Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

БАҚ-ына арналған брифинг өткізілді

02.10.2017
17:55:12
0

2017 жылдың 2 қазанында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы Аймақтық коммуникациялар қызметінде БАҚ үшін шығып қалғандардың орнына жергілікті мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы нәтижелері бойынша брифинг өткізді.

Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге байланысты сайлау комиссиялары 2017 жылдың 29 қазанына тағайындалған сайлау өткізудің бекітілген негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес өз жұмыстарын жүргізуде.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес 3 облыстық, 1 Жаңаөзен қалалық, 1 Қарақия аудандық және 1 Мұнайлы аудандық депутаттарының сайлаулары өткізіледі.

Үстіміздегі жылдың 29 тамызы мен 5 қыркүйегінде облыстық "Маңғыстау" және "Огни Мангистау" газеттерінде облыстың тиісті аудан және қала әкімдерінің аумақтық сайлау комиссияларымен бірлескен аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының орны мен құрамдары жөнінде және учаскелік сайлау комиссияларының шекаралы туралы хабарламалары жарияланды.

2017 жылдың 15 қыркүйегінде облыстық сайлау комиссиясы қалалық, аудандық,  округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларымен семинар – кеңес өткізді. Семинар – кеңесте сайлауға дайындық  мәселелері кеңінен талқыланды. 

Атап айтқанда, округтер мен сайлау учаскелерінің құрамдарын оқыту, депутаттыққа ұсынылатын кандидаттарға түсінік беру, заңға сәйкестігін тексеру, кандидаттарды тіркеу, тағы басқа сайлауға дайындық пен өткізуге қатысты маңызды мәселелерге көңіл бөлінді.

29 қыркүйекте маслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.

Барлығы 22 адам ұсынылды, олардың 3-еуі оз өтініштерін қайтып алды. Округтік сайлау комиссиялары ұсынылған 18 адамды депутаттыққа кандидат ретінде тіркеді, бір кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігі анықталуда. Тіркелген 18 депутаттыққа кандидаттардың 12-сі өзін-өзі ұсынған болса, алтауы "Нұр Отан" партиясынан ұсынылды.

Кандидаттың ҚР Конституциясының және "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталған соң тиісті округтік сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуге кіріседі. Кандидаттарды тіркеу 3 қазан күні аяқталады.

2017 жылдың 4 қазанынан бастап мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кіріседі. Үгіт-насихат жұмыстары 27 қазан күні сағат 24.00-де аяқталады. Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары сайлауды дайындау және өткізу мерзімінде өз аумақтарында сайлау заңнамасының бұзылмауын қадағалайды.

Аудандар мен қалалар әкімдері сайлау сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімдерін нақтылау үшін дауы беруге 20 күнен кешіктірмей табыстайды. Нақтыланған сайлаушылар тізмдерін Тізімдер бүгінде нақтылану үстінде. Өз кезегінде учаскелік сайлау комиссиялары Нақтыланған сайлаушылар тізімдерін 2017 жылдың 13 қазанына сайлаушыларға танысу үшін ұсынады.

Дауыс беруге 10 күн қалған мерзімнен кешіктірілмей сайлаушылар дауыс берудің өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы

 


Соңғы жаңарту : 2017-10-02 17:55:14

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz