Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Пресс-релиз
Добавлено: 02.11.2017
Изменено: 02.11.2017
Просмотров: 191

2017 жылдың 29 қазанында Маңғыстау облыстық мәслихатының 3 округтерінде, Жаңөзен қалалық мәслихатының 1 округінде, Мұнайлы аудандық мәслихатының 1 округінде және Қарақия аудандық мәслихатының 1 округінде шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарының сайлауы болып өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай мәслихат депутаттарына кандидаттыққа 22 адам ұсынылған болатын, олардың ішінен 6 – "Нұр отан" партиясынан ұсынылған болса қалғандары өзін өзі ұсынғандар.  Округтік сайлау комиссиялары ұсынылғандардың 20-сын депутаттыққа кандидаттар ретінде тіркеді. Сайлау науқаны барысында округтік сайлау комиссиялары 8 кандидатты тіркеу туралы шешімдерінің күшін жойды, олардың ішінен екі кандидатты тіркеу туралы шешімдердің күші салық органдарының берген анықтамаларына сәйкес жойылағн болса, 6 кандидат өз өтініштерімен депутаттыққа кандидаттықтан бас тартты.

Дауыс беру 34 сайлау учаскелерінде өткізілді. Сайлау округтеріндегі сайлаушылардың жалпы саны 56118 болды, олардың 47768-і дауыс беруге қатысты, бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың санының 85,1% құрайды.

Дауыс беру нәтижелері бойынша  келесі кандидаттар депутат болып сайланды:

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып Трұмов Серікбай Өтелгенұлы, 1964 жылы туған, қазақ, Ақтау қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Күлмеханова Дина Тілепбергенқызы, 1969 жылы туған, қазақ, Мұнайлы ауданы №4 орта жалпы білім беру мектебінің директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Дербісов Қалым Бисенұлы , 1963 жылы туған, қазақ, "Каспий АҚ" ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланған болса, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты болып Қалдаманов Есенбай Әбиұлы, 1968 жылы туған, қазақ, Жаңаөзен "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжінің директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қарақия аудандық мәслихатының депутаты болып Сабытова Дина Жауымбайқызы, 1967 жылы туған, қазақ, "Нұр Отан" партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаты болып Сарбасов Нұрлан Жәңгірханұлы, 1980 жылы туған, қазақ, "Түпқараған" ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

Сайлау жүрісіне саяси партиялардан 26 байқаушылар, депутаттыққа кандидаттардың 43 сенім білдірген адамдары және 5 БАҚ өкілдері бақылау жасады. Сайлауды дайындап өткізу барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясына, аумақтық сайлау комиссияларына депутаттыққа кандидаттардан, сайлаушылар мен байқаушылардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

Жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына толықтай сәйкес өткізілді.

Облыстық сайлау комиссиясы


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы