Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Добавлено: 28.10.2017
Изменено: 10.01.2018
Просмотров: 151

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қарашада № 14463 болып тіркелді.

РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізілді

 "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары бекітілсін.

 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова):

 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

 "КЕЛІСІЛДІ"

 Қазақстан Республикасының

 Ұлттық экономика министрі

 _____________ Қ. Бишімбаев

 2016 жылғы 25 қазан

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 20 қазандағы
№ 214 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

 1. Осы Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында мемлекеттік органдардың қызметін бағалау, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.

 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

 1) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы (бұдан әрі – Портал);

 2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік саясатты әзірлеу мен қалыптастыруды, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

 3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

 4) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

 5) Порталдың автоматтандырылған жұмыс орны – Порталда орналастырылатын баптаулар мен контентті басқаруға арналған оператор ұсынатын қосымша (бұдан әрі – автоматтандырылған жұмыс орны);

 6) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

 7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

 8) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

2-тарау. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыру тәртібі

 3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды бағалау қортындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 53 тармағына сәйкес жасырын, қызметтік және заңмен қорғалатын құпия режимді қамтамасыз етуді ескере отырып Порталда мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың жарияланған нәтижелерін қамтамасыз етеді.

 4. Мемлекеттік органдар Порталда есептік жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептерді орналастырады.

 5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары Порталда есептік жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептерді орналастырады.

 6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары Порталда есептік жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ауданды (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептерді орналастырады.

 7. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін блоктар бойынша бағалау туралы ақпарат, стратегиялық жоспарлардың мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпаратты құрамайтын бөлігінде орналастырылады.

 8. Мемлекеттік органдар есептерді Порталда орналастыруды және автоматтандырылған жұмыс орнымен жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлерін өздігінен айқындайды.

 9. Оператор мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерін қажетті ақпаратты Порталда орналастыру үшін автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалану бойынша оқыту жүргізеді.


Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіа қпараттың дерекнамасы болып табылады.

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы