Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желоқсандағы № 414 «Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

19.06.2017
18:00:20
0

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желоқсандағы

№ 414 «Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 29 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 414 «Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2972 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

  1 тармақта:

1)  тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;»;

9 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібі.

Мемлекеттік  көрсетілетін қызметті  алу үшін  көрсетілетін  қызметті алушы не сенімхат  бойынша оның өкілі Стандарттың 9 тармағына сәйкес қажетті құжаттарды мемлекеттік корпорацияға ұсынады. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;

10 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесі.

Көрсетілетін қызметті алушымен барлық қажетті құжаттар мемлекеттік корпорация арқылы тапсырылған кезде құжатты қабылдау күні мен нөмірінің көрсетілуімен  тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіліне) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру, жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, жүзеге асырылады.»;

13 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің  (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.».

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталсын. 

2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ә.К. Көшербаев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

4.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі            Е. Тоғжанов


Соңғы жаңарту : 2017-06-19 18:00:21

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz