Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі не үшін қажет?
Добавлено: 27.02.2018
Изменено: 02.03.2018
Просмотров: 15

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі болып табылады. Бірінші есеп 1979 жылы шығарылды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебі 2004 жылдан бастап Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің негізінде біршама елдерде жүзеге асуда. 

Бәсекеге қабілеттілік индексі әр елдің өз азаматтарының әл ауқатын жоғары деңгейін қамтамасыз ету қабілетін бағалайды. Ол, ең алдымен, елдің қолда бар ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланатынына байланысты. Оның үстіне ерікті нарық жағдайында сапалы сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін, әдетте, еңбек өнімділігін және өнімдер мен қызметтердің сапасын тұрақты жақсарту аса қажет. 

Бүгін түрлі бағыттағы рейтингтер және рейтингтік агенттіктер жүйесі халықаралық операциялардың міндетті компоненті болып табылады. Рейтингтік жүйе, тәуелсіз сарапшы ретінде. Елдің халықаралық имиджін жасай отырып. Экономикалық ынтымақтастық динамикасына тікелей әсер етеді. Мемлекеттің имиджі, сонымен қатар, инвестициялар мәселелері соның нәтижесіне байланысты. 

Рейтингтер ұзақ мерзімді бақылау, арнайы әзірленген әдістемелер негізінде жасалған сараптамалық баяндамалар нәтижесінде тағайындалады. Еліміздің халықаралық рейтинг мәселесі қазіргі заманғы Қазақстанға сыртқы заманғы Қазақстанға сыртқы капитал мен инвестициялар тарту үшін өзекті болып табылады. Айта кету орынды, елдің рейтингі әлеуметтік-экономикалық реформалардың көрсеткіші болып табылады, сондықтан бұл мәселені зерттеу экономикалық дамудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін көмектеседі және алдағы бағытты айқындайды. 

Индекс тұрақты экономикалық прогреске қол жеткізу стратегиясын жасау үшін және экономикалық саясатта проблемалық сәттерді талдау құралы ретінде, экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілікке кедергілерді жоюға ұмтылатын мемлекеттерге қолданылады. Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру, сондай-ақ макроэкономикалық орта Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына жатады. Сонымен қатар, еңбек нарығының тиімділігі мен жоғары білім деңгейінің факторлары да бәсекеге қабілетті деп танылған. Қазақстандағы ең әлсіз бағыттағы факторларға: институттар, инновациялар, бизнесті дамыту және қаржы нарығының дамуы жатады. 

Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі халықаралық бәсекелестік және жаһандану жағдайында азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мүмкіндігін сипаттайтын, кез келген ел үшін қағидаттық маңызды мәселе болып табылады. Зерттеу тақырыбының ерекшелігі сол, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін бағалау негізінде Қазақстан экономикасының тиімділіктен инновациялыққа өтпелі мүмкіндігін арттыру-аталған жұмыстың мақсаты болып табылады. 

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖАҺАНДЫҚ ИНДЕКСІ

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі көрінісінде

Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсарту үшін халықаралық рейтингтер аясында жүргізілген реформалардың мәні айтарлықтай жоғары. Әртүрлі рейтингтер нәтижесі міндеттер мен проблемаларды классификациялауға, идентификациялауға, оларды мемлекет пен экономиканы тиімді стратегиялық басқару үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін негізгі бағалау Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі (ДЭФ БЖИ) нәтижесіне сүйенеді.

ДЭФ БЖИ 119 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі. 119 көрсеткіш ішінен бәсекеге қабілетті 12 фактор анықталады:

1.  Институттар сапасы

2.  Инфрақұрылым

3.  Макроэкономикалық тұрақтылық

4.  Денсаулық және бастауыш білім

5.  Жоғары білім және кәсіби даярлық

6.  Қызметтер мен тауарлар нарығының тиімділігі

7.  Еңбек нарығының тиімділігі

8.  Қаржы нарығының дамуы

9.  Технологиялық дамудың деңгейі

10.Ішкі нарық өлшемі

11.Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі

12.Инновациялық әлеует (мүмкіндік)

Осылайша ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау көбіне бизнес-қоғамдастық өкілдері пікіріне тәуелді және еліміздің орта және ұзақ мерзімді келешегінің бәсекеге қабілетті өсуі мен дамуы үрдісін көрсетеді.

Рейтингке қатысушы барлық ел экономика дамуының кезеңдері бойынша жіктеледі.

Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке (Ресей сияқты) экономикасы дамудың екінші кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) үшінші кезеңіне(инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады.

ДЭФ БЖИ қорытындысы бойынша 2014 жылы Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда өз ұстанымын сақтай отырып, 144 елдің ішінен 4,42 орташа балмен 50-орын алды.

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі ДЭФ БЖИ үйлестірушісі ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның 2016 жылға дейінгі(ҚР Үкіметі отырысының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №18 хаттамасымен бекітілген) бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі көрсеткішін жақсарту бойынша шаралар жоспарын әзірледі.

Осы Шаралар жоспарындағы көрсеткіштерге жауапкершілік мемлекеттік органдар қатарына, соның ішінде ұлттық экономика, даму және инвестициялар жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім және ғылым министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктері мен Ұлттық банкке құзырет бойынша бекітілген.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы