Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Добавлено: 02.03.2017
Изменено: 02.03.2017
Просмотров: 19

Маңғыстау облысы әкімдігінің

кейбір қаулыларының күші

жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысының әкімдігінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы «Маңғыстау облысында карантиндік және басқа да аса қауіпті жұқпалы ауруларды алдын ала сауықтыру жене оған қарсы күрес жөніндегі 2002-2006 жылдарға арналған іс-шараларының кешенді жоспарын бекіті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 682 тіркелген) және 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 273 «Медициналық қызметкерлердің көліктік шығындарын өтеу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. А. Оралбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 Облыс әкімі                        А. Айдарбаев


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы