Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының сайлауына дайындық жұмыстарының жүрісі туралы АҚПАРАТ

12.05.2017
17:56:22
0

2017 жылдың 10 мамырында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Күмісқали Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының сайлауына дайындық жұмыстарының жүрісі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ журналистер өздерінің сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

(2017 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша)

2017 жылдың 27 сәуірінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №468 Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясы «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын» 2017 жылғы 28 сәуірдегі №9/157 Қаулысымен бекітті.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы 4 мамырда шығатын  «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының құрамы және орналасқан орны туралы хабарламасын жариялады. 

Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын барлық деңгейдегі маслихаттардың депутаттары болып табылатын таңдаушылар сайлайды, бұл депутаттар өз кезегінде сайлаушылардың өкілдері болып табылады.

Облыс бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутатының сайлауын дайындау мен өткізуді Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

Осы уақытқа дейін 5 адам өзін-өзі ұсыну жолымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар болып ұсынылды. Олар:Нұрғалиева Халила Хабижанқызы - 1957 жылы туған, қазақ, Маңғыстау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Ақтау қаласында тұрады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі; Нұрдәулетов Аманғали Сүлейменұлы - 1981 жылы туған, қазақ, Маңғыстау облыстың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Ақтау қаласында тұрады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі;Тумышев Нұри Лазарұлы - 1967 жылы туған, қазақ, "Нұр Отан" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ақтау қаласында тұрады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі; Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - 1971 жылы туған, қазақ, "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының бас директоры, Ақтау қаласында тұрады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі; Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы - 1959 жылы туған, қазақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтау қаласында тұрады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Б.А.Шелпековті сонымен қатар 2 мамыр күні Бейнеу және Қарақия аудандық мәслихаттары да Сенат депутаттығына кандидат етіп ұсынды.  Облыстық сайлау комиссиясы оларды Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына байланысты үш күн ішінде тексеріп, Заң талаптарына сәйкестігін анықтады. Бұл туралы хаттама толтырылды.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу Сайлау туралы Конституциялық заңның 73 бабында көрсетілген құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады. Тіркеу сайлауға 20 күн қалғанда - ағымдағы жылдың 7 маусымында аяқталады.

Облыстық сайлау комиссиясы Б.А.Шелпековті және Х.Х.Нұрғалиеваны 4 мамыр күні тіркеуге қажетті тапсырылған құжаттарын толық деп есептеп оларды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар етіп тіркеді. 6 мамыр күні Облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар етіп Д.К.Хасановты, Н.Т.Тумышевты және А.С.Нұрдәулетовті тапсырылған құжаттарының толықтығын ескеріп тіркеді.

Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну 28 мамырда аяқталады.


Соңғы жаңарту : 2017-05-12 17:56:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz