Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

14.11.2017
10:28:20
0

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 11342 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
10 шілдеде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу:

1-тармақта:

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» атты көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтің стандартында:

3-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жәрдемақыны тағайындау және тағайындалған жәрдемақы туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал).»;

4-тармақта:

1) тармақшаны келесі редакцияда көрсету:

«1) порталға, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияда тіркеу мезетінен бастап – 7 (жеті) жұмыс күн;»;

5 тармақты келесі редакцияда көрсету:

«5. Көрсетілудегі мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық/қағаз нұсқада.»;

8-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда – порталда тәулік сайын (қызмет тұтынушы жұмыс уақыты біткеннен кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).»;

9-тармақта:

бірінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«9. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде мүгедек-баланы асыраушыға жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және келесі құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға:»;

келесі мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтыру:

«порталға:

жәрдемақы тағайындау үшін – мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

Тұрғылықты мекенжайын растайтын құжаттардың, бала (балалардың) туылуы туралы куәліктің мәліметтері немесе 2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан, 2008 жылғы 1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (некені бұзу) туралы куәліктен үзінді, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) орнатуды немесе асырап алуды растайтын, оған қоса, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы қызмет алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.».»;

келесі мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтыру:

«портал арқылы – қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы статус көрсетіледі.»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 1-1 қосымшасымен толықтыру;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартын алып тастау;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда көрсету;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» Мемлекеттік қызмет стандартында:

3-тармақты келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемемен (бұдан әрі – Орталық);»;

4-тармақтың 1) тармақшасын келесі редакцияда көрсету:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) қызмет алушыға, Орталыққа, ауылдық округ әкіміне, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакетін тапсыру мезетінен бастап –
15 минут;»;

8-тармақты келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) Орталықтың - с 08.30, 9.00 сағаттан 18.00, 18.30 сағатқа дейін түскі үзіліспен 12.30, 13.00 сағаттан 14.00, 14.30 сағатқа дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес;

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін 13.00-14.30 сағат аралығындағы түскі үзіліспен.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.»;

9-тармақта:

екінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«қызмет берушіге, Орталыққа, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға: қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат.»;

алтыншы абзацты келесі редакцияда көрсету:

«Қызмет беруші, Орталық, Мемлекеттік корпорация егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі қарастырылмаса, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде бармәліметтерді пайдалануға қызмет алушының жазбаша келісімін алады.»;

10-тармақты келесі редакцияда көрсету:

«10. Қызмет алушы мемлекеттік қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттар пакетін ұсынған жағдайда мемлекеттік қызметтің осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.»;

3-тараудың атауын келесі редакцияда көрсету:

«3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ауылдық округ әкімінің, Орталықтың, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;

11-тармақта:

бірінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың, ауылдық округ әкімінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.»;

төртінші және алтыншы абзацты келесі редакцияда көрсету:

«Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация, Орталық басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.»;

«Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Орталықтың немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.»;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 3-қосымшамен толықтыру;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;» мемлекеттік қызметінің Стандартымен толықтыру;

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі  Т. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және

коммуникациялар министрі

_____________ Д.Абаев

____ ________ 2017жыл

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

_____________ Т. Сүлейменов

____ ________ 2017 жыл


Соңғы жаңарту : 2017-11-15 10:35:33

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz