Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

2017 жылғы ІІ тоқсан бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау бойынша ақпараттандыру-түсіндіру жұмысын жүргізу барысы туралы ақпарат

22.06.2017
11:40:02
0

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 31.01.2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 8 облыстық ақпараттық топ құрылып, кездесулерді өткізу кестесі бекітілді.

Ақпараттық топтардың құрамына жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, облыстық мәслихат депутаттары, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, этно-мәдени орталықтардың, ҮЕҰ, БАҚ, Қоғамдық кеңестердің өкілдері кірді. Барлығы 126 адам. Сонымен қатар, қалалық және аудандық деңгейде 40 ақпараттық топ құрылды (құрамына 201 адам кірді).

2017 жылдың ІІ тоқсанында ақпараттық топтар тұрғындармен 103 кездесу өткізіп, 18200 адам қамтылды.

Жолдауды түсіндіру бойынша өткізілген кездесулер БАҚ-да жарияланып отырды. Атап айтқанда, есепті кезеңде жергілікті БАҚ-да облыстық ақпараттық топтар мен республикалық ақпараттық топтың кездесулері туралы 97 материал жарық көрді. Оның ішінде баспа басылымдарында 34 мақала, телеарна эфирінде 37 сюжет, интернет-сайттарда 26 материал.

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру мақсатында «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында а.ж. ІІ, ІІІ тоқсандарында өткізілетін брифингтер кестесі жасақталды. Брифингтер «Үшінші жаңғыру: маңызы, қағидалары, басымдықтары», «Экономикалық өсімнің жаңа үлгісін жасақтау: негізгі идеялары мен жолдары», «Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау», «Макроэкономикалық тұрақтылық. Экономиканы жеке капиталдан қаржыландыруды қамтамасыз ету», «Жаңа экономикалық өсімнің мақсатына орай адами капиталды жақсарту», «Институционалды өзгерістер: қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Жаңа жаһандық ахуалдағы сыртқы саясат» тақырыптарын қамтыды.

  Жолдауда белгіленген міндеттер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың ІІ тоқсанына арналған оқиғалар қатары жасақталды.

Нәтижесінде, облыс көлемінде есепті кезең ішінде өңір басшысы Е.Тоғжановтың этномәдени бірлестік өкілдерімен, Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлері және әр салада жемісті еңбек еткен аға ұрпақ өкілдерімен кездесуі, дін өкілдері, этномәдени бірлестіктер басшылары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен дөңгелек үстел, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы қызметкерлерінің мемлекеттік орган, кәсіпорын басшыларымен, мәслихат депутаттарымен, БАҚ өкілдерімен басқосуы, «Маңғыстау жұлдыздары» Х облыстық өнер фестивалі, «Үздік оқытушы-2017» облыстық байқауы, «Мерейлі отбасы» байқауы, Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар, т.б. өткізілді. Барлығы – 22 шара.

  Оның үстіне БАҚ өкілдеріне Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша инфографикалар, телекестелер, бейнероликтер және өзге де ақпарат үнемі жолдануда.

  Сонымен қатар, БАҚ-на Жолдауды түсіндіру және ілгерілету мақсатында жасақталған спикерлер тізімі, оқиғалар қатары мен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткізілетін брифингтер кестесі жолданды.

Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы бойынша (жаңа индустрияларды, цифрлық технологияларды дамыту, төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу, индустрияландыру, инвестицияларды тарту, аграрлық секторды, еуразиялық логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, еңбек нарығын жаңғырту және т.б.) бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 153 материал жарияланды. Атап айтқанда, баспа басылымдарында 86 мақала, электронды БАҚ-да 67 материал. Аталған бағыттағы материалдарда мемлекеттік органдар қызметі кеңінен көрсетілді. Жергілікті мемлекеттік орган өкілдерімен сұхбат жүргізіліп, жан-жақты ақпараттық, талдамалы мақалалар шығуда. Мәселен, облыстық «Маңғыстау» газетіндегі Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысы Қ. Кигликованың «Бәсекеге қабілеттілік - басты нысана», Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ. Базарбаевтың «Болашаққа бастайтын сенімді қадам», ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Қосмағанбетовтің «Ең бастысы дәрі-дәрмек бағасы реттеледі», «Огни Мангистау» газетіндегі ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы С. Айгаракованың «Судебная система - важное звено успешной реализаций Послания», Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы М. Ақмұратовтың «Введение принципа «единого окна» мақалалары жарияланды.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында есепті кезең ішінде бизнес ортаны жақсарту және кеңейту бойынша (жаппай кәсіпкерліктің жемісті жұмыспен қамтылуы бағдарламасын іске асыру, бизнес үшін шығындарды төмендету, өңірлерде бизнес жүргізуді жеңілдету, әлемдік стандарттарды енгізу) 59 материал жарық көрді. Оның ішінде баспа басылымдарында 34, электронды БАҚ-да 25 материал шықты.

Жолдауының міндеттерін, негізгі бағыттары мен іске асырылу барысын түсіндіру мақсатында облыстық «Маңғыстау» газетінде «Жолдауды қолдау, үндеуге үн қосу», облыстық «Огни Мангистау» газетінде «За строкой Послания» арнайы айдарлары ашылды. Сонымен қоса, Жолдаудың міндеттерін, негізгі бағыттары мен іске асырылу барысын түсіндіруде логотипті қолдана отырып 29 ақпараттық кесте, 23 инфографика әзірленіп, баспа басылымдарында (облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен», Бейнеу аудандық «Рауан», Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір», Мұнайлы аудандық «Мұнайлы», Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы», Қарақия аудандық «Қарақия» газеттері), интернет ресурстарда (7292info.kz, mnews.kz) орналастырылды.

Сонымен қатар, күн сайын «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы эфирінде тұрақты түрде телекесте жарияланып отырады. Облыстық ақпараттық-насихат топтарының ұйымдастырған түсіндірме жұмыстары күнделікті «Жаңалықтар» хабарында көрініс табуда.

Есепті кезең ішінде облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы эфирінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде тұрақты түрде (көрсету жиілігі - күніне 4 рет) мемлекеттік және орыс тіліндегі 24 бейнеролик көрсетілуде. Атап айтқанда, «Елбасы Жолдауының тарихи маңызы ерекше», «Агроөнеркәсіп», «Урбанизация», «Экономикалық өсім», «Денсаулық», «Жаңғырту», «Жастар Жолдауды қолдайды», «Инфрақұрылым болмай құрылыс басталмайды», «Улучшение качества человеческого капитала», және т.б. Аталған бейнероликтерде Жолдаудың негізгі бағыттары мен іске асырылу барысы жайында баяндалған. Бұдан өзге телеарна эфирінде Жолдауды түсіндіру бойынша 57 сюжет көрсетілді. Барлық бейнероликтер мен сюжеттерде Жолдаудың логотипі тұрақты түрде қолданылуда. Мемлекет Басшысының Жолдауын ақпараттық қолдау жұмыстары одан әрі де жалғасын табады.

Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша талдамалы мақалалар облыстық баспа БАҚ беттерінде көшіріп басылуда. Атап айтқанда, облыстық «Огни Мангистау» және «Маңғыстау» газеттерінде республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріндегі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкуретноспособность» атты мақалалар жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары бойынша БАҚ-да сөз сөйлеу мақсатында мемлекеттік органдар басшыларынан, мәслихат депутаттарынан,ұлттық компаниялар, гуманитарлық және техникалық зиялы қауым өкілдерінен, жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдар және этно-мәдени орталықтар өкілдерінен, сондай-ақ кәсіпорындар қызметкерлерінен тұратын спикерлер тізімі жасақталды.

Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында Жолдаудың іске асырылу барысын талқылау үшін мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, сарапшылардың қатысуымен «Менің құқығым», «Арнайы репортаж», «Резонанс», «Ел ертеңі», «Орта толсын», «Әйел және қоғам», «Ауыл және әкім», «Бақыттың кілті еңбекте», «Кәсіпкер», «Ашығын айтайық», «Көзбе көз», «Түйін», «Ашық әңгіме» бағдарламалары шеңберінде сюжеттер шығуда. Соның ішінде, «Менің құқығым» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы сотының судьясы Гүлажар Бақытжанқызы және Маңғыстау облысы прокуратура басқармасының прокуроры Нұрлан Дәлуұлы сияқты спикерлердің қатысуымен «Елбасы Жолдауы: заңнамаларды ізгілендіру» атты бағдарлама жарық көрді.

Бұдан бөлек, телеарна эфирінен «Арнайы репортаж» бағдарламасында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша облыс әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен өткен облыс активімен кеңес туралы бағдарлама көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы ақпарат Маңғыстау облысының жергілікті мемлекеттік органдардың веб-сайттарында орналастырылды. Барлық мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты айдар ашылып, жолдаудың мәтіні, 45 сұрақ-жауап және т.б. материалдар орналастырылды.

Маңғыстау облысында Жолдаудың мемлекеттік, орыс тілдеріндегі мәтіні бар 1000 (мемлекеттік тілде – 500 дана, орыс тілінде – 500 дана), Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 500 (мемлекеттік тілде – 250, орыс тілінде – 250), Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарында 300 (мемлекеттік тілде – 150, орыс тілінде – 150) брошюралар басып шығарылып, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне, сондай-ақ Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында халық арасында да таратылды. Бұдан өзге Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі 2000 дана (мемлекеттік тілде - 1000 дана, орыс тілінде – 1000 дана) әдістемелік көмекші құралдар екі тілде басылып шығып, тұрғындарға үлестірілді.


Соңғы жаңарту : 2017-06-22 15:48:25

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz