Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
ҚР Ұлттық Банк жайлы
Добавлено: 28.06.2017
Изменено: 03.07.2017
Просмотров: 29

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» республикалық мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеті Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің тұрақтылығына және баға тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады.

Филиал Ұлттық Банктің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді  іске асыруға жәрдемдеседі.

Филиалға мынадай міндеттер:

1)  Ұлттық Банктің мемлекеттің ақша-кредит саясатын жүргізуіне жәрдемдесу;

2)  Ұлттық Банктің қолма-қол жасалмайтын төлемдерді дамыту жөніндегі іс-шараларына қатысу;

3)  валюталық реттеуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4)  қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

5)  қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге тұлғаларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға жәрдемдесу; 

6)  қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

7)  Ұлттық Банктің ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыру жөніндегі функцияларды орындауы шеңберінде ведомстволық статистикалық бақылауларды жүргізу;

8)  Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер жүктеледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы