Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты

20.09.2017
17:19:22
0

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты

1. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесінен тұрады. Стандарт жергілікті мемлекеттік органдар қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлығын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайына қол жеткізуге, сол сияқты сыбайлас жемқорлық көріністерін тиісті уақытында анықтау мен олардың теріс зардаптарының алдын алуға арналған.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың қоғамдық қатынастарының оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

3.1.1. Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстанып іске асыру;

3.1.2. заңды және жеке тұлғалардың құқықтары, еркі мен заңды мүдделері сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету;

3.1.3. қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу;

3.1.4. кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тартуды ұстану; үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүру;

3.1.5. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау;

3.1.6. тұрғындардың мемлекеттік қызмет алушы ретінде сұрауларына бейімделе отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша үнемі шара қолдану;

3.1.7. мемлекеттік қызметті алуға қатысты түскен өтініштерді, лицензиялар мен рұқсат қағаздарын қарау кезінде кешіктіру фактілеріне жол бермей, белгіленген уақытта ұсыну;

3.1.8. мемлекеттік қызметтер, лицензиялар мен рұқсат қағаздар алуға өтініш бергендермен қызметтік емес қатынастар құрмау;

3.1.9. құқық бұзушылық және қылмыс жасауға тарту әрекеті туралы басшыға хабарлау;

3.1.10. «бір терезе» қағидасын ұстану, мемлекеттік қызметті, лицензиялар мен рұқсат қағаздарын алушымен тікелей байланысты барынша азайту;

3.1.11. мемлекеттік қызметті көрсету, лицензия немесе рұқсат құжаттарын алу үшін бекітілген тізімге кірмейтін қосымша құжаттардың ұсынылуын талап етпеу және сұратпау;

3.1.12. қызметті алушылардан ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды  талап етпеу;

3.1.13. автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызмет көрсету туралы қарауға қабылданған өтініштер, оларды қарау ахуалы туралы мәліметтерді уақытында енгізу;

3.1.14. лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты мемлекеттік қызметшіге белгілі болған, заңға сәйкес конфиденциалдық сипаттағы мәліметтерге немесе қызметтік ақпаратқа жатқызылған деректерді жарияламау және мемлекеттік қызметке байланысты емес мақсаттарда пайдаланбау;

3.2. өз құзыреті шегінде басқару және басқа шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

3.2.1. рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

3.2.2. қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;

3.2.3. қарамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;

3.2.4. олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдануда әділдік пен объективтілік көрсету;

3.2.5. нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;

3.2.6. қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағыларының қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

3.2.7. қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

3.2.8. қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

3.2.9. қарамағындағы қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардан туындайтын қызығушылықтар жанжалын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақтылы қабылдау;

3.2.10. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдау;

3.2.11. қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру;

3.2.12. қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу;

3.2.13. қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысы, жеке қызығушылық туралы, сыбайлас жемқорлыққа немесе сыйлықтар алуға итермелеу туралы тікелей басшыға баяндау;

3.2.14. қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және арам пиғылды мүдделерді басшылыққа алмау;

3.2.15. басшылар мен әріптестерге қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың қызметтік шешімді ымырасыз қабылдауына әсер етуі мүмкін заңсыз өтініш жасаудан аулақ болу;

3.2.16.басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелемеу және ынталандырмау;

3.2.17. әріптестеріне, басшыларға және басқа лауазымды тұлғаларға қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар бермеу;

3.2.18. қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамау;

3.2.19. мүліктік және мүліктік емес пайда мен басымдылық алу мақсатында таралуға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбау;

3.2.20. егер тағайындау туыстық қатынаста тұратын тұлғалардың (ата-анасы, жұбайы, бауыры, апа-қарындасы, балалары, жиендері, ағалары, тәтелері, әжелері, аталары, жұбайының жақын туыстары) тікелей бағынышына немесе бақылауына байланысты болса, лауазымға тағайындалудан бас тарту;

3.2.21. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;

3.2.22. сыбайлас жемқорлықтың, сол сияқты материалдарды тездетіп қарағаны үшін әлдебір пайда алуға итермелеу немесе сөзбұйдалық бойынша белгілі болған деректер туралы дереу басшылыққа хабарлау;

3.2.23. орындау үшін берілген өкімнің заңдылығы туралы күмәнді дереу жазбаша түрде тікелей басшыға хабарлау;

3.2.24. егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысында болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;

3.2.25. жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қолдау және әріптестерінен талап ету;

3.2.26. орын алуы мүмкін мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен олардың зардаптарының себептері мен жағдайларын жою бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;

3.3. нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде:

3.3.1. заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;

3.3.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде жеке және (немесе) ұжымдық мүдделер үшін дискрециялық нормалардың, қос мағыналы, жалпылама түйіндеулердің болуына, қолданыстағы заңнаманың олқы тұстары мен қайшылықтарын пайдалануға жол бермеу;

3.3.3 нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде қолданыстағы заңнамамен белгіленген тікелей өкілеттіліктің болуын басшылыққа алу;

3.4. тіршілік саласының ерекшеліктеріне байланысты туындайтын басқа қарым-қатынастар кезінде:

3.4.1. олардың алдын алу, бұзушылық деректері қайталап орын алуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық қатерлерін зерделеу мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық көріністері деректерін тұрақты негізде зерделеу;

3.4.2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету іс-шараларының жүйесін енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және басшылыққа енгізу;

3.4.3. материалдық-техникалық және өзге қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті тек өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты қолдану.

4. Басқа да шектеулер мен тыйымдар:

4.1. мемлекеттік қызметшілерге саяси партиялардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың шешімдері өзінің кәсіби қызметтік жұмысына әсер етуіне жол бермейтін бейтараптық қатынас ұстану қажет;

4.2. мемлекеттік қызметшілер сайлау алдындағы үгіт үшін, сол сияқты референдум мәселесі бойынша үгіттеу үшін лауазымдық жағдайының басымдығын пайдаланбаулары керек;

4.3. мемлекеттік қызметшілер саяси партиялардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың мүдделері үшін өзінің лауазымдық құзыретін пайдаланбауы керек;

4.4. мемлекеттік қызметшінің қызметтік мінез-құлығы конституциялық қағидаттардан туындауы керек, соған сәйкес адам, оның құқықтары мен еркі жоғары құндылық болып табылады және әрбір азамат өзінің жеке өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қол сұққызбауға, ар-ожданы мен өзінің адал атын қорғауға құқылы;

4.5. мемлекеттік қызметшінің мінез-құлығы сыпайы болуы керек, оған адамдарға дөрекілік танытуға, өзін олардан жоғары ұстауға, намысына тиюге, қоқан-лоққы көрсетуге жол беруге болмайды;

4.6. мемлекеттік қызметші қарамағындағылар үшін үлгі болуы керек (адал, әділ, ымырасыз, сыпайы, ізгі ниетті, мұқият болу және азаматтармен, әріптестермен қатынаста шыдамдылық таныту);

4.7. өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде қызмет жағдайы мен қызметтік іс-шараның форматына байланысты мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті азаматтардың мемлекеттік органдарға деген құрметіне ықпал етуі, жалпы қабылданған ресми, ұстамды, дәстүрлі, ұқыпты іскерлік үлгіге сай болуы керек.


Соңғы жаңарту : 2017-09-20 17:19:23

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz