Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

06.05.2017
15:26:39
0

Субсидияланатын тыңайтқыштардың

(органикалық тыңайтқыштарды

қоспағанда) түрлерін және

субсидиялардың нормаларын

белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының  11 бабының 2 тармағының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 14814 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.

2. «Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Маңғыстау облысының әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы  № 123 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3062 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):

осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

осы қаулының Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі  Е. Тоғжанов


Соңғы жаңарту : 2017-05-16 15:35:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz