Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг

01.06.2017
11:34:56
0

29-30 мамыр күндері Маңғыстау облысының білім басқармасының бастамасымен «Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім мазмұнын кезең-кезеңмен енгізу барысын жүйелеу, оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстыру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

 Семинарға келесі оқу жылында 1,2,5,7 сыныптарға жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ беретін 300-ден астам пән мұғалімдері қатысты.

Семинардың пленарлық отырысына білім басқармасы басшысының орынбасары Мамаева Гүлмира Қасымқызы қатысты.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары «Білім беру бағдарламалары орталығы» директорының орынбасары Мағзұмова Арайлым Қуанышқызы семинар қатысушыларына жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушы жетістігін критериалды бағалау жөнінде түсінік берді.

Семинардың екінші бөлімі секциялық отырыстарға арналды.

Білім басқармасының арнайы шақыртуымен келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының филиалы, «Білім беру бағдарламалары орталығының» 18 тренері әрбір пән бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында практикалық сабақтар, тренингтер өткізді.

Секциялық отырыстар 15 бағытта жүргізілді:

-Қазақ тілі мен әдебиеті – Аубакирова Жансая Жусуповна

-Орыс тілі мен әдебиеті – Кожамкулова Гульмира Есенбековна

-Ағылшын тілі – Айтбаева Анжела Давыдовна

-Математика – Кадырбеков Куанышбек Нурмаганбетович

-Информатика – Имангалиева Гульжанат Саиновна

-Қазақстан тарихы/дүниежүзі тарихы –Унгарбаева Айымгуль Есенжановна,  

  Калиева Бибигуль Каримовна

-Жаратылыстану – Хасенова Нурсауле Алиевна

-Химия – Акпаева Гульзара Имантаевна

-Биология – Жакибаева Асель Жумабеккызы

-География – Букенова Саида Бекбулатовна,

  Жунусбаева Марал Турмыскызы

-Физика – Кажкенова Дина Муратовна

-Музыка– Оспанова Анар Досановна

-Көркем еңбек – Сейтмолдинов Даркан Назарбекович

-Бастауыш сынып (қазақ тілді мектептер) – Байтенова Каламкас  Кидырбековна        

-Бастауыш сынып (орыс тілді мектептер) – Рахимжанова Ботагоз Базарбаевна

Семинардың екінші күні «Білім алушылардың оқу жетісітігін критериалды бағалау жүйесін енгізу» тақырыбына арналды.

Бұл күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары «Педагогикалық шеберлік орталығының» Ақтау қаласындағы филиалының тренерлері Тлеуов Кайрат Кипчакбаевич, Калиева Даметкен Жиенгалиевна, Рысбекова Алия Айтбаевна «Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалауды тиімді ұйымдастыру мен іске асыру» тақырыбында тренингтер өткізді.

Түстен кейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының филиалы, «Педагогикалық өлшеулер орталығымен» тікелей байланыс орнатылып, сұрақ-жауап форматында онлайн-сессия өткізілді.

Орталық директорының орынбасары Шилибекова Айдана Сенбековна «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» туралы толық түсінік берді.

Мектеп мұғалімдері жаңа оқу бағдарламаларын құрастырушы авторлардан дәріс алып, көптеген өзекті сұрақтарға тиімді жауап алды. 


Соңғы жаңарту : 2017-06-01 11:35:15

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz