Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстегі жаңа өзгерістер

24.07.2017
13:16:22
0

11 шілдеде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілген.

Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне де қатысты.

Басты жаңалықтардың бірі әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді.

Енді соттың қаулылары Жоғарғы Соттың Төрағасы мен Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасының бастамасымен қайта қаралуы мүмкін.

Бұл үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші, олардың заңды өкілдері, қорғаушылары, заңды тұлғалардың өкілдері Жоғарғы Сотқа ұсыныс енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Мұндай құқық орталық мемлекеттік органдарға да берілген.

Ұсынуды енгізу туралы өтінішхат Әкімшілік кодекстің 848-бабында көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Бұл ретте процеске қатысушылар міндетті түрде өтінішхаттарда мыналарды көрсетуі қажет:

-  қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатынын;

-  қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;

-  қаулы құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатынын.

Мұндай талаптар кассациялық наразылық келтіру туралы прокуратура органдарына берілетін өтінішхаттарда да көрсетілуі тиіс.

Аталған негіздер Әкімшілік кодекстің 851-бабының 5-бөлігіне сәйкес Жоғарғы Соттың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін ерекше жағдайлар болып табылады.

Заңның талаптары 2017 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 

Бас прокуратураның

әкімшілік істер бойынша

сот актілерінің заңдылығын

қадағалау бөлімінің бастығы

А. Чорманов

Ақпарат көзі: prokuror.gov.kz.

Соңғы жаңарту : 2017-08-01 13:19:22

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz