Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметінің 2016 жылдағы қорытындылары туралы

20.01.2017
12:29:41
0

«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Yкiмeтiнiң актілеріне, мәслихат шешiмдерiне және Маңғыстау облысы әкiмдігінің қаулыларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк актілері мен Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының мақсаты облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iскe асыруға ықпал eтeтiн мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн енгізу және дамыту болып табылады.

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2016 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2016 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес құралды.

2016 жылдың қорытындысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының макрокөрсеткіштері бойынша ахуал мынадай.

Мұнай нарығындағы күрделі ахуалға байланысты, жыл қорытындысы бойынша екі негізгі макрокөрсеткіш бойынша төмендеу байқалды, олар – өнеркәсіптік өндіріс көлемі және негізгі капиталға инвестициялар.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында қолданыстағы бағада 1861,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 96,9% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 399,7 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 82,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында 186,2 млрд. теңгені құрады.

Жалпы ауданы 708,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 9,9%-ға артық (2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 645,0 мың шаршы метр).

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 3-тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2015 жылдың 3-тоқсанында – 5,1%), оның ішінде жастар жұмыссыздығы 4,7%-дан 5,0%-ға дейін артты.

Тіркелген жұмыссыздар саны 1.01.2017 жылға 3098 адамды  (1.01.2016 жылға – 2800 адам), тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 1,0% (1.01.2016 жылға – 0,9%) құрады.

2016 жылы 25355 жұмыс орны құрылды.

Өнім көлемі 11,6 млрд. теңгені, саладағы НКИ-і101,5% (2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 11,7 млрд. теңге) құраған ауыл шаруашылығында тұрақты өсім білінеді. Ірі қара мал басының – 14,8%-ға (15,6 мың бас) өскені байқалады.

Өңірде жалпы ауданы 12,73 га 15 жылыжай, оның ішінде ауданы 7,9 га өнеркәсіптік үлгідегі 4 жылыжай және ауданы 4,83 га фермерлік үлгідегі 11 жылыжай жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.01.2017 жылға 46,6 мың бірлікті құрады, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда0,4%-ға көп.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында Өңірлік үйлестіру кеңестерінің (ӨҮК) отырыстарында 7,7 млрд. теңге жалпы сомасына 179 жоба мақұлданып, 748,2 млн. теңге сомасына  мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілді.

Нәтижесінде 3329 жұмыс орны сақталып, қосымша 465-ке жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның кемінде 10%-на өңірдің жұмыспен қамту орталықтарынан жұмысқа орналастырылды.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында, ауыл кәсіпкерлеріне кредит беру үшін 2016 жылы «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС құрылды. «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС 486,8 млн. теңге сомасына 55 микрокредит беріп, 150 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қ. Ақсақаловтың 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 3083-3 ПАБ тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2016 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Жаңаөзен моноқаласының, Форт-Шевченко шағын қаласының, тірек ауылдық елді мекендердің (ТАЕМ) және аудан орталықтарының кешенді даму жоспарлары (КДЖ) кіріктіру жүргізілді. Тиісті нысаналы көрсеткіштер көздестірілді.

Бұдан басқа, ағымдағы жағдайдың талдауы жаңартылды (2015 жылдағы деректер қосылды), 2016-2020 жылдарға арналған жекелеген индикаторлар бойынша болжалды мәндер ағымдағы жағдайды есепке ала отырып нақтыланды. Барлық өзгерістер тиісті Министрліктермен және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісілді.

2016 жылға арналған облыстық бюджет облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №29/428 шешімімен 160,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер мен бюджет кредиттері  38,2 млрд. теңге көлемінде бекітілді.

Салықтық түсімдердің негізгі көздері жеке табыс салығы (35,3%), әлеуметтік салық (31,9%), салықтық емес түсімдер (3,1%), өзгелері (29,7%) болып табылады.

2016 жылдың ішінде облыстық бюджет бойынша 4 рет нақтылау және   4 рет түзету жүргізілді.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жүргізілген барлық нақтылаулар мен түзетулерді есепке алғанда облыс бюджетінің көлемі  186,3 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджет кредиттерінің көлемі 54,2 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 83 млрд. теңгені, оның ішінде білім беруге арналған шығыстар – 48 млрд. теңгені, денсаулық сақтауға арналған шығыстар – 21,0 млрд. теңгені, әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығыстар – 7,5 млрд. теңгені, мәдениет пен спортқа арналған шығыстар – 6,5 млрд. теңгені құрады

Авариялық және үш ауысымдық мектептердің мәселелері шешілді.

Кең жолақты Интернетке облыс бойынша 133 мектептің барлығы немесе 100% қосылған.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 83,5% құрайды.

Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 2016 жылда 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,5-ті құрады (2015 жылда – 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,5). Ана өлім-жітімінің 1 фактісі тіркелді (2015 жылда – 1 факт).

Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылдағы 64,2-ден 2016 жылы 59,3-ке дейін азайды. 

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде.

Маңғыстау облысы бойынша 2015-2016 жылдарда құны 189 млрд. теңгенің және шамамен 7 мың жұмыс орнын құрумен 29 жоба іске асырылды. Жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан және ҚР Үкіметінің арнайы резервінен 2 жылда 54,2 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы –  20,6 млрд. теңге, 2016 жылы – 33,6 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы құны 62 млрд. теңге болатын және 2,8 мың жұмыс орны құрылған 14 жоба, оның ішінде:

- көлік инфрақұрылымының 2 жобасы – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту және «Боржақты-Ерсай» темір жолы;

- ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі 2 жоба – Ақтау қаласының жылумен жабдықтау және Маңғыстау ауылындағы автономды қазандықтардың құрылысы;

- Ақтау қаласында тұрғын үй салу жөніндегі 3 жоба (33 және 32 «а» шағын аудандар) және оларға инженерлік инфрақұрылым тартудың 5 жобасы (инженерлік желілер және 33 шағын ауданды абаттандыру, Құрық және Бостан ауылдарындағы электр желілері, Ақтау қаласы 17 шағын ауданының жол бойындағы аумақты абаттандыру);

-  әлеуметтік инфрақұрылымның 2 жобасы (Бейнеу ауылындағы 900 орындық мектеп пен Жетібай ауылындағы 280 орындық балабақша) аяқталып, пайдалануға берілді.

Жаңаөзен қаласын дамытудың бағдарламалық құжаттары – Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының және Моноқалаларды дамыту бағдарламасының мониторингі жалғасуда.

Екі бағдарламалық құжаттың іс-шараларын іске асыруға барлығы  3,6 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылы Қызылсай ауылында және Құланды ауылында (кеңейту) автомобиль жолдары, Жаңаөзен қаласының«Мұнайлы»,«Бостандық» және «Жұлдыз» шағын аудандарында автомобиль жолдары, «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарында сумен жабдықтаудың тарату желілері, Қызылсай ауылында 4 пәтерлік муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үй салынды.

Жаңаөзен қаласының 3 «А» шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді және вокзал маңындағы көшелерді абаттандыру аяқталды.

Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу және шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы Жаңаөзен қаласының орталық қазандығын реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде.

2013-2016 жылдар ішінде Еуроодақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді. Жоба Еуропалық Одақтың есебінен қаржыландырылды.

Жобамен өңірлік даму саласындағы саясатты енгізудің заңнамалық, стратегиялық және институционалдық мәселелері бойынша, сондай-ақ өңірді дамытудың проблемалық мәселелерін шешуде консультациялық қолдау көрсетілді.

Олар – «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның бәсекеге қабеліеттілігін күшейту, шағын кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару қағидаттарын енгізу, нәтижеге бағдарланған бюджеттеу, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері және басқалары.

2014 жылдан бастап БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірлесіп, «Тұрақты дамуға жетуде және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуда Маңғыстау облысының мүмкіндіктерін кеңейту» атты жоба іске асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын көтеру, әлеуметтік-әлсіз жікті қолдау мәселелерін шешудегі жергілікті биліктің әлеуетін жоғарылату. Жобаны іске асыру кезеңінде шағын бизнесті және жергілікті өзін-өзі басқару, денсаулық сақтауды, әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жақсарту, «жасыл экономика» тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылығын дамыту, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық тәжірибені іс жүзінде қолдануға қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін ілгерілету мақсатында,  2016 жылы МЖӘ жобаларын сүйемелдеу жөніндегі уәкілетті орган – «Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы» АҚ-мен бірлесіп бес жоба, оның ішінде Мұнайлы ауданында 3 балабақша, қала мектептерінің жанында 3 спорт залын және тұрғын үй салу және пайдалану жобалары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы 4 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жобалар бойынша дайындық жұмысы жүргізілді.

Бүгінге барлық жобалар бойынша конкурстар өткізіліп, мына екі жоба: «Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-2 тұрғын жай алабында 140 орындық балабақша салу және пайдалану» және «Ақтау қаласында көп пәтерлік тұрғын үй салу және пайдалану» бойынша шарттар жасасылды.


Соңғы жаңарту : 2017-02-13 12:32:14

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz