Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Денсаулығыңызды сақтандыру емханаға тіркелуден басталады

13.07.2017
10:53:25
0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева, Ақтау қалалық №2 емханасының бас дәрігері Бектібай Төлегенов және Ақтау қалалық №1 емханасының бас дәрігері Орынша Жұмалиеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясы халықты емханаларға тіркеу науқаны мәселесіне арналды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаеваның айтуынша, елімізде міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін енгізіліп отыр. Сондықтан да облыс тұрғындары белсенділік танытып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек алу үшін алдымен тұрғылықты мекенжайы бойынша қаралатын емханаға барып, тіркелуі қажет. Алдымен емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазуы керек. Тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады. Емханаға тіркелу интернет пайдаланушылар үшін де ыңғайлы. «Электронды үкімет» (еgov.kz) порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырып сұрау салуға болады. Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алып, өтініш берушінің тіркеу туралы талоныңызды ресімдейді. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты «еgov» порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтауға болады.

— Биылғы жылғы 1 шілдеден бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіле бастайтыны баршаңызға мәлім. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары және сақтандырылған тұлғалар үшін медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер қолжетімді болмақ. Тұрғындар медициналық көмектен тыс қалмауы үшін елімізде «Емханаға тіркел де-медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталған болатын. Науқан 5 сәуір мен 31 маусым аралығында жүргізіледі. Қазірден бастап әрбір азамат өзінің қай санатына жататынын анықтап алуы керек. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны түсініп алған жөн. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыреті бойынша жүзеге асырылады. Азаматтар дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. АМСҚ ұйымдары азаматтар жеке өтініш білдірген кезде тіркеуді жүзеге асырады. Отбасы мүшелерін тіркеу отбасы мүшелерінің бірінің негізінде отбасы мүшелерінің олардың жазбаша келісімі болған жағдайдажәне еркін нысандағы өтініштіотбасының әрбір мүшесіне жеке басын куәландыратын құжаттарын беру кезінде жүзеге асырылады. Жалпы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу дамыған 50 елдің тәжірибиесіне сүйеніп, қолға алынды. Бұл жүйенің тиімділігі, әрбір азаматтың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыратындығы дамыған елдердің тәжірибиесінде әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан да уақыт өткізбей науқанға белсене қатысып, денсаулығыңызды сақтандыру-емханаға тіркелуден басталатын тұрғындардың қаперіне беремін,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева.

Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу бойынша аумақтық жақындығын да ескергеніңіз жөн. Өйткені, емхананың жақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы болуы керек. Дәрігерді үйге шақыру кезінде де қиындық туғызбағаны жақсы.

— Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі медицина мамандарына жүктелген үлкен жауапкершілік деп айтуға болады. «Емханаға тіркел де-медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталғаннан бері біздің учаскелік дәрігерлер біздің емханаға қарайтын әр үйге, әр пәтерге барып, құжаттарды рәсімдеуде. Бірақ тұрғындар арасында түсінбеушіліктер орын алуда. Көпшілігі сенімсіздік танытып, несие алуға құжат жинап жүрген боларсыздар деп күмәнмен де қарап жатады. Сондықтан да тұрғындарды медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықтау үшін науқан басталғаны жөнінде ақпараттандыруға БАҚ өкілдері де атсалысса дейміз. Айта кету керек, біздің емханада 14 500 адам тіркелгені анықталып отыр, енді олардың өз мәртебесін анықтауы ғана қалды,-дейді Ақтау қалалық №1 емханасының бас дәрігері Орынша Жұмалиева.

Жалпы бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 629 289 адам емханаларда тіркелген. Соған қарамастан, еліміздің денсаулық саласына енгізілгелі отырған жаңа медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты әрбір азамат қайтадан емханаға барып, тіркеліп, өз мәртебесін анықтауы керек.

Ақпарат көзі: 7292info.kz. Венера МИРЛАН


Соңғы жаңарту : 2017-07-18 15:41:43

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz