Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 252 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

29.03.2017
11:43:38
0

«Қазақстан Республикасының Үкіметі

айқындайтын тәртіппен сыйға тарту

шарты бойынша мемлекеттік емес заңды

тұлғалардың және жеке тұлғалардың

мүлік құқықтарын Қазақстан

Республикасының қабылдауы»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 14 тамыздағы № 252 қаулысына өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 ақпандағы «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 484 ««Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14326 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2831 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 3 қазандағы  № 98 № 176-177 «Маңғыстау» газеттінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;

аталған каулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)  көрсетеді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11154 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт), қосымшасына сәйкес, сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау – беру актісі (табыстау актісі).»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.";

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара рәсімдерінің (іс-қимылдарының) тәртібін, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын сипаттау, осы «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;

регламент қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын.

2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Ш. Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                       Е. Тоғжанов


Соңғы жаңарту : 2017-03-29 11:43:50

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz