Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Жаңаөзен қаласы бойынша сайлау қорытындылары жөніндегі ХАБАРЛАМАСЫ
Добавлено: 28.03.2018
Изменено: 28.03.2018
Просмотров: 155

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 қаңтардағы №0219 Қаулысына сәйкес, 2018 жылдың 25 наурыз күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының №4 сайлау округінен шығып қалғанның орнына қалалық мәслихат депутатын сайлауы тағайындалып, өткізілді.

  Сайлау науқанына байланысты, кандидаттарды ұсыну, олардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау, кандидаттарды тіркеу, куәліктерін тапсыру, сайлаушылар тізімін алу, тағы басқа күнтізбелік жоспарда белгіленген шаралар заңында көрсетілген тәртіпке сай, мерзімінде және тиісті құжаттарды ресімдеу арқылы жүргізіледі. Тіркелген кандидаттар жөніндегі округтің мәліметі жергілікті «Жаңаөзен» газетінің 2018 жылғы 23 ақпанда №8 (1872) санында жарияланды.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №4 округ бойынша барлығы 3 кандидат тіркелді, олар:

  1.Джумамурад Саламат Абдуллаұлы, 1991 жылы туылған, қазақ, «Өрт сөндіру қызметі» ЖШС-ның бас есепшісі, Жаңаөзен қаласында тұрады, кандидаттыққа өзін - өзі ұсынған;

  2.Мусаев Темир, 1963 жылы туылған, қазақ, «ТОО Наладка Энерго Монтаж» ЖШС-ның комерциялық директоры, Жаңаөзен қаласында тұрады, кандидаттыққа «НұрОтан» партиясы ЖҚФ ұсынған;

  3.Нысанова Айнур Ерболатовна, 1970 жылы туылған, қазақ, №2 орта мектеп директоры, Жаңаөзен қаласында тұрады, кандидаттыққа өзін - өзі ұсынған;

 

  Сайлау қорытындысы төмендегідей.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі

№4 сайлау округі

Округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны  – 5 412

Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны  – 4 979

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны  – 4 979

Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерін саны  – 107

Жойылған бюллетеньдерінің саны  – 487

Депутаттыққа кандидаттарға берілген дауыстар:

  Джумамурад Саламат Абдуллаұлы  – 282

  Мусаев Темир  - 4 295

  Нысанова Айнур Ерболатовна    - 295

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты болып Мусаев Темир сайланды, 1963 жылы туылған, қазақ, «ТОО Наладка Энерго Монтаж» ЖШС-ның комерциялық директоры, «НұрОтан» партиясы ЖҚФ мүшесі, Жаңаөзен қаласында тұрады.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы