Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Жоспарланып отырған «Маңғыстау облысында су тұщыту зауытын салу және пайдалану» МЖӘ жобасы туралы қызығушылықты білдіретін сұрау салу
Добавлено: 21.04.2017
Изменено: 21.04.2017
Просмотров: 138

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ «Маңғыстау облысында су тұщыту зауытын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді жобаның тұжырымдамасын талқылауға шақырады.

МЖӘ объектісі:су тұщыту зауыты.

Жоба шарттары: объектіні салу және пайдалану.

Шығындарды өтеу көздері:

«МЖӘ туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу көздері ретінде өтемақы төлемдері (инвестициялық және операциялық шығындардың өтемақысы), сондай-ақ объектіні пайдалану процесінде өндірілетін өнімді өткізуқаралуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың қатысу нысандары:

1)  ҚР жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;

2)  МЖӘ компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу (институционалдық МЖӘ кезінде);

3)  МЖӘ объектісін инженерлік және көлік коммуникациялармен қамтамасыз ету..

Жекеше әріптестің қатысу нысандары:

1)  жобаны қаржыландыру;

2)  МЖӘ объектісін жобалау, құру және пайдалану;

3)  МЖӘ компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу (институционалдық МЖӘ нысаны таңдалса).

Жекеше әріптесті айқындау, «МЖӘ туралы» ҚР Заңының негізінде екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы конкурс өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоспарланып отырған жоба туралы мейлінше егжей-тегжейлі ақпаратты «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен, сондай-ақ «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-нан алуға болады.

Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылдың2 мамырына дейінгі мерзімде қабылданады.

Байланыстар:

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы: тел.: 8 (7292) 33-53-14, e-mail: energetika.kh@yandex.ru

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Инвесторлармен жұмыс жөніндегі департаменті: тел.: 8 (7292) 33-52-72, 34-09-11, e-mail: ppp.mangystau@gmail.com


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы