленіп, орналастырылды.

Ақтау қаласында – 15, Жаңаөзен қаласында – 8,Маңғыстау ауданында – 7, Мұнайлы ауданында – 7, Қарақия ауданында – 7, Түпқараған ауданында-7 бильбордтан орналастырылған.  Оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелелріне қатысты Ақтау қ. –5, Жаңаөзен қ. –3, Түпқараған, Қарақия Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында –2билбордтан ал,қалған 40-билборд мемлекеттік қызметке қатысты.

Сондай-ақ,2016 жылыІшкі саясат басқармасымен  2016 жылға арналғанмемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында  2 595 000 теңгекөлеміндегі сомада«Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң түсінігін қалыптастыру бойынша жобаларды жүзеге асыру»бойынша әлеуметтік жоба көзделген.  Жобаның шеңберінде, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сстратегиясын түсіндіру бойынша шаралар(кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б.),сонымен қоса тұрғындар арасында бейнероликтер, типографиялық және полиграфиялық баспалар(жадынамалар, буклеттер, плакаттар, баннерлер, билбордтар, т.б.)қарастырылған. «Мен жемқорлыққа қарсымын!» видеоролигі әзірленді.

Мемлекеттік қызмет департаменті өкілдерінің қатысуымен 417 – дей қатысушысы бар ірі 2 шара, 1 дөңгелек үстел өткізілген.

Сонымен қатар 2016 жылдың желтоқсан айында ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында, Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметші болу - мақтанышым» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ардагер мемлекеттік қызметшілер, басқармалардың үлгілі жас мамандары, Департамент өкілдері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық Бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің маманы қатысып, баяндамалар оқылды. Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әзірленген «Ең Үздік Эссе», «Ең Үздік бейнеролик» бойынша жеңімпаздары марапатталды.

Жыл сайын«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіменбірлесіп мемлекеттік органдардың қатысуымен, «Өзіңнен баста» акциясы өткізілуде. Өткізілген шаралардың нақты саны мен маңыздылығы және өткізілу мерзімі бойынша ақпараттарnurotan mof@mail.ru  сайтында жариялануда.

Сондай-ақ,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әлеуметтік тапсырысымен Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянсы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Азаматтық бақылау" жобасыныңаясында 10 іс-шара өткізілді.

Білім саласы бойынша да бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 «Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2016 жылғы 25 қаңтарда білім басқармасының №07-нқ бұйрығымен бекітілген «Білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспары» бекітілген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары негізінде облыс мектептерінде  «Парасатты азамат» бұрыштары жасақталып, «Адал ұрпақ» еріктілер тобы құрылып, үйірмелер ашылған.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан 2016 жылдың 4 ақпанында «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбымен, тікелей эфирде бағдарлама жүргізіліп білім саласындағы мәселелер туралы айтылып талқыланылған.

Барлық білім беру ұйымдарында орын алған жемқорлық бойынша заң бұзушылықтар туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлауға арналған сенім телефоны қондырылған, жеке заңды тұлғалардың арыздарымен хаттарына арналған пошта  жәшіктері барлық білім мекемелерінде орналастырылған.

Сонымен қатар, басқарма басшысының блогына 2016 жылда 16 сұрақпен өтініш түсті, олардың 2 сұрағы сыбайлас жемқорлыққа катысты сұрақ. Сұрақтардың барлығына дер кезінде жауап берілген.

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық семинарлар өткізілген. Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында мектептерде «Пара алу құрдымға бастар жол», ал колледждерде «Таза сессия!» акциясы өткізілді. Акция аясында оқушылар мен ата-аналар арасында ақша жинауға қатысты сауалнамалар жүргізіліп, сынып сағаттары өткізіліп, қабырға газеттері шығарылған. Құқық қорғау қызметкерлерімен және басқа да 120 астам кездесу болып өткен.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім ұйымдарында стендтер жасақталған, қабырға газеттері тақырыптық шара кездерінде шығарылып отырады жадынамалар, буклеттер шығарылып, барлығы 1000 астам буклет таратылған.

Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білімді  ел - Мәңгі ел»  тақырыбында  педагогика саласы  қызметкерлері кеңесінің білім беру ұйымдарының басшыларына арналған  секциялық  отырысында «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетін  қалыптастыру» және де ҚР 2015-2025  жылдарға  арналған Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы стратегиясының негізгі  бағыттары бойынша  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің  мамандарымен баяндама оқылып, бейне материалдар көрсетілген.

Сондай ақ, а.ж. 15 қыркүйек күні  Ақтау қаласындағы № 6 мектебінің базасында облыстың мектеп және балабақша басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында кездесу өткізілген. Кездесуге барлығы 80-нен астам білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан.

Жаңаөзен қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізіліп, бейне материалдар көрсетілген.

Сонымен қатар, балабақшадағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Ақтау қаласының балабақшаларына «SMART-EX» ЖШС өкілдерімен бірлесіп «Data Evolution» базасында «E-DDO» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жобасы енгізілген. Жобаны 2017 жылдан бастап облыс бойынша енгізу жоспарланып қойылған.

2016 жылдың 18 және 19 мамырында облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кәсіпкерлер форумы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақырыбында конференция болып өтті

Форумға мемлекеттік органдардың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының, «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары.  Форум және конференция барысында қатысушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Өткізіліп жатқан шаралардың сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейіне әсері» атты әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

2016 жылдың 22 сәуірінде облыстық  жастарресурстық  орталығында құқық қорғау, жергілікті атқарушы, аумақтық мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлерінің қатысуымен облыстық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға жалпы саны 500-ден аса жас маман қатысып, облыстағы мемлекеттік органдардағы бос орындар туралы мәлімет алып қана қоймай, тестілеуден өту және конкурстық іріктеу тәртібімен танысты. Осындай іс-шаралар Мұнайлы, Бейнеу, Түпқараған аудандық әкімдіктерінде де ұйымдастырылды.

23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай және Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір-салтын насихаттау, сонымен бірге мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы шеңберінде аумақтық департаменттің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Спорт-денсаулық кепілі!» атты 3-ші Ақтау қалалық спартакиадасы ұйымдастырылды.

Спорттың 8 түрінен болған жарыстарға жалпы саны 17 мемлекеттік орган және 500-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.

Маусым айында облыстық туризм колледжінің  ғимаратында «Transparency International Kazakhstan»  ұйымының бастамасымен және аумақтық департаменттің қолдауымен ашылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі  ашылып, бір апталық жұмыс жүргізілген.

Аталған мектептің мақсаты тыңдаушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи әдіс-тәсілдерімен, халықаралық және отандық сарапшылардың пікірлерімен таныстыру. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі» тыңдаушыларының алдында аумақтық департаменттің қызметкерлері «Талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау механизмдері туралы»,  «Қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Ашық келісімнің талаптары» тақырыптарында баяндама жасап, қатысушыларды толғандырған сұрақтарына жауап берді. Өткізілген тренингтің жүру барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда және «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында кеңінен жарияланған.

Тағы бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша маңызды мәселеМО бойынша «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» ЖШС-демемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру арнайы оқыту курстары ұйымдастырылды. 

Оқытудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша, жемқорлықпен күрес бойынша Жалпыұлттық жоспарының бағыттарын түсіндіру, оны анықталудың  заманауи формаларының ерекшеліктері бойынша кәсіптік біліктілігін арттыру болып табылады.

Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер оқу – курстарына жолдануда.

«Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында» 2015 жыл бойынша барлығы:

10 қайта даярлау оқуынан – 201 мемлекеттік қызметші; 

15 біліктілікті арттыру оқуынан – 235 мемлекеттік қызметші өткен болса;

Ал, 2016 жылғы 11 айға дейінгі жағдай бойынша:

8 қайта даярлау оқуынан – 133 мемлекеттік қызметші өткен.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 12 ақпанында облыс әкімдігімен Жергілікті полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және қоғаммен байланысын күшейту мақсатында жергілікті бюджеттен98 000 000 (тоқсан сегіз миллион) теңгекөлемінде қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде 2016 жылдың басынан бастап «Бизнес Скул Метрополитен» халықаралық академиясында200жергілікті полиция қызметкері:

-қызметкерлермен жұмыс жүргізу тиімділігін жетілдіру бойынша;

-азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бойынша;

- психологиялық аспектілерді құқықтық реттеу бойынша;

-бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл әдісін оқыту бойыншабіліктілікті арттыру курсынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен ұсынылған мәліметке сәйкес,2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша  барлығы  -3 684 313мемлекеттік қызмет көрсетілген (оның ішінде ЖАО – 2 188 722, аумақтық органдармен – 1 495 591 қызмет көрсетілген). Қағаз түрінде –2 478 918 (немесе 67,3%) қызмет, электронды түрде –889 453(24,1%) қызмет және Мемлекеттік корпорация арқылы –315 942(8,6%) қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басым көпшілігі денсаулық сақтау басқармасымен – 939 711 (жалпы санынан 25,5% мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік кірістер органдарымен – 437 477 (11,9%), ішкі істер органдарымен – 811 013 (22%) көрсетілген.

Департамент және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалымен 2016 жылдың 2 жартыжылдығында бірлескен Медиа –жоспар жасақталып, бекітілген.

Департаментпен жергілікті атқарушы органдардың және ОМО аумақтық бөлісдерінің қызметіне 9 ішінара және 60 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қызмет алушылардың шағымдары бойынша 3, ал прокуратура органдарының тапсырмалары бойынша 57 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, барлығы8031бұзушылықтар анықталынған.

Жиі орын алатын кемшіліктер бұл - мерзімдердің бұзылу деректері –1047; құжаттардың толық еместігі –3342; артық құжаттарды талап ету – 5633 және т.б. болып табылады.

Ақтау қалалық білім бөлімінде тексеріспен анықталғандай, кезегі келіп тұрған, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берілмей тұрған 75 қызмет алушылар анықталып, барлығын жолдамалар беріліп, 75 қызмет алушының заңды құқықтары қалпына келтірілген.

Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясымен    24, Маңғыстау облысы әкімдігіне бағынысты мемлекеттік мекемелермен  25 қызметтердің мерзімдері бұзылған.

Мониторинг нәтижесі бойынша, жоғарыда көрсетілген органдардың басшыларына көрсетілген бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс хаттар жолданып,5мемлекеттік қызметкерлері тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. 16 «жасырын»қызмет түрлері анықталып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне енгізу үшін Агенттікке  ұсыныстар  жолданған.

Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Департаментпен өткен жылдың 12 айында түрлі 56 түсіндірме жұмыстары (семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер және т.б.) жүргізілген.

Аталған шаралар облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытында жүзеге асырылған.

  Мемлекеттік қызмет саласы бойынша

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен ұсынылған мәліметке сәйкес)

  2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 264 мемлекеттік орган қызмет етеді(ЖАО-177, АБ-87).

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 3148, нақты қызметшілер саны – 2739 (оның ішінде 1665-әйелдер немесе 62%). Бос орындар саны -  409 (штаттық бірліктің 13%).

Нақты бірліктің 7-і саяси, 12-і А корпусы, қалғаны 3131 жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері.Бүгінгі таңда жалпы штаттық бірліктің 87% қамтылған. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы – 36,5; орташа еңбек өтілі -  9,4 жыл.

Осы кезеңде мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамаларға сәйкес 1233 бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс жарияланып, аяқталды. 409 үміткер бос лауазымдарға тағайындалды.

Жалпы штаттық бірлік санымен алып қарағанда, жалпы ауысым көрсеткіші 11% құраса, таза ауысым 5.1% құраған.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің кадр резервінде – 1 адам тұр. 4 резервші 4 санат бойынша жұмысқа орналасты, мерзімі аяқталуына байланысты 5 адам резервтен шығарылды.

«А» корпусының штаттық және нақты саны 12 адамды құрайды. 2016 жылы бұл лауазымдағы қызметшілер арасында ротация және жұмыстан босатулар болған жоқ. Қазіргі таңда «А» корпусының 1 санат 2 топ 3 кіші топтың кадр резервінде – 3 мемлекеттік органдардың өкілдері тұр.

Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында барлығы 229 (жоспарланған 244 қызметшіден) қызметкер оқу курстарынан өтті. Оның ішінде: ЖАО – 153, аумақтық органдар – 76.

Қайта даярлау курстарынан жоспарланған 143 мемлекеттік қызметші 93 (92,1%) өтті.

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында 38 қызметші (100%), сондай-ақ 72 қызметші ведомстволық білім беру ұйымдарында, 16 басқа білім беру ұйымдарында, 4 шетелдік білім беру ұйымдарында оқудан өтті.

Тестілеуге 1435 азаматтың 426 немесе 29,7% көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алғаны үшін сертификат берілді.

Жеке қабілетін бағалаудан – 457 адам өтті.

203мемлекеттік органда  «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіенгізіліп, барлығы да штаттық режимге көшіріліп жұмыс істеуде.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекті жерлерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарыүшінпошта жәшіктеріорналастырылған.

Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағыты бойынша

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен ұсынылған мәліметі бойынша)

2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы  217 (181) өтініш түскен. Оның ішінде 119-ы жеке қабылдау кезінде берілген ауызша өтініштер.

  Оның ішінде мемлекеттік қызмет заңнамасымен қызмет әдебін бұзу дерегі бойынша 12 шағым және бос лауазымдарға орналасу үшін өткізілген ішкі конкурстың нәтижесіне келіспеушілік дерегі бойынша 2 өтініш түсіп, жоспардан тыс тексерулер жүргізілді барлығы 20. (2015ж. - 26).

  Тексеру барысында 74 (420) заңбұзушылық деректері (10-ы тәртіптік жаза қолдану ережесін бұзу, 17-і әдеп кодексінің талаптарын бұзу, 6-ы конкурс өткізу тәртібін бұзу, 5-уі конкурс өткізусіз ауысу тәртібінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу қағидалары талаптарын бұзу, 1-уі іс-сапарландыру тәртібін бұзу, 4–уі көтермелеу тәртібін бұзу, 18-і персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) жұмысы заңмен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі, 2-уі мүдделер қақтығысының туындауы, қалған 11-ы өзге бұзушылықтар) анықталып, мекеме басшылары атына заңбұзушылықтарды жою туралы тиісті ұсыныстар енгізілді.

Мәселен, «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ішінара тексеру жүргізу барысында, Маңғыстау облысындағы Тәртіптік кеңесінің 08.05.2015 жылғы шешіміне сәйкес, 24.06.2015 жылғы №12-іс бұйрық негізінде Басқарма басшысының орынбасары Б.Калиевке Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағы 12) тармақшасының талабын бұзғаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілген.

Алайда, Басқарма басшысының 14.12.2016 жылғы №31 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды мерекелеуге байланысты қызметші Б.Калиевке оның тәртіптік жазасы алынбағанына қарамастан заңсыз 268 721,61 теңге көмемінде сыйақы берілген.

Бүгінгі таңда, аталған заңсыз берілген сыйақы көлемі мемлекет бюджетіне қайтарылды.

  Өтініштерді қарау барысында 14 өтініш иесінің құқықтары қорғалды, оның ішінде 8 заңсыз қабылданған бұйрықтардың (1-тәртіптік жаза қолдану, 1-жұмыстан босату, 1-«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бұзуы, 5-өзге бұзушылықтар) күші жойылды. Заңбұзушылықтарға жол берген 7(13) қызметші тәртіптік жазаға (5–ескерту, 2-сөгіс) тартылды.

Құзыреттігі шегінде қарау үшін 27(33) өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды, 2 өтініш бүркемеленген (анонимді) болуына және 4 өтініштің мазмұны баяндалмауына байланысты қараусыз қалдырылды. Қалған 21 өтініштер Департаментпен қаралып заң жүзінде түсіндірмелер берілді.

Түскен өтініштермен бірге аумақтық департамент қызметкерлері жергілікті интернет желілері мен баспасөз басылымдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни мақалаларғада мониторинг жүргізіп отырады.

Мәселен, наурыз айының басында «Лада.кз» газетінің жарнама-ақпараттық сайтында Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы Л.Жонасовтың мас күйінде транспорт құралын басқарғаны жөнінде сыни мақала жарық көрді.

Осыған орай, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындысы  кеңестің кезекті мәжілісінде қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің имиджіне нұқсан келтіргені үшін Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы атқаратын қызметінен босатылды.

Жыл басынан бері БАҚ-та жарияланған сыни мақалалар бойынша 6 (20) ұсыныс жолданды.

12 айдың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің 8(14) мәжілісі өткізіліп, онда 60(143)мәселе қаралды, оның 40-ы(108) мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер.

Тәртіптік істердің 13-і(49) облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының, 10-ы(45) прокуратура органдарының, 6-ы облыстық қаржылық бақылау инспекциясының ұсыныстары негізінде, 3-і соттың жеке қаулысы негізінде, 6-ы(3) аумақтық департаменттің қызметтік тексеру нәтижесімен, 1-уі аудандық әкімдіктің ұсынысы және 1-уі облыстық әділет департаментінің жолдаған материалы негізінде қозғалған.

Яғни, бұл аумақтық департаменттің басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыста екенін көрсетеді.

Қарау қорытындысы бойынша тәртіптік жаза қолдану жөнінде мемлекеттік органдардың басшыларына 24(64) ұсынымдар жолданылған.

Нәтижесінде, яғни мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін 8(33) қызметшіге - «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілсе, қалған 16(31) қызметшіге ҚР  мемлекеттік қызметшілерінің әдеп  кодексінің  талаптарын  бұзғандары үшін 8 – «сөгіс», 2 – «қатаң сөгіс», 5 - «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» және 1 – «қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.

Тәртіптік жазаға тартылғандардың ішінде:

Барлық 24 қызметшінің ішінде, 2-мемлекеттік мекеме басшылары, 1-қала әкімінің орынбасары, 1-ММ басшысының орынбасары, 1-аудандық әкім аппаратының басшысы, 3 село әкімдері, 12 бөлім басшысы және  4 бас маман бар.

Жазаға тартылған қызметшілердің 13-і мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзғаны үшін, 3-і тұрғын-үй бөлу тәртібін бұзғаны үшін, 3-і әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін, 4-уі мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін бұзғаны үшін және 1 білім саласына қатысты тіркелген.

Мәжіліс қорытындысымен 16(34)тәртіптік іс тоқтатылды (қысқартылды), оның 8-і тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің өтіп кетуіне, 5-і қызметшілердің лауазымынан өз еркімен босатылуына, 2-і әкімшілік жазаға тартылуына және 1-і дәлелдің жеткіліксіз болуына байланысты. Хатшылық тарапынан мерзімдердің бұзылуына жол берілген жоқ.

Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылдың 12 айында қабылдаған шешімдеріне сотқа немесе жоғары тұрған органға шағымдар  келтірілген жоқ. 

Бұдан басқа, кеңесте жұмыс жоспарына сәйкес барлығы 20 басқа да мәселелер қаралды. Оның ішінде 9 мемлекеттік орган басшыларының, 1 әдеп жөніндегі өкілдің есептері тыңдалды, 3 мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары мен 2 мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жұмыстарының қорытындылары талқыланды және 5 өзде де мәселелер қаралды.

ҚР ӘҚБтК-нің 274 бабының 1 тармағының талабында көзделген, яғни мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбағаны үшін 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға барлығы 328 755 тенге көлемінде айыппұл салынды (айыппұлдар толықтай бюджетке өндірілді). /өткен жылы – 4 іс конкурс бойынша, айыппұл – 356760 тенге/.

Жыл басынан бері мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың басшыларының атына барлығы 48(97)ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.

Департамент басшылығымен аудан, қалаларда көшпелі қабылдаулар өткізіліп, нәтижесінде 42(61) адам жеке сұрақтарымен қабылданды. Жыл басынан бері 77(128) адам жеке қабылдауларда болып, өздерінің сұрақтарына жауаптар алды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен Әдеп мәселелері бойынша 8 кеңес өткізілді.  56 мәселе қарастырылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік Департамент пен 269 семинар –кеңестері (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференциялар) өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 3-тармағына сәйкес облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары – Нұрбек Айтжан Хамзаұлы Маңғыстау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға Әдеп жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

2016 жылдың Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен 7 семинар-кеңес өткізілді, сонымен қатар «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде 2 мақала жарияланды, 2 жазбаша шағымдар келіп түсті, 15 адам жеке қабылдауда болды. Әрбір бейсенбі күні жеке тұлғаларды қабылдау, атап айтқанда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптарын(мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебін сақтау ережесін) сақтау бойынша консультациялар алу үшін келген мемлекеттік қызметкерлерді қабылдау жүргізіледі;

2016 жылдың жарты жылдығында облыстың мемлекеттік органдарындағы  моральдық-психологиялық климатын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы огандардың мемлекеттік қызметкерлері арасында жасарын сұрақ-жауаптар жүргізілді. Сұрақ-жауапқа 761 мемлекеттік қызметші қатысты.

Мемлекеттік қызметкерлер жағынан өрескел тәртіп бұзушылықболған жағдайда немесе Әдеп кодексінің бұзылуына куә болған кезде құпия байланыс телефондары – 43-71-18, электронды пошта мекен-жайы: n.aitzhan@mangystau.gov.kz.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу.

Өткен кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Департаментпен барлығы 14 сыртқы талдау жүргізілген.

Департаменттің 01.02.2016ж. бірлескен бұйрығына сәйкес «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы», «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-і және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Маңғыстау филиалы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген.

Талдау нәтижесінде жер қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған.

Құрылған жұмыс тобымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат жоғары тұрған Министрлікке жолданды.Сонымен қатар, бірлескен бұйрыққа сәйкес «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де облыс аумағындағы жолаушылар тасымалы саласы бойынша сыртқы талдау жүргізілген.

Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелетін бірнеше заңбұзушылықтар анықталып, аталған Басқармаға оларды жою бойынша тиісті ұсынымдар берілген.

Бұдан басқа, «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Маңғыстау бөлімшелік басқармасы» РММ және «Маңғыстау облысының экология департаменті» ММ-нің іс-әрекетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген. 

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін көптеген құқықты таңдап қолдану фактілері, мемлекеттік қызметшілердің дискрециялық өкілеттіліктері және «жасырын» мемлекеттік қызметтер анықталған.

Барлық мониторинг және талдау бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары Министрлікке, мүдделі органдарға жолданды, сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралып, барлығы 59 ұсынымдар беріліп, оның ішінде қазіргі уақытқа 41-і орындалған.

Жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 36 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілген, олардың қорытындылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен 2016 жыл ішінде барлығы 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген. Соның ішінде, Агенттіктің тапсырмалары бойынша – 5, БАҚ басылымдары бойынша – 6.

Мысалы, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ мен «Ақтау қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария» ММ-нің қызметтеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықты қолдану тәжірибесіне мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде құқықты таңдап қолдану және дискрециялық өкілеттіктер анықталған.

Бұдан басқа, сапалы кадрлық құрам қалыптастыру, ашықтық және командалық ауысуды болдырмау мақсатында, облыстық жергілікті атқарушы органдарының ваканттық әкімшілік мемлекеттік лауазымдарынаа үміткерлерді іріктеу бойынша өткізілетін конкурстық комиссия отырыстары бақылаушылар мен сарапшылар қатысуымен жүргізіледі.

Тұрғындар тарапынан сыртқы бағалау және қоғам пікірін есепке алу мақсатында облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің ресми интернет ресурстарында«Мемлекеттік сатып алу»атты айдарлар ашылды.

Онда: мемлекеттік сатып алу, конкурстық құжаттамалар, бюджет қаражатының игерілімі, бір көзден сатып алу, баға ұсыну тәсілімен сатып алулар және конкурс тәсілімен сатып алулар жөніндегі ақпараттар жарияланады. Бюджет қаражатын игерудің осындай ашық түрдегі жарияланымдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарын жүзеге асырудың басты мақсаты болып табылады.

Маңғыстау облысы Әкімі аппаратының ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Әдеп Кодексінің жаңа нормалары» тақырыбында онлайн конференциялар өткізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен,  Маңғыстау облысы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, квазимемлекеттік субъектілермен, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның қызметтерінде, сондай-ақ, қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін  агенттіктіңҚазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заңының талаптарын орындау мақсатында облыс әкімі жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия отырыстары өткізіліп отырады.

Сондай-ақ, облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен комиссия мүшелерінің, құқық қорғау органдары басшыларының, қала мен аудан әкімдерінің, облыстық департамент және басқармалар басшыларының қатысуыменОблыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияларының отырыстарыөткізіліп отырады. 

Аталған Комиссия атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы  28 ақпанындағы №141 қаулысымен құрылып, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы №5/75 шешімімен бекітілген.

Комиссияның кезекті отырыстарында сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен айналысуының себептері мен салдарын анықтау, және олардың алдын алу мақсатында мәселелер қарастырылып тиісті органдарға тапсырмалар беріледі.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың  31 сессиясының № 31-446 шешіміменОблыстық Қоғамдық Кеңес құрылып құрамы және жұмыс жоспары бекітілді. Қоғамдық Кеңесте 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  күн тәртібінде қаралған басты мәселе  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы туралы».Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері және осы мәселе бойынша құзырлы органдар өкілдерінің, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен болып өтті. Сондай-ақ, одан да басқа облысқа қарасты бірқатар қалалар мен аудандарда әкімдіктердің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылып, тиісті жоспарлары бекітілген.

Және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына орай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес облыс әкімі аппаратының және облысқа қарасты мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының жобасы әзірленді.

Қазіргі таңда«ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары»тармақтарының орындалу барысы Облыс әкімінің аппараты тарапынан қатаң бақылануда және мониторинг жүргізілуде.

Аталған жоспардың орындалу барысын бағалау мақсатында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативті кеңесші орган болып табылатын  мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік тобы құрылып қызмет етуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен квазимемлекеттік субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырып, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдануда.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың, Әдеп кодексінің талаптарын мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі облыс басшылығының жеке бақылауында және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңарту : 2017-02-06 12:19:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz