Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, т.б. болып табылатын адамдармен алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқаруға қатысты уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізу туралы Жадынама

10.04.2017
18:47:22
0

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдармен алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқаруға қатысты уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізу туралы

ЖАДЫНАМА

1. Сыйлықты алған тұлғалар (білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар) 7 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган) аумақтық органдарына немесе жергілікті басқару органдарына тапсырады.

Сыйлықтар Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органымен анықталған нұсқада мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде, тұлғаға сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып тапсырылады.

2. Хабарламада келесі ақпараттар болуы қажет:

Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы;

сыйлық тапсырушының Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, байланыс нөмірлері;

сыйлықтың атауы, оның мөлшері және ол туралы қысқаша түсіндірме;

сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.

Сонымен бірге, сатып алған жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды адамның келісуі туралы белгі болуы керек (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр).

3. Сыйлықтар жергілікті арқарушы органдарына тапсырылған жағдайда, жергілікті басқару органдары Уәкілетті органға 5 жұмыс күн ішінде тиісті хабарлама жолдайды. Жергілікті атқарушы органдар тапсырылғын сыйлықтарды жоғарыда көрсетілген мерзімде Уәкілетті органға мүлiктi есепке алу, сақтау және бағалау үшін береді.

4. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдарға бағалауға және сатып алу-сату шартына тапсырған мерзімдері жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алған кезден бастап саналады.

5. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.

Мәлімет үшін: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауаптылық қарастырылған.

Жадынамаға қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелерінің

 тізбесі

№ п/п

Атауы

Мекен-жайы

1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

010000, Астана қаласы,

Әуезов көшесі, 14

2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

050051, Алматы қаласы,

Достық даңғылы, 134

3

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

020000, Көкшетау қаласы,

М. Әуезов көшесі, 230

4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

030020, Ақтөбе қаласы,

Ш. Қалдаяқов көшесі, 33

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

040000, Талдықорған қаласы,

Тәуелсіздік көшесі, 75

6

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

060002, Атырау қаласы,

Абайкөшесі, 10а

7

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан  мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

070004,  Өскемен қаласы,

Крылов көшесі, 114 үй

8

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

080009,Тараз қаласы,

Әл-Фараби көшесі, 11 үй

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

090006, Орал қаласы,

Достык-Дружба даңғылы, 208

10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

100000, Қарағанды қаласы,

Костенко көшесі, 6

11

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

110000, Қостанай қаласы,

Гоголь көшесі,  75 үй

12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

120001, Қызылорда қаласы, ДінмұхамедҚонаев көшесі,

7 "А" үй

13

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

130000,  Ақтау қаласы,

 9 шағын аудан, 23 үй

14

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

160011,  Шымкент қаласы,

Ильяев көшесі, 24

15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

140000,  Павлодар қаласы,

Академик Сәтпаев көшесі, 136

16

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

150000, Петропавл қаласы,

Советская көшесі, 34

17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

468320, Байқоныр қаласы,

 Королев даңғылы, 33


Соңғы жаңарту : 2017-06-12 12:46:37

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz