Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы

01.06.2017
15:36:48
0

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және

жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 

2017 – 2021 жылдарға арналған

бағдарламасын іске асыру шеңберінде

техникалық және кәсiптiк білімі бар

мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу

жылына арналған мемлекеттiк бiлiм

беру тапсырысын бекiту туралы

  «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.  Бекiтiлсiн:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы.

2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мамандарды даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегiнде бағдарламаның әкiмшiсi – Маңғыстау облысының бiлiм басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

3. «Маңғыстау  облысының  бiлiм  басқармасы»  мемлекеттік  мекемесі: техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017–2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсiн;

осы қаулының «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2017–2018 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды көздестірсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары  Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсiн.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi      Е. Тоғжанов


Соңғы жаңарту : 2017-06-01 15:36:51

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz