Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының сайлауына дайындық жұмыстарының жүрісі туралы АҚПАРАТ (2017 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша)

23.06.2017
19:02:48
0

2017 жылдың 23 маусымында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Күмісқали Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының сайлауына дайындық жұмыстарының жүрісі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ журналистер өздерінің сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының сайлауына дайындық жұмыстарының жүрісі туралы

АҚПАРАТ

(2017 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша)

2014 жылдың 28 маусымына тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына дайындық барысында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚР ОСК бекіткен Негізгі күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық қажетті жұмыстарды атқарды.

Бүгінде Маңғыстау облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелген 5 кандидаттың екеуі сайлау алды жұмыстарымен айналысуда. Олар: Нұрғалиева Халила Хабижанқызы - 1957 жылы туған, қазақ, Маңғыстау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Ақтау қаласында тұрады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі және Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы - 1959 жылы туған, қазақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтау қаласында тұрады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі.

Депутаттыққа кандидаттар сайлау алдылық үгіт-насихат шараларымен айналысуда. Олар облыс қалалары мен аудандарына барып таңдаушылармен кездесулер өткізуде. Облыстық сайлау комиссиясында кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат ережелерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Облыстық сайлау комиссиясы қалған үш кандидаттарды тіркеу туралы шешімдерінің күшін жойды. Оған себеп: 2 кандидаттың табыстары және мүлкі туралы декларацияларында көрсеткен мәліметтердің дұрыс еместігі анықталуына байланысты болса, 1 кандадат сайлау комиссиясына өз қалауымен тиісті жазбаша өтініш жасауына байланысты алынып тасталды.  

Таңдаушылардың (мәслихаттар депутаттарының) дауыс беруі 28 маусым күні сағат 9:00-де Ш.Есенов атындағы КМТжИУ мәжілістер залында ұйымдастырылған дауыс беру пунктінде өткізіледі.

Жергілікті БАҚ-ында жарияланған таңдаушылар тізімінде ҚР Парламенті Сенатының депутатын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында таңдайтын  114 мәслихаттар депутаттары көрсетілген.

Үстіміздегі жылдың 22-ші маусымында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы облыстық ТЖ департаментінің, жергілікті полицияның, облыстық телекоммуникациялар дирекциясының, "АУЭС" МКК-нің басшыларының қатысуымен өзінің кезекті отырысын өткізді. Отырыстың күн тәртібінде Маңғыстау облысында ҚР Парламенті Сенаты депутатының сайлауына толық дайындықты қамтамасыз ету мәселесі қойылды.

Сайлауға байқау жүргізуді облысымызға РФ-ның Татарстан Республикасынан және Ставрополь өлкесінен келетін ТМД байқаушылар Миссиясының өкілдері - 5 халықаралық байқаушылар жүзеге асырады.

Осыған қоса, ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезінде алдын-ала нәтижелерді көрсете отырып таңдаушыларды электрондық тіркеу пилоттық жобасын іске асыратынын хабарлаймыз.

Интернет қолданушыларға дауыс беру күні ҚР ОСК ресми интернет-ресурсында онлайн режимінде таңдаушылардың қатысуын және дауыс берудің алдын-ала нәтижелерін көруге мүмкіндік беріледі.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы


Соңғы жаңарту : 2017-06-23 23:25:45

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz