Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы

18.08.2017
17:13:23
0

Маңғыстау облысы аумағын

аймақтарға бөлу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін -  өзі басқару туралы», 2002  жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы»  заңдарына және Қазақстан Республикасы  Ауыл  шаруашылығы министрінің  міндетін  атқарушының 2009  жылғы  31 желтоқсандағы № 767 «Аумақты аймақтарға бөлу  қағидаларын  бекіту  туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 6027  болып  тіркелген)  сәйкес  облыс  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Төмендегі аудандар мен қалалар аумақтары вакцинациямен қолайлы

аймаққа жатқызылсын:

күл (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

пастереллез (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

брадзот және энтеротоксемия (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған  аудандарының аумақтары;

сібір жарасы (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

құтыру (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу,  Қарақия,  Маңғыстау,  Мұнайлы, Түпқараған  аудандарының аймақтары;

оба (түйе) бойынша - Ақтау,  Жаңаөзен  қалаларының,  Бейнеу,  Қарақия,  Маңғыстау,  Мұнайлы,  Түпқараған аудандарының  аймақтары;

қарасан (мүйізді  ірі  қара) бойынша - Ақтау,  Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу,  Қарақия,  Маңғыстау,  Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

жоғарыпатогенді құс тұмауы (құстың барлық түрі) бойынша - Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары.

2. Маңғыстау облысының басқа (жоғарыда аталғаннан басқа) аумақтары вакцинациясыз қолайлы аймаққа жатқызылсын.

3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.С.Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және  бұқаралық ақпарат құралдарында  ресми  жариялануын,  Маңғыстау  облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы  қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  Е. Тоғжанов


Соңғы жаңарту : 2017-08-18 17:13:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz