Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының 2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

10.02.2018
09:46:08
0

«Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламаларының аясында 2017 жылы сумен жабдықтау жөніндегі 11 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 3 957,1 млн. теңге бағытталды.

4 жобаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (Мұнайлы ауданының Атамекен ауылдық округіндегі, Батыр ауылдық округіндегі (1 және 2-кезектер) және Баянды ауылының «Баянды-3» тұрғын жай алабындағы сумен жабдықтау желілері).

7 жоба бойынша жұмыстар жалғасуда (Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округінде және Жармыш ауылында, Қарақия ауданының Бостан ауылында, Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында және Маңғыстау ауылының «Маңғыстау-4» тұрғын жай алабында сумен жабдықтау желілерін, Бейнеу ауданының Боранқұл және Сарға ауылдарында су тазарту құрылыстарын және поселкеішілік су құбырларын салу).

2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу ауылдық елді мекендерде (АЕМ) 64% құрайды (39 АЕМ) құрады.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2017 жылы «Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылында ауыз су құбыры мен тұрмыстық канализация жүргізу. 1-кезек. Түзету» жобасын іске асыру басталды. Осы мақсатқа Ұлттық қордан 1 450,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнде 16,7 км су құбыры желілері тартылды. Жоба 2018 жылға өтеді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 2016 жылы бөлінген қаражат есебінен Ақтау қаласы 33 «Аққу» шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) аяқталды.

Жергілікті бюджет есебінен 2017 жылы Бейнеу ауылында электр желілерін, Бейнеу ауылынан Есет ауылына дейін жоғары кернеулі электр желілерін, Сенек ауылында электрмен жабдықтау желілерін, Мұнайшы ауылында 6кВ ӘЖ электр желілерін салу және «Жетібай-110» қосымша тарату пунктін және ТҚС (трансформаторлық қосалқы станция) орнату жүргізілді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 57,8 млрд. теңге бағытталды (2016 жылы – 47,7 млрд. теңге). Одан білім беру объектілерін дамытуға 7,2 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7,0 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,2 млрд. теңге бағытталды.

Жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға –  503,8 млн. теңге, күрделі жөндеу жүргізуге – 867,5 млн. теңге бөлінді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 3 ауысыммен оқыту проблемасын шешу мақсатында Жаңаөзен қаласының «Рауан» және «Рахат» шағын аудандарында, Ақтау қаласының 32а шағын ауданында әрқайсысы 900 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданының Басқұдық және Қызылтөбе ауылдарында әрқайсысы 600 орындық орта мектептердің 2018 жылы аяқталатын құрылысы басталды. Осы мақсаттарға Ұлттық қордан барлығы 4,4 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының Ащыбұлақ-2 шағын ауданында, Түпқараған ауданының  С. Шапағатов ауылында әрқайсысы 600 орындық орта мектептердің, Құрық ауылының Ералиев станциясында 300 орындық орта мектептің және Жаңаөзен қаласының «Арай» шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі кезде облыс бойынша 134 мектептің барлығы немесе 100% Интернетке, оның ішінде 124 мектеп немесе 929,5% кең жолақты Интернетке қосылған.

2017 жылы 1989 орындық 25 жекеменшік балабақша ашылды.

Бүгінге облыс бойынша 262 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларда барлығы 40,6 мың бала қамтылған. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 93,1% құрайды (2016 жылы – 83,5%).

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы балабақшалар салу және ашу жөніндегі 18 жобаны іске асару жүргізілуде, оның ішінде 5 жоба бойынша шарттар жасасылды.

«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының аясында, облыстың 16 колледжінде 23 мамандық бойынша республикалық бюджет есебінен – 1131 студент, жергілікті бюджет есебінен – 400 адам оқып жатыр.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 11,1 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде, денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бағытталды. Ақтау қаласында 150 орындық Ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасып, оны 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.

Жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 294,1 млн. теңге, денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге – 622,6 млн. теңге бөлінді.

Сәбилер өлім-жітімінің деңгейі 2017 жылда 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,4-ті құрады (2016 жыл – 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,5). Ана өлім-жітімінің 2 фактісі тіркелді (2016 жылда – 1 жағдай). Негізгі себеп – әйелдер денсаулығының төмен индексі.

Туберкулезбен ауыру 100 мың тұрғынға шаққанда 2016 жылдағы 59,2-ден 2017 жылы 55,8-ге дейін азайды. Қатерлі ісіктермен ауыру 100 мың тұрғынға шаққанда тиісінше 134,4-тен 131,7-ге дейін төмендеді.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 42,8 млн. теңге сомасына телеметриялық ЭКГ (50 бірлік) пайдалануға берілді. Маңғыстау облыстық ауруханасының Инсульт орталығы 20,4 млн. теңге сомасына 50 бірлік жабдықпен, Жаңаөзен қалалық ауруханасының инсульт орталығы 19,5 млн. теңге сомасына 32 бірлік жабдықпен жарақталды. Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы үшін 52,4 млн. теңге жалпы сомасына 8 санитарлық автомобиль сатып алынды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша дәрігер кадрлардың тапшылығы 358 адамды құраса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 240 маманға дейін төмендеді.

Облысқа 2017 жылы 83 жас маман (дәрігер) келіп, оның ішінде 29 маманға жалдамалы тұрғын үй, 2 маманға жатақханада орын, 11 маманға қызметтік пәтерлер берілді, ауылдағы 39 маманға көтерме жәрдемақы төленді.

Денсаулық сақтау саласында МЖӘ тетігі бойынша мынадай жобалар іске асырылуда:

- Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру (шартқа қол қойылды);

- Мұнайлы ОАА-ның зертханасын пайдалану (оң экономикалық қорытынды алынды);

- Маңғыстау облыстық ауруханасында және Бейнеу ОАА-нда компьютерлік томографтар орнату және сервистік қызмет көрсету (оң экономикалық қорытынды алынды);

- МСАК ұйымдарында сарапшылық кластағы УДЗ орнату және сервистік қызмет көрсету (оң экономикалық қорытынды алынды);

- Ақтау қаласының 34 шағын ауданында ауысымына 500 келушіге арналған қалалық емхана салу (конкурс жарияланды).

Облыстың спорт және дене шынықтыру саласында 627 спорт құрылысы жұмыс істейді, бұл – 2016 жылмен салыстырғанда10,2%-ға көп. Оның ішінде, ауылдық жерде 242 құрылыс орналасқан. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халық саны өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға немесе 194,8 мың адамға дейін артты, бұл – облыс тұрғындарының 29,7%-ын құрайды.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде 126,1 мың бала оқып жатыр, оның ішінде 36,6 оқушы немесе мектеп оқушыларының жалпы санының 29,02%-ы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

2017 жылда 493, оның ішінде халықаралық және республикалық ауқымдағы 43 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Оларға шамамен 33,5 мың адам қатысты.

Инвесторлар қаражатының есебінен 2017 жылы Ақтау қаласының 34 шағын ауданында «Батыр» (ДК «Ильяс Бейсенгалиев») және 33 шағын ауданында «Маңғыстау Арена» (NCOC) спорт кешендері, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында «Иса» спорт кешені, Шетпе ауылында «Азамат» спорт залы, Ақшұқыр ауылында «Ер Қосай Құдайкеұлы» спорт кешені пайдалануға берілді.

Жергілікті бюджет есебінен Ақтау қаласы № 16 мектебінің аумағында мүгедектерге арналған спорт залы салынды.

МЖӘ тетігі бойынша Ақтау қаласы № 2 мектебінің аумағында аусымына 20 орындық көп функционалды спорт залының құрылысы аяқталды (жауынгерлік өнер клубы ашылды). Тағы осындай 2 спорт залының құрылысы №10 және 28 мектептердің аумағында жүргізілуде.

Мәдениет саласын қаржыландыруға 2017 жылы 2,6 млрд. теңге бөлінді (2016 жылы – 2,4 млрд. теңге). Оның ішінде, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 101 млн. теңге бағытталды. Облыстық кітапхананың кітап қоры 1504 дана кітапқа толықты.

2 тарихи және мәдени ескерткішке («Жамбауыл» қорымы, «Мұрын жырау» мұражайы) 10,1 млн. теңге сомасына реставрациялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының 2 объектісіне 1,8 млн. теңге сомасына жобалар әзірленді, 6 объектіні (Алтынәлі, Бөрілген, Қожакүмбет, Көккүмбет, Жолжан, Айымбет) реставрациялау жұмыстарына 6,7 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленді.

Облыс бойынша 2079 әлеуметтік-аңызды және мәдени іс-шара өткізілді.

М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның ұжымы 57800 көрерменді қамтумен 248 концерт өткізді. Мұражайлар 73746 келушіні қамтумен 97 көрме, 180 лекция, 2800 экскурсия өткізді. Тарихи-мәдени қорық 13219 қамтумен 529 экскурсия өткізді.

Өткен жылдың 15-18 тамызында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің аясында Астана қаласындағы Маңғыстау облысының Мәдениет күндері болып өтті. Барлығы 34 мәдени іс-шара өткізілді.

Ақтау қаласында 2017 жылы Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған Каспий маңы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өткізілді. Фестивальге Әзербайжаннан, Ираннан, Ресейден және Қазақстаннан келген театр ұжымдары қатысты.

2 республикалық конкурс: Ұзақбай Қазжанұлының 120 жылдығына арналған «Жүйрігің едім өнерлі!» атты жыршылар конкурсы және Тұңғыш Президент күніне арналған «Рухқа–ұран, ұлтқа – қорған!» атты ақындар айтысы өткізілді. Жергілікті ақындар Арғын Бисенов пен Мэлс Қосымбаев Гран-приді жеңіп алды.

Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Әбіл Жұмағұловтың 70 жылдығына арналған «Өнермен өрнектелген өмір» шығармашылық кеші және ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің степендианты Светқали Нұржанның «Баба түкті боз дала» атты шығармашылық кеші өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақтау қаласында «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің 25 жылдығына арналған «Елім менің-тірегім» мерекелік концерті, кіші симфониялық оркестрдің концерті, камералық ансамбльдің классикалық музыка кеші, әншілер Асқар және Асанәлі Көшеровтердің «Отаным менің» атты кеші болып өтті. 

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында «Сырлы әлем» және облыстық драма ұжымдарының арасында «Есірткісіз есті әлем» атты 2 облыстық конкурс өткізілді.

Табиғат қорғау іс-шараларына жергілікті бюджеттен 2017 жылы 5,4 млрд. теңгеден аса қаражат бағытталды.

Ақтау қаласындағы өнімділігі 30 мың метр/тәулік №2 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салуды және іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтауға жергілікті бюджеттен 2017 жылы 73,5 млн. теңге бөлініп, игерілді (2018 жылы аяқталады).

Улы қалдықтардың шаңмен таралуын азайту және «Қошқар ата» жасанды көлінің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласының 1-КТҚ-нан 8,4 млн. м3 жете тазартылған су айдалады.

Экологиялық зерттеу зертханасы облыстың теңіз порттары мен мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңiзiнiң жағалық аймағына тигізетін техногендік әсерін кешенді зерттеу жұмысын аяқтады.

Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау мақсатында, Түйесу, Бостанқұм және Қызылқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

2016 жылы облыстың барлық қалалары мен аудандары бойынша ҚТҚ-дың пайда болу және жиналу нормалары әзірленді. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтер бекітілді. Шағын елді мекендерде ҚТҚ-ды шығару жөніндегі қызметтерге кәсіпкерлерді тарту жұмысы жүргізілуде.

ҚТҚ-ды бөлек жинауды енгізу үшін, «IT ProfService» ЖШС Ақтау қаласында пластикалық ыдысқа арналған 100 торлы контейнер орнатты. Ақтау қаласының әкімдігі ҚТҚ-ды бөлек жинау жөнінде насихаттау жұмыстарын ұйымдастырды.

Облыс аумағында құрамында сынап бар қалдықтарды кәдеге жарататын (сынаптан арылтатын) қондырғы бар. Осы қондырғы «МАЭК-Казатопром» ЖШС-не тиесілі және оның қуаты жылына 120000 дана құрамында сынап бар шамды құрайды. Ақтау қаласында құрамында сынап бар шамдарды халықтан жинауға арналған 27 арнайы контейнер орнатылған. 2017 жылда 63120 дана құрамында сынап бар шам кәдеге жаратылды. Халықты хабардар ету және құрамында сынап бар тұтынылған шамдарды қауіпсіз пайдалануды насихаттау жұмысы тұрақты негізде жүргізілуде.

Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласында 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша тіркелген қылмыстардың жалпы санының 2016 жылдың осындай кезеңімен (6600 бірлік) салыстырғанда 5715-ке дейін немесе 13,4%-ға төмендегені байқалады.

Сондай-ақ, орташа ауырлықтағы қылмыстардың 15,8%-ға (3879-дан 3263-ке дейін) және кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыстардың 22,6%-ға 1186-дан 918-ге дейін) төмендегені байқалады.

Қоғамдық орындарда 3,7%-ға (772-ден 743-ке дейін), көшеде 3,8%-ға (1552-ден 1494-ке дейін), кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 12,8%-ға (78-ден 68-ге дейін), топтық қылмыстар 11,8%-ға (425-тен 375-ке дейін) аз қылмыс жасалды.

2017 жылдың 12 айында барлығы 3449 қылмыс, оның ішінде 50 – аса ауыр және 540 – ауыр қылмыс  ашылды.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны 2,4%-ға (336-дан 328-ге дейін), қаза тапқандар саны 10,3%-ға (97-ден 87-ге дейін) және оларда жараланған азаматтар саны 2,4%-ға (423-тен 413-ке дейін) азайды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, Ақтау қаласында құны 2,1 млрд. теңге болатын «Қауіпсіз қала» бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету» жобасын іске асыру жоспарланды. Жобада қала аулаларында 600 камера орнату және оларға қызмет көрсету көзделуде. Инвестициялық шығындарды төлеу 5 жылға көздестірілген. Бүгінде жоба бойынша тұжырымдама әзірленіп, конкурс жарияланды.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және авариялық жағдайларды тұрақтандыру мақсатында «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Қоғамдық тәртіп»,  «Мас жүргізуші - қылмыскер» және басқа да республикалық және облыстық жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2017 жылы 2 320,7 млн. теңге бағытталды. Облыс бойынша 52 бірлік автокөлік құралы, ІІБ ЖПҚ-нің патрульдік автомобильдері үшін қоршаған айналаны бейнетіркеудің 75 автомобильдік жүйесі,ІІБ ЖПҚ-нің патрульдік автомобильдері үшін 15 көп функционалдық өнеркәсіптік борттық компьютер, облыс ІІБ ЖПҚ-нің бөлімшелері үшін DMR стандартының 92 транкингтік радиостанциясы сатып алынды.

Ақтау және Жаңаөзен қалаларының ІІБ ЖБО-ның бейнебақылау камераларының бейнеархивін кеңейту үшін желілік бейнежазба құрылғылары, 17 шағын аудандағы балалар ауылының және балалардың психоневрологиялық интернат үйінің бұрыннан бар бейнебақылау камераларын Ақтау қаласының ІІБ ЖБО-на қосу арқылы ықпалдастыруға арналған жабдық 75,6 млн. теңге жалпы сомасына сатып алынды.

Қ(А)ІІБ-нің барлық кезекші бөлімдеріне телефон және радио арқылы сөйлесуді тіркейтін жүйелерін (барлығы – 8 жинақталым) жеткізу және орнатужүзеге асырылды.

«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» пилоттық жобасын енгізу үшін жинақтамасында электрондық хаттамаларды басып шығаруға арналған лазерлік принтерлері бар 30 мобильді планшет сатып алынды.

Жаңаөзен қаласындағы жол жүрісі қағидаларын бұзушылықты бақылау жүйесіне жаңғырту жүргізілді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2017 жылы – 1 323,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 103,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1220,0 млн. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатынан – 200 млн. теңге бөлінді.

Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу, шағын ЖЭО-ны қосу бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Жаңаөзен қаласының арай шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды (оның негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды). ҚР ҰЭМ-нде Кешенді жоспарды өзектендіру жүргізілуде.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында «Рахат» шағын ауданының автомобиль жолдарын салуға 2017 жылы жергілікті бюджеттен 42,1 млн. теңге бөлініп, игерілді. Объект 2018 жылға өтеді.

Облыста тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталуда.

Бүгінгі күнге облыста 104-тен аса үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) белсенді және табысты жұмыс жасайды. Барлық қалалар мен аудандарда үкіметтік емес секторды қолдау және дамыту жөніндегі жергілікті ресурстық орталықтар жұмыс істейді. Ресурстық орталықтар жыл басынан бері ҮЕҰ мен үкіметтік мекемелер үшін 370 консультация ұсынды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2017 жылға арналған көлемі 364,5 млн. теңгені құрады (2016 жылы – 238,8 млн. теңге). 112 жоба іске асырылды (2016 жылы – 92 жоба). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың салалық қағидаты қолданылуда, ҮЕҰ-ды қаржыландыру 20 мемлекеттік органда көздестірілген. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру аясында 23 мыңға жуық адамды қамтумен 750-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, 800-ге жуық адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

ҮЕҰ-дың 26 өкілі МВА дәрежесі (магистратура) бойынша білім алды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2017 жылы облыстық бюджеттен 425 млн. теңге бөлінді. БАҚ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік ақпарат саясатын тарату үшін 12 республикалық БАҚ мен 7 облыстық БАҚ тартылған.

Халықты мейлінше маңызды қоғамдық-саяи оқиғалар туралы хабардар ету және мемлекеттік бағдарламалардың, ҚР Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы түсіндіру мақсатында, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 10 тақырыптық медиа-жоспар іске асырылуда.

2017 жылы өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және «Бес инстутуционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен түсіндіру бойынша 68 брифинг ұйымдастырылды.

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірлік Жоба кеңсесі құрылды. «Туған жер» бағдарламасының 4 негізгі бағытының шеңберінде Өңір жобаларының тізілімі қалыптастырылып, оған 366-дан астам іс-шара енгізілді. Қаржыландыру көлемін, іске асыру мерзімдерін және жауапты орындаушыларды айқындау арқылы таңдалған жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. Бүгінде 116 іс-шара іске асырылып, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.

«Маңғыстау» және «Огни Мангистау» облыстық газеттерінде «Рухани Жаңғыру» және «Духовная модернизация» арнайы айдарлары, сондай-ақ «Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы ашылды.

Осы тақырыпта баспасөз құралдарында барлығы 979 материал, электрондық БАҚ-да – 498, оның ішінде интернет-сайттарда – 392 материал, облыстық телеарнада – 149 сюжет жарияланды.

Облыста жастардың 8 ресурстық орталығы, 30-дан аса жастар ұйымы белсенді жұмыс істейді. Жастардың ресурстық орталықтарында 2017 жылы 2855 адам консультация алды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, 12 жоба іске асырылды.

«Жасыл ел» жобасының аясында облыстың қалалары мен аудандарында «Жасыл ел» еңбек жасағының көгалдандыру жұмыстарын жүргізуі үшін, 2017 жылы жергілікті бюджеттен 58 млн. теңге бөлінді. Көгалдандыру жұмыстары үшін шамамен 1175 жас тартылды.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында 544 жас маман облыстың ауылдық елді мекендеріне жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 198 адам 663,6 млн. теңге сомасына тұрғын үйге арналған бюджет кредиттерін алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және «Жаңа серпін» бағдарламаларының аясында, жастар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі (ашық еңбек нарығында) 2016 жылдың 3-тоқсанындағы 5,1%-дан 2017 жылдың 3-тоқсанында 3,5%-ға дейін азайды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы маңызды міндеттердің бірі болып айқындалған.

2017 жылдың ішінде халық саны 2000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 4-деңгейдегі дербес бюджеттерді (оның ішінде, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) енгізу бойынша дайындық жұмысы жүргізілді. Біздің облыс бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық маңызы бар Форт-Шевченко қаласында және 30 ауылда дербес бюджеттер енгізілді. Бұл – төмен деңгейдегі әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді, күн сайынғы міндеттерді шешудегі жұмыс тиімділігін көтеруге мүмкіндік бермек.

Өңір экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсететін облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының 2017 жылдағы негізгі қорытындылары осындай.


Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2017 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Есепті кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор индексі 100% құрады.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағада 2 307,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 100,1% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі НКИ 99,5% құрап (саланың жалпы көлемдегі үлесі –87,2%), 2013 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Техникалық қызметтердің 21,9%-ға өскені байқалады (олардың мұнай-газ саласындағы үлесі 13,2% құрайды). 

Табиғи газ өндіру 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7%-ға немесе 3 090,3 млн. текше метрге дейін артты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі (саланың үлесі – 7,1%) өндіру көлемі 5,7%-ға артып, 163,3 млрд. теңгені құрады.

Минералды тыңайтқыштар өндіру есебінен химия өнеркәсібінде – 6,3%-ға; бетон, цементтен, бетоннан жасалған бұйымдар өндіру есебінен өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 4,5%-ға; мұнай кәсіпшілігі жабдығын өндіру есебінен машина жасауда – 19%-ға; пластмассадан жасалған шлангтер мен фитингтер өндіру есебінен резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде – 13,3%-ға өсу байқалады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 111,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, саладағы НКИ 100,5% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 19,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ – 103,4%.

Жергілікті қамтуды дамыту жұмысының аясында 2017 жылы облыстың 3 ірі жер қойнауын пайдаланушысы («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ЖШС, «Қарақұдықмұнай» ЖШС) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің әлеуетті отандық өнім берушілерімен, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерімен 13 ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 432,7 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 101% құрады. Бұл ретте, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 18,7%-ға өсу байқалады.

Маңғыстау облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында 2017 жылы 70,7 млрд. теңге жалпы сомасына, жаңадан 419 тұрақты жұмыс орны құрылған 5 жоба пайдалануға берілді:

1) Электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуатты трансформаторларды жөндеу, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС;

2) «Ақтау Керамзит» ЖШС-нің Керамзит тасын өндіретін зауытының құрылысы («Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында);

3) Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (2-кезең);

4) «Шыны-пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС-нің Шыны-пластикалық құбырлар мен фитингтер өндіретін 3-цехының құрылысы;

5) Дайын өнімді шығару бойынша өндірістік қуаттылықты арттырумен минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту (2-кезең), «ҚазАзот» ЖШС.

Инвестициялар тарту және облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында, 2017 жылғы сәуірде Ақтау қаласында отандық инвесторлардың, экономиканың түрлі салаларынан келген бизнесмендердің қатысуымен «Облыстың инвестициялық әлеуетін дамыту» атты кездесу болып өтті.

Мамыр айында Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкі, «Фин Бизнес Хабы» және Еуропа Қайта құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен «Халықаралық ұйымдар үшін Маңғыстау облысын дамытудағы мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылғы шілдеде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның өңірлік өкілдігімен бірлесіп халықаралық көлік-логистикалық форум өткізіліп, оған Ресейдің, Әзербайжанның, Түркияның, Қытайдың, Грузияның, Американың, Ұлыбританияның, Италияның өкілдері қатысты. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері, Каспий транзит дәлізінің бірыңғай тарифі талқыланды. Форум қорытындысында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «А+А Group of Companies», «EnerMech» компанияларының арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға, Ақтау және Анаклия порттары арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Облыс бойынша құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында 197,1 млрд. теңге сомасына жүргізілді немесе бағалар индексін есепке алғанда 2016 жылдың осындай кезеңінің деңгейіне 100,1%  құрады.

Жалпы ауданы 833,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе ол 2016 жылдың осындай деңгейінен 17,6%-ға артық. Негізгі көлем жеке құрылыс салушылардың меншікті қаражатына келеді – 90%.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға 2017 жылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 7 333 млн. теңге бағытталды.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның облигациялық қарызының есебінен кредиттік тұрғын үйдің: Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында жалпы ауданы 16,3 мың шаршы метр болатын 288 пәтерлік, төрт қабатты он екі тұрғын үйдің; Ақтау қаласының 34 шағын ауданында жерасты паркингі бар жалпы ауданы 13,8 мың шаршы метр 240 пәтерлік көп пәтерлік тұрғын үйлердің (1-кезек) құрылысы аяқталды. Ақтау қаласының 33 «Аққу» шағын ауданында жалпы ауданы 53,4 мың шаршы метр болатын 670 пәтерлік үшінші кезектегі көп пәтерлік тұрғын үйлердің (объект 2018 жылға өтеді)  құрылысы жалғасуда.

«Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша 2 объектінің құрылысы жүргізілуде:

- Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы жалпы ауданы 10,8 мың шаршы метр 160 пәтерлік төрт пәтерлік 40 тұрғын үй.  Оның ішінде, жалпы ауданы 4,8 мың шаршы метр болатын 64 пәтерлік 16 тұрғын үй аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған үйлер 2018 жылы аяқталатын болады;

- Маңғыстау ауылындағы жалпы ауданы 10,9 мың шаршы метр 192 пәтерлік 8 тұрғын үй (объект 2018 жылға өтеді);

«Ұлттық компаниялар арқылы тұрғын үй салу» бағыты бойынша«ҚИК» АҚ арқылы32а шағын ауданда жалпы ауданы 24 мың шаршы метр 478 пәтерлік көп пәтерлік тұрғын үйлердің (№1 және №2 учаске) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы Ақтау қаласының 17 шағын ауданында жалпы ауданы 34,2 мың шаршы метр 540 пәтерлік «Айрақты» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы Ақтау қаласының 32а шағын ауданында ауданы 50,0 мың шаршы метр 812 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталып, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында құрылысты аяқтау және пайдалануға беру жоспарлануда.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға Ұлттық қордан 2017 жылға 4 081 млн. теңге бөлінді (4 040 млн. теңгесі игерілді). Жоспарланған 9 жобаның барлығы аяқталды.

Облыстың перспективалы даму бағыттарын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (мұнай-газ өндіру, мұнай-газ сервисі), транзиттік әлеуетті дамыту (көлік және логистика), құрылыс индустриясын дамыту, туризмді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

Көлік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы жалғасуда. Жоба қуаты: жүк ағынының жылдық көлемі – 4,0 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га. Құрылыс салу кезеңінде 500 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 249 жұмыс орнын құру көзделген.

1 іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталып, барлық жоспарланған объектілер пайдалануға берілді. Барлығы 29,1 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 24,3 млрд. теңге бөлінді (100% игерілді). 2017 жылда 1,5 млн. тонна жүк ауыстырылып-тиелді (темір жол паромдарымен).

2017 жылы автомобиль жүретін жолы («Құрық – Құрық порты» автожолы) бар, құны 60,0 млрд. теңге болатын екінші іске қосу кешені бойынша жұмыс басталып, Ұлттық қордан 2017 жылға 50 млрд. теңге бөлінді. Аяқтау мерзімі – 2018 жыл.

«Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы аяқталды. Мердігер – «Дженгиз Иншаат Санайи» ЖШС.  Жоба құны – 37,3 млрд. теңге. 2014-2016 жылдары – 30,6 млрд. теңге, 2017 жылы – 8,7 млрд. теңге игерілді. Құрылған жұмыс орындары – 167 адам.

«Бейнеу – Шетпе» автожолын «Сайөтес ауылы – №10 бекет» учаскесінде реконструкциялау аяқталуда. Жоба құны – 12,4 млрд. теңге. Мердігер – «Нияз-Мұхаммед» ЖШС. 2012-2016 жылдары 11,3 млрд. теңге игеріліп, 2017 жылға 1,1 млрд. теңге бөлінді. Аяқтау мерзімі – 2018 жылдың 1-тоқсаны. Құрылған жұмыс орындары – 45 адам.

«Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Нүкіске)» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталды (84 км). Жоба құны – 22,7 млрд. теңге. Мердігер – «Теміржол жөндеу» ЖШС. Республикалық бюджеттен 2017 жылы 4,8 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

Сондай-ақ, «Жетібай-Жаңаөзен» автомобиль жолын (63 км) реконструкциялау жұмыстары басталды. Жоба құны – 25,1 млрд. теңге. 2 учаске бойынша мердігерлер анықталды: 1-учаске (82-117) – «Ақ жол құрылыс» ЖШС мен «Аккорд» АҚ-ның бірлескен кәсіпорны; 2-учаске (117-155) – «Дженгиз Иншаат Санайи» ЖШС. 2018 жылға 3,2 млрд. теңге бөлінді.

Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы 2017 жылы аяқталды. Нәтижесінде порт қуаты жылына 3 млн. тонна құрғақ жүкке дейін өседі. Құрылатын жұмыс орындары: құрылыс салу кезеңінде – 303 адам, пайдалану кезеңінде – 220 адам.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2017 жылға шамамен 7,1 млрд. теңге бөлінді.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км) автожолын күрделі жөндеу аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба құны – 1 325,2 млн. теңге. 2014-2016 жылдары 1 064,7 млн. теңге, 2017 жылы – 260,5 млн. теңге игерілді.

Сондай-ақ, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолын күрделі жөндеу аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба құны – 3 400,6 млн. теңге. 2014-2016 жылдары – 2604,8 млн. теңге, 2017 жылы – 795,8 млн. теңге игерілді.

«Форт-Шевченко-Таушық-Шетпе» автожолын орташа жөндеу (76-88 км) аяқталды. 2017 жылы 45,5 млн. теңге бөлініп, игерілді.

«Ақтау – Форт-Шевченко» - Қаламқас кен орны» автомобиль жолын (88-154 км) орташа жөндеу жалғасуда. Жоба құны – 682,2 млн. теңге. 2016 жылы – 109,9 млн. теңге, 2017 жылы – 158,8 млн. теңге игерілді. Объект 2018 жылға өтеді. 

Ақтау-Қаламқас және Таушық-Шетпе автожолдарындағы жасанды құрылыстарды реконструкциялау (1 және 2-кезеңдер), «Қияқты-Тұщықұдық», «Ата жолы», «ХТМЗ-ның жол қиылысынан №23, 24, 28 «А» шағын аудандарының қиылысына дейінгі №55» автомобиль жолдарын реконструкциялау жалғасуда.

Облыс бойынша жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар  автомобиль жолдарының үлесі 92% құрайды.

Облыс бойынша жүк тасымалының көлемі 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында 237,9 млн. тоннаны құрады, бұл – 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға көп.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы «Ақтау Керамзит» ЖШС-нің керамзит тасын өндіретін зауыты, «QSM Precast Concrete Aktau» ЖШС-нің темір-бетон бұйымдар өндіретін зауыты, «Болат құю орталығы» ЖШС-нің болаттан бұйымдар өндіру зауыты пайдалануға беріліп, Aspan Storage» ЖШС-нің жүктерді жиып қою және сақтау жөніндегі жобасы іске асырылды.

Құрылған сәттен бастап «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына 94,6 млрд. теңге тартылды, 260,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бюджетке 23,2 млрд. теңгеден асатын мөлшерде салықтар төленді. 1323 жұмыс орны құрылды. АЭА аумағына 30 қатысушы тіркеліп, 85,1 теңге жалпы сомасына 19 жоба іске асырылды.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 кіші аймақтың құрылыс жұмыстары басталды (қосымша учаске). № 2 және №4 кіші аймақтар бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Облыстың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Мәскеу қаласындағы «MITT- 2017» халықаралық көрмесінде, Берлин қаласындағы «ITB-2017» халықаралық көрмесінде Маңғыстау облысының туристік әлеуетін таныстыру өткізілді. Бұдан басқа, облыстың туристік әлеуеті Қазақстандық «KITF-2017» халықаралық туристік көрмесінде таныстырылды.

Қазақстандық «Астана Демалыс» халықаралық көрмесінің аясында «Маңғыстау туризмі» воркшопы өткізіліп, оған Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 100 туристік оператор қатысты.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2017 жылғы мамырда Маңғыстауда «Үстірт құпиялары» экспедициясының өткізілуіне жәрдем көрсетілді.

Басқа өңірлердің тұрғындарын хабардар ету мақсатымен 2017 жылы Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының телеарналарында Маңғыстаудың туристіккөрікті жерлері туралы бейнеролик көрсетілді. Бұдан басқа, Маңғыстаудың туристік әлеуеті туралы материалдар  «National Geographic Казахстан» журналының 3 номерінде жарияланды.

Өңірдің туристік әлеуетін алға жылжыту мақсатымен Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың, Қырғызстанның туристік операторлары және БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізілді. 2017 жылғы 9-16 қыркүйекте МАРИНС желкенді регатасы өткізіліп, оған Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан және Израильден 60 команда қатысты.

2017 жылғы қарашада Ақтау қаласында облыстың мейманхана шаруашылықтарының, оқу орындарының, туристік фирмалардың өкілдері қатысқан мейманхана бизнесінің мәселелері жөніндегі туристік форум өткізілді. Форум жұмысына 100-ден аса адам қатысты.

Облыс әкімдігінің өкілдері Челябинск қаласындағы Қазақстан-Ресей өңіраралық форумының аясында өңірдің туристік әлеуеті таныстырылған туристік көрмеге қатысып, ресейлік туристік операторлармен одан әрі ынтымақтастық туралы жөнінде келіссөздер жүргізді.

Облыстың Маңғыстау және Түпқараған аудандарының аумағында геопарк құру жөніндегі құжаттар жиналып, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне жолданды. 2018 жылы геопаркті ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі ретінде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарланды.

«Түпқарағанның 7 қойнауы туристік маршрутын әзірлеу және жайластырыру» жобасының ЖСҚ-ын әзірлеуге 2017 жылы жергілікті бюджеттен 12,5 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Түпқараған ауданында Саура шатқалының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында 4415,9  млн. АҚШ долларын немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 119%, оның ішінде тауарлар экспорты – 4211,3 млн. АҚШ долларын (121,4%), импорт – 204,6 млн. АҚШ долларын (89,2%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы – 4006,6 млн. АҚШ доллары.

2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің мынадай кәсіпорындары экспорттық жеткізуді жүзеге асырды: «ҚазАзот» АҚ – аммиак селитрасын Украинға, Грузияға, Қырғызстанға, АҚШ-на, сұйық аммиакты Ресейге, «Каспий Цемент» ЖШС – цементті Ресейге; «Арселор Миттал Тубулар Продактс Актау» АҚ – болат құбырларды Украинаға, Өзбекстанға; «Куду Индастриз Казахстан» ЖШС – бұрандалы сорғыларды және құраушыларды Ресейге, Румынияға; «Каспий Битум» БК» ЖШС – жол битумының бірінші экспорттық партиясын Өзбекстанға экспорттады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында 169,8 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,5%.

2017 жылғы қыркүйекте қазіргі заманғы форматтағы алғашқы гипермаркет – «Анвар», қарашада Батыс Қазақстандағы қазіргі заманғы форматтағы ең үлкен гипермаркет – «Дина» (жалпы ауданы - 13 000 шаршы метр) ашылды.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2017 жылдың желтоқсанында 2016 жылдың желтоқсанына 107,2% (ҚР бойынша – 107,1%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 106,4% (ҚР бойынша – 106,5%), азық-түлік емес тауарларға – 109,2% (ҚР бойынша – 108,9%), ақылы қызметтерге  – 106,2% (ҚР бойынша – 105,9%) құрады.

Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингін апта сайынғы негізде жүргізуде.

Облыстың қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкелері өткізіліп, онда өнім делдалдарсыз, нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен өткізіледі. 2017 жылда 583 жәрмеңке өткізіліп, 465 млн. теңге сомасына өнім өткізілді.

«Азық-түлік қауіпсіздігі» өңірлік бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 862 млн. теңге бөлінді. Қалыптастырылған қорлардан 200 млн. теңге сомасына тауарлар өткізілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 13,7 млрд. теңге сомасына өндіріліп, саладағы НКИ 108,2% құрады. Ірі қара мал басының – 12,9%-ға (16,9 мың бас), қойлар мен ешкілердің – 0,9%-ға (365,2 мың бас), жылқылардың – 4%-ға (65,4 мың бас), түйелердің – 2,9%-ға (54,5 мың бас) өскені байқалады.

Өңірде жалпы ауданы 19,36 га 27 жылыжай, оның ішінде өнеркәсіптік үлгідегі 5 жылыжай және фермерлік үлгідегі 22 жылыжай жұмыс істейді. Қарақия ауданында «Сенек» ЖШС «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның демеушілік қаражатының есебінен ауданы 0,3 га жылыжайдың құрылысын аяқтады. ДК «Бүркітбаев» Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы жұмыс істеп тұрған жылыжай кешенін  3 гектарға дейін кеңейту жұмыстарын жүргізді. «Greenhouse E.C.O.» ЖШС Мұнайлы ауданында жаңа инновациялық технологиялар (гидропоника) пайдаланылатын 3 гектарлық өнеркәсіптік жылыжайдың құрылысын аяқтады.

Маңғыстау ауданында «Накхан» ШҚ қуаттылығы жылына 36 тонна болатын қымыз өндіретін цех ашты. Қымыз құятын жабдық «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы сатып алынды. Цех 2017 жылы 40 тонна қымыз дайындады.

Қарақия ауданында «Сенек» ЖШС қуаттылығы жылына 10 тонна болатын қымыз өндіретін цех құрды.

Түпқараған ауданында «Ағарған» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 650 тонна болатын түйе сүтін бөтелкеге құятын зауыты іске қосылды. 2018 жылы толық жобалық қуаттылыққа шығу күтілуде.

«Aspan Storage» ЖШС Ақтау қаласында голландтық технология бойынша 1321 тонналық көкөніс қоймасының құрылысын аяқтады. Жабдық сатып алу «Қазагроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылуда. Қазіргі сәтте жабдықты орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жергілікті бюджеттен 2017 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын көтеруді субсидиялауға – 58,5 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді қолдауға – 50,8 млн. теңге бөлінді.

Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды инвестициялық субсидиялауға 2017 жылы республикалық бюджеттің 244,4 млн. теңге қаражаты бағытталды. 59 құдық бұрғыланды (жоспар 30 құдық болғанда).

Бүгінге облыстың барлық қалалары мен аудандарында 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыс істеп тұр.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.01.2018 жылға 47,0 мың бірлікті құрады, бұл – 2016 жылдың осындай датасына қарағанда 6,5%-ға көп (44,16 мың бірлік).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы үшін 2017 жылға 1 110,3 млрд. теңге жалпы сомасында қаражат бөлінді. Жыл ішінде осы бағдарлама шеңберінде 15,2 млрд. теңге жалпы сомасына 208 жоба мақұлданды, бұл – 2016 жылға қарағанда 1,2 есеге көп, Оның ішінде, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 15,1 млрд. теңге сомасына 152 жоба, кепілдендіру бойынша 101,8 млн. теңге сомасына 56 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 4036 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша қосымша 1403 жаңа жұмыс орны құрылды.

Есепті кезеңде «Даму өндіріс» бағдарламасының аясында өңдеу секторында 13,4 млрд. теңге сомасына 79 жоба мақұлданды. 

01.12.2017 жылғы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банкетер шағын бизнес субъектілеріне 25,1 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар бөлді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе көп.

Халыққа микрокредит беру «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Атырау филиалы, «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Маңғыстау» кредиттік серіктестігі арқылы жүзеге асырылуда.

Барлық микрокредит ұйымдары мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ 2017 жылда 1,3 млрд. теңге жалпы сомасына 278 микрокредит беріп, нәтижесінде 632 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыруды есепке алғанда, облыс бойынша 2017 жылда барлығы 30829 жұмыс орны құрылды (2016 жылда – 25355).

19183 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның ішінде: 8125 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 3866 адам оқуға және қайта оқуға, 3705 адам қоғамдық жұмыстарға, 1263 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1401 түлек жастар практикасына жолданды, 823 адам «Бизнес Бастау» жобасымен және микрокредит берумен  қамтылды.

«Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының аясында, 1 жылға дейін мерзіммен жалақысын төлеу арқылы жұмысшы мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған адамдардың өндірістік практикасы, тәлімгерлер институты, кадрлар даярлаудың гранттық бағдарламасы сияқты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша құралдары енгізілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА кәсіпорындарымен кадрларды мақсатты даярлау және жаңадан пайдалануға беріліп жатқан өндірістерге жастарды жұмысқа орналастыру туралы 19 меморандумға қол қойылды.

ТШО жобасы үшін тапсырыстар орындап жатқан «Ерсай Контрактор» ЖШС-не, кәсіпорынның оқу орталығында монтаждаушы, дәнекерлеуші мамандықтары бойынша оқудан өткен жастар қатарынан 160 бұрынғы жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Тұтастай алғанда, «Жаңа серпін» бағдрламасы бойынша 2017 жылдың ішінде 782 адам «Каспий Тасжол» ЖШС, «Каспиопласт» ЖШС, «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ, «Өзенстройсервис» ЖШС, «Транссервисситистрой» ЖШС, «КазАвтоЖол» ЖШС, «Теміртас-1» ЖШС, «Рамазан-2010» ЖШС, «Лтд Томирис» ЖШС, «Каспиан Профит» ЖШС, «БатысГеоФизСервис» ЖШС, «АйкомТрансСервис» ЖШС сияқты кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды.

173 адам мына мамандықтар бойынша өндірістік практикаға жолданды: дәнекерлеуші, бухгалтер, машинист, электрик, автокран машинисі, геодезист, бағдарламашы және басқа.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың 3-тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 4,9% құрады (2016 жылдың 3-тоқсанында – 5,1%).

Қоныстандыру өңірлері – Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылы Ерікті қоныс аудару форумы және 2 республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жыл ішінде 300-ден астам адам, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланумен – 70, оның ішінде Ақтау қаласынан – 22, Жаңаөзен қаласынан – 23, Мұнайлы ауданынан – 25 адам қоныстандыру өңірлеріне көшті (16 адам - Павлодар, 13 адам – Қостанай, 25 адам – Шығыс Қазақстан,  16 адам – Солтүстік Қазақстан облыстарына).

Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен түсіндірілуде. БАҚ-да барлығы – 65, оның ішінде баспасөз құралдарында – 39, электрондық құралдарда – 26 ақпараттық материал жарияланды.

Облыстық және Жаңаөзен телеарналарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, солтүстік өңірлер әкімдіктері, облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстың аудандары мен қалаларының Жұмыспен қамту орталықтары өкілдерінің қатысуымен «Резонанс», «Құқықтық алаң», «Сұхбат тайм», «Көзбе-көз», «Орта толсын», «Ашық алаң» телебағдарламалары көрсетілді.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табысы 2017 жылдың 3-тоқсанында 108978 теңгені құрады. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы табыс – 2,2%-ға, нақты ақшалай табыс – 8%-ға азайды.

Облыстағы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің шамасы 2017 жылы 28664 теңгені құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 253 551 теңгені құрады, бұл – 2016 жылдың осындай кезеңінен 1,4%-ға жоғары.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2017 жылда 335,6 млрд. теңге (2016 жылдың деңгейіне – 102,7%), оның ішінде республикалық бюджетке – 204,2 млрд. теңге (101,5%), жергілікті бюджетке – 131,4 млрд. теңге (104,5%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2017 жылғы нақтыланған бюджеті 180 млрд. теңгені құрайды. бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы 175,7 млрд. теңгені немесе жоспарға 97,6%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 99,6% құрады (үнемдеуді есепке алғанда, қаражат 100%-ға игерілді).

«Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламаларының аясында 2017 жылы сумен жабдықтау жөніндегі 11 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 3 957,1 млн. теңге бағытталды.

4 жобаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (Мұнайлы ауданының Атамекен ауылдық округіндегі, Батыр ауылдық округіндегі (1 және 2-кезектер) және Баянды ауылының «Баянды-3» тұрғын жай алабындағы сумен жабдықтау желілері).

7 жоба бойынша жұмыстар жалғасуда (Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округінде және Жармыш ауылында, Қарақия ауданының Бостан ауылында, Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында және Маңғыстау ауылының «Маңғыстау-4» тұрғын жай алабында сумен жабдықтау желілерін, Бейнеу ауданының Боранқұл және Сарға ауылдарында су тазарту құрылыстарын және поселкеішілік су құбырларын салу).

2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу ауылдық елді мекендерде (АЕМ) 64% құрайды (39 АЕМ) құрады.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2017 жылы «Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылында ауыз су құбыры мен тұрмыстық канализация жүргізу. 1-кезек. Түзету» жобасын іске асыру басталды. Осы мақсатқа Ұлттық қордан 1 450,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнде 16,7 км су құбыры желілері тартылды. Жоба 2018 жылға өтеді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 2016 жылы бөлінген қаражат есебінен Ақтау қаласы 33 «Аққу» шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) аяқталды.

Жергілікті бюджет есебінен 2017 жылы Бейнеу ауылында электр желілерін, Бейнеу ауылынан Есет ауылына дейін жоғары кернеулі электр желілерін, Сенек ауылында электрмен жабдықтау желілерін, Мұнайшы ауылында 6кВ ӘЖ электр желілерін салу және «Жетібай-110» қосымша тарату пунктін және ТҚС (трансформаторлық қосалқы станция) орнату жүргізілді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 57,8 млрд. теңге бағытталды (2016 жылы – 47,7 млрд. теңге). Одан білім беру объектілерін дамытуға 7,2 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7,0 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,2 млрд. теңге бағытталды.

Жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға –  503,8 млн. теңге, күрделі жөндеу жүргізуге – 867,5 млн. теңге бөлінді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 3 ауысыммен оқыту проблемасын шешу мақсатында Жаңаөзен қаласының «Рауан» және «Рахат» шағын аудандарында, Ақтау қаласының 32а шағын ауданында әрқайсысы 900 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданының Басқұдық және Қызылтөбе ауылдарында әрқайсысы 600 орындық орта мектептердің 2018 жылы аяқталатын құрылысы басталды. Осы мақсаттарға Ұлттық қордан барлығы 4,4 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының Ащыбұлақ-2 шағын ауданында, Түпқараған ауданының  С. Шапағатов ауылында әрқайсысы 600 орындық орта мектептердің, Құрық ауылының Ералиев станциясында 300 орындық орта мектептің және Жаңаөзен қаласының «Арай» шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі кезде облыс бойынша 134 мектептің барлығы немесе 100% Интернетке, оның ішінде 124 мектеп немесе 929,5% кең жолақты Интернетке қосылған.

2017 жылы 1989 орындық 25 жекеменшік балабақша ашылды.

Бүгінге облыс бойынша 262 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларда барлығы 40,6 мың бала қамтылған. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 93,1% құрайды (2016 жылы – 83,5%).

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы балабақшалар салу және ашу жөніндегі 18 жобаны іске асару жүргізілуде, оның ішінде 5 жоба бойынша шарттар жасасылды.

«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының аясында, облыстың 16 колледжінде 23 мамандық бойынша республикалық бюджет есебінен – 1131 студент, жергілікті бюджет есебінен – 400 адам оқып жатыр.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 11,1 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде, денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бағытталды. Ақтау қаласында 150 орындық Ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасып, оны 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.

Жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 294,1 млн. теңге, денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге – 622,6 млн. теңге бөлінді.

Сәбилер өлім-жітімінің деңгейі 2017 жылда 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,4-ті құрады (2016 жыл – 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,5). Ана өлім-жітімінің 2 фактісі тіркелді (2016 жылда – 1 жағдай). Негізгі себеп – әйелдер денсаулығының төмен индексі.

Туберкулезбен ауыру 100 мың тұрғынға шаққанда 2016 жылдағы 59,2-ден 2017 жылы 55,8-ге дейін азайды. Қатерлі ісіктермен ауыру 100 мың тұрғынға шаққанда тиісінше 134,4-тен 131,7-ге дейін төмендеді.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 42,8 млн. теңге сомасына телеметриялық ЭКГ (50 бірлік) пайдалануға берілді. Маңғыстау облыстық ауруханасының Инсульт орталығы 20,4 млн. теңге сомасына 50 бірлік жабдықпен, Жаңаөзен қалалық ауруханасының инсульт орталығы 19,5 млн. теңге сомасына 32 бірлік жабдықпен жарақталды. Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы үшін 52,4 млн. теңге жалпы сомасына 8 санитарлық автомобиль сатып алынды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша дәрігер кадрлардың тапшылығы 358 адамды құраса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 240 маманға дейін төмендеді.

Облысқа 2017 жылы 83 жас маман (дәрігер) келіп, оның ішінде 29 маманға жалдамалы тұрғын үй, 2 маманға жатақханада орын, 11 маманға қызметтік пәтерлер берілді, ауылдағы 39 маманға көтерме жәрдемақы төленді.

Денсаулық сақтау саласында МЖӘ тетігі бойынша мынадай жобалар іске асырылуда:

- Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру (шартқа қол қойылды);

- Мұнайлы ОАА-ның зертханасын пайдалану (оң экономикалық қорытынды алынды);

- Маңғыстау облыстық ауруханасында және Бейнеу ОАА-нда компьютерлік томографтар орнату және сервистік қызмет көрсету (оң экономикалық қорытынды алынды);

- МСАК ұйымдарында сарапшылық кластағы УДЗ орнату және сервистік қызмет көрсету (оң экономикалық қорытынды алынды);

- Ақтау қаласының 34 шағын ауданында ауысымына 500 келушіге арналған қалалық емхана салу (конкурс жарияланды).

Облыстың спорт және дене шынықтыру саласында 627 спорт құрылысы жұмыс істейді, бұл – 2016 жылмен салыстырғанда10,2%-ға көп. Оның ішінде, ауылдық жерде 242 құрылыс орналасқан. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халық саны өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға немесе 194,8 мың адамға дейін артты, бұл – облыс тұрғындарының 29,7%-ын құрайды.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде 126,1 мың бала оқып жатыр, оның ішінде 36,6 оқушы немесе мектеп оқушыларының жалпы санының 29,02%-ы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

2017 жылда 493, оның ішінде халықаралық және республикалық ауқымдағы 43 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Оларға шамамен 33,5 мың адам қатысты.

Инвесторлар қаражатының есебінен 2017 жылы Ақтау қаласының 34 шағын ауданында «Батыр» (ДК «Ильяс Бейсенгалиев») және 33 шағын ауданында «Маңғыстау Арена» (NCOC) спорт кешендері, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында «Иса» спорт кешені, Шетпе ауылында «Азамат» спорт залы, Ақшұқыр ауылында «Ер Қосай Құдайкеұлы» спорт кешені пайдалануға берілді.

Жергілікті бюджет есебінен Ақтау қаласы № 16 мектебінің аумағында мүгедектерге арналған спорт залы салынды.

МЖӘ тетігі бойынша Ақтау қаласы № 2 мектебінің аумағында аусымына 20 орындық көп функционалды спорт залының құрылысы аяқталды (жауынгерлік өнер клубы ашылды). Тағы осындай 2 спорт залының құрылысы №10 және 28 мектептердің аумағында жүргізілуде.

Мәдениет саласын қаржыландыруға 2017 жылы 2,6 млрд. теңге бөлінді (2016 жылы – 2,4 млрд. теңге). Оның ішінде, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 101 млн. теңге бағытталды. Облыстық кітапхананың кітап қоры 1504 дана кітапқа толықты.

2 тарихи және мәдени ескерткішке («Жамбауыл» қорымы, «Мұрын жырау» мұражайы) 10,1 млн. теңге сомасына реставрациялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының 2 объектісіне 1,8 млн. теңге сомасына жобалар әзірленді, 6 объектіні (Алтынәлі, Бөрілген, Қожакүмбет, Көккүмбет, Жолжан, Айымбет) реставрациялау жұмыстарына 6,7 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленді.

Облыс бойынша 2079 әлеуметтік-аңызды және мәдени іс-шара өткізілді.

М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның ұжымы 57800 көрерменді қамтумен 248 концерт өткізді. Мұражайлар 73746 келушіні қамтумен 97 көрме, 180 лекция, 2800 экскурсия өткізді. Тарихи-мәдени қорық 13219 қамтумен 529 экскурсия өткізді.

Өткен жылдың 15-18 тамызында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің аясында Астана қаласындағы Маңғыстау облысының Мәдениет күндері болып өтті. Барлығы 34 мәдени іс-шара өткізілді.

Ақтау қаласында 2017 жылы Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған Каспий маңы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өткізілді. Фестивальге Әзербайжаннан, Ираннан, Ресейден және Қазақстаннан келген театр ұжымдары қатысты.

2 республикалық конкурс: Ұзақбай Қазжанұлының 120 жылдығына арналған «Жүйрігің едім өнерлі!» атты жыршылар конкурсы және Тұңғыш Президент күніне арналған «Рухқа–ұран, ұлтқа – қорған!» атты ақындар айтысы өткізілді. Жергілікті ақындар Арғын Бисенов пен Мэлс Қосымбаев Гран-приді жеңіп алды.

Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Әбіл Жұмағұловтың 70 жылдығына арналған «Өнермен өрнектелген өмір» шығармашылық кеші және ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің степендианты Светқали Нұржанның «Баба түкті боз дала» атты шығармашылық кеші өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақтау қаласында «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің 25 жылдығына арналған «Елім менің-тірегім» мерекелік концерті, кіші симфониялық оркестрдің концерті, камералық ансамбльдің классикалық музыка кеші, әншілер Асқар және Асанәлі Көшеровтердің «Отаным менің» атты кеші болып өтті. 

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында «Сырлы әлем» және облыстық драма ұжымдарының арасында «Есірткісіз есті әлем» атты 2 облыстық конкурс өткізілді.

Табиғат қорғау іс-шараларына жергілікті бюджеттен 2017 жылы 5,4 млрд. теңгеден аса қаражат бағытталды.

Ақтау қаласындағы өнімділігі 30 мың метр/тәулік №2 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салуды және іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтауға жергілікті бюджеттен 2017 жылы 73,5 млн. теңге бөлініп, игерілді (2018 жылы аяқталады).

Улы қалдықтардың шаңмен таралуын азайту және «Қошқар ата» жасанды көлінің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласының 1-КТҚ-нан 8,4 млн. м3 жете тазартылған су айдалады.

Экологиялық зерттеу зертханасы облыстың теңіз порттары мен мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңiзiнiң жағалық аймағына тигізетін техногендік әсерін кешенді зерттеу жұмысын аяқтады.

Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау мақсатында, Түйесу, Бостанқұм және Қызылқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

2016 жылы облыстың барлық қалалары мен аудандары бойынша ҚТҚ-дың пайда болу және жиналу нормалары әзірленді. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтер бекітілді. Шағын елді мекендерде ҚТҚ-ды шығару жөніндегі қызметтерге кәсіпкерлерді тарту жұмысы жүргізілуде.

ҚТҚ-ды бөлек жинауды енгізу үшін, «IT ProfService» ЖШС Ақтау қаласында пластикалық ыдысқа арналған 100 торлы контейнер орнатты. Ақтау қаласының әкімдігі ҚТҚ-ды бөлек жинау жөнінде насихаттау жұмыстарын ұйымдастырды.

Облыс аумағында құрамында сынап бар қалдықтарды кәдеге жарататын (сынаптан арылтатын) қондырғы бар. Осы қондырғы «МАЭК-Казатопром» ЖШС-не тиесілі және оның қуаты жылына 120000 дана құрамында сынап бар шамды құрайды. Ақтау қаласында құрамында сынап бар шамдарды халықтан жинауға арналған 27 арнайы контейнер орнатылған. 2017 жылда 63120 дана құрамында сынап бар шам кәдеге жаратылды. Халықты хабардар ету және құрамында сынап бар тұтынылған шамдарды қауіпсіз пайдалануды насихаттау жұмысы тұрақты негізде жүргізілуде.

Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласында 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша тіркелген қылмыстардың жалпы санының 2016 жылдың осындай кезеңімен (6600 бірлік) салыстырғанда 5715-ке дейін немесе 13,4%-ға төмендегені байқалады.

Сондай-ақ, орташа ауырлықтағы қылмыстардың 15,8%-ға (3879-дан 3263-ке дейін) және кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыстардың 22,6%-ға 1186-дан 918-ге дейін) төмендегені байқалады.

Қоғамдық орындарда 3,7%-ға (772-ден 743-ке дейін), көшеде 3,8%-ға (1552-ден 1494-ке дейін), кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 12,8%-ға (78-ден 68-ге дейін), топтық қылмыстар 11,8%-ға (425-тен 375-ке дейін) аз қылмыс жасалды.

2017 жылдың 12 айында барлығы 3449 қылмыс, оның ішінде 50 – аса ауыр және 540 – ауыр қылмыс  ашылды.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны 2,4%-ға (336-дан 328-ге дейін), қаза тапқандар саны 10,3%-ға (97-ден 87-ге дейін) және оларда жараланған азаматтар саны 2,4%-ға (423-тен 413-ке дейін) азайды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, Ақтау қаласында құны 2,1 млрд. теңге болатын «Қауіпсіз қала» бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету» жобасын іске асыру жоспарланды. Жобада қала аулаларында 600 камера орнату және оларға қызмет көрсету көзделуде. Инвестициялық шығындарды төлеу 5 жылға көздестірілген. Бүгінде жоба бойынша тұжырымдама әзірленіп, конкурс жарияланды.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және авариялық жағдайларды тұрақтандыру мақсатында «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Қоғамдық тәртіп»,  «Мас жүргізуші - қылмыскер» және басқа да республикалық және облыстық жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2017 жылы 2 320,7 млн. теңге бағытталды. Облыс бойынша 52 бірлік автокөлік құралы, ІІБ ЖПҚ-нің патрульдік автомобильдері үшін қоршаған айналаны бейнетіркеудің 75 автомобильдік жүйесі,ІІБ ЖПҚ-нің патрульдік автомобильдері үшін 15 көп функционалдық өнеркәсіптік борттық компьютер, облыс ІІБ ЖПҚ-нің бөлімшелері үшін DMR стандартының 92 транкингтік радиостанциясы сатып алынды.

Ақтау және Жаңаөзен қалаларының ІІБ ЖБО-ның бейнебақылау камераларының бейнеархивін кеңейту үшін желілік бейнежазба құрылғылары, 17 шағын аудандағы балалар ауылының және балалардың психоневрологиялық интернат үйінің бұрыннан бар бейнебақылау камераларын Ақтау қаласының ІІБ ЖБО-на қосу арқылы ықпалдастыруға арналған жабдық 75,6 млн. теңге жалпы сомасына сатып алынды.

Қ(А)ІІБ-нің барлық кезекші бөлімдеріне телефон және радио арқылы сөйлесуді тіркейтін жүйелерін (барлығы – 8 жинақталым) жеткізу және орнатужүзеге асырылды.

«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» пилоттық жобасын енгізу үшін жинақтамасында электрондық хаттамаларды басып шығаруға арналған лазерлік принтерлері бар 30 мобильді планшет сатып алынды.

Жаңаөзен қаласындағы жол жүрісі қағидаларын бұзушылықты бақылау жүйесіне жаңғырту жүргізілді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2017 жылы – 1 323,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 103,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1220,0 млн. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатынан – 200 млн. теңге бөлінді.

Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу, шағын ЖЭО-ны қосу бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Жаңаөзен қаласының арай шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды (оның негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды). ҚР ҰЭМ-нде Кешенді жоспарды өзектендіру жүргізілуде.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында «Рахат» шағын ауданының автомобиль жолдарын салуға 2017 жылы жергілікті бюджеттен 42,1 млн. теңге бөлініп, игерілді. Объект 2018 жылға өтеді.

Облыста тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталуда.

Бүгінгі күнге облыста 104-тен аса үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) белсенді және табысты жұмыс жасайды. Барлық қалалар мен аудандарда үкіметтік емес секторды қолдау және дамыту жөніндегі жергілікті ресурстық орталықтар жұмыс істейді. Ресурстық орталықтар жыл басынан бері ҮЕҰ мен үкіметтік мекемелер үшін 370 консультация ұсынды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2017 жылға арналған көлемі 364,5 млн. теңгені құрады (2016 жылы – 238,8 млн. теңге). 112 жоба іске асырылды (2016 жылы – 92 жоба). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың салалық қағидаты қолданылуда, ҮЕҰ-ды қаржыландыру 20 мемлекеттік органда көздестірілген. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру аясында 23 мыңға жуық адамды қамтумен 750-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, 800-ге жуық адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

ҮЕҰ-дың 26 өкілі МВА дәрежесі (магистратура) бойынша білім алды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2017 жылы облыстық бюджеттен 425 млн. теңге бөлінді. БАҚ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік ақпарат саясатын тарату үшін 12 республикалық БАҚ мен 7 облыстық БАҚ тартылған.

Халықты мейлінше маңызды қоғамдық-саяи оқиғалар туралы хабардар ету және мемлекеттік бағдарламалардың, ҚР Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы түсіндіру мақсатында, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 10 тақырыптық медиа-жоспар іске асырылуда.

2017 жылы өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және «Бес инстутуционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен түсіндіру бойынша 68 брифинг ұйымдастырылды.

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірлік Жоба кеңсесі құрылды. «Туған жер» бағдарламасының 4 негізгі бағытының шеңберінде Өңір жобаларының тізілімі қалыптастырылып, оған 366-дан астам іс-шара енгізілді. Қаржыландыру көлемін, іске асыру мерзімдерін және жауапты орындаушыларды айқындау арқылы таңдалған жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. Бүгінде 116 іс-шара іске асырылып, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.

«Маңғыстау» және «Огни Мангистау» облыстық газеттерінде «Рухани Жаңғыру» және «Духовная модернизация» арнайы айдарлары, сондай-ақ «Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы ашылды.

Осы тақырыпта баспасөз құралдарында барлығы 979 материал, электрондық БАҚ-да – 498, оның ішінде интернет-сайттарда – 392 материал, облыстық телеарнада – 149 сюжет жарияланды.

Облыста жастардың 8 ресурстық орталығы, 30-дан аса жастар ұйымы белсенді жұмыс істейді. Жастардың ресурстық орталықтарында 2017 жылы 2855 адам консультация алды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, 12 жоба іске асырылды.

«Жасыл ел» жобасының аясында облыстың қалалары мен аудандарында «Жасыл ел» еңбек жасағының көгалдандыру жұмыстарын жүргізуі үшін, 2017 жылы жергілікті бюджеттен 58 млн. теңге бөлінді. Көгалдандыру жұмыстары үшін шамамен 1175 жас тартылды.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында 544 жас маман облыстың ауылдық елді мекендеріне жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 198 адам 663,6 млн. теңге сомасына тұрғын үйге арналған бюджет кредиттерін алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және «Жаңа серпін» бағдарламаларының аясында, жастар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі (ашық еңбек нарығында) 2016 жылдың 3-тоқсанындағы 5,1%-дан 2017 жылдың 3-тоқсанында 3,5%-ға дейін азайды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы маңызды міндеттердің бірі болып айқындалған.

2017 жылдың ішінде халық саны 2000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 4-деңгейдегі дербес бюджеттерді (оның ішінде, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) енгізу бойынша дайындық жұмысы жүргізілді. Біздің облыс бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық маңызы бар Форт-Шевченко қаласында және 30 ауылда дербес бюджеттер енгізілді. Бұл – төмен деңгейдегі әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді, күн сайынғы міндеттерді шешудегі жұмыс тиімділігін көтеруге мүмкіндік бермек.

Өңір экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсететін облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының 2017 жылдағы негізгі қорытындылары осындай.


Соңғы жаңарту : 2018-02-09 15:59:54

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz