Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Enter
Enter
Forgot the password
Восстановить
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Мунайлы ауданы Мангыстау селосы 2 кварталга Жол салуды сураймыз
Курметти,Рахат Елтизарулы! Кун салкындауына байланысты, кошеде не тротуар, не колик жолы жоктыгын ескерте отырып, кошеге жол жургизип беруинизди сураймыз. Жанбырдан кейин, кошеден машина тугили, адам арен шыгады. Свет кошеге жартылай койылган тек,жол баска кошелерге жургизип,2кварталга салынбады.
Маңғыстау ауылы бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында, ауылішілік жолдарды жөндеу, күрделі жөндеу, жаңа жол құрылысын салуға 441 млн теңге бөлініп, жұмыстар тиісті деңгейде басталып кетті. Сұрақта, көтерген мәселеңіз бойынша Маңғыстау ауылы 2 кварталға ауылішілік жол салу, осы бағдарлама аясында қамту және құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаяу жүргінші жолын төсеу орталық көшелерге тұрғындардың сұрауы бойынша жүргізілді. Осы жылға жаяу жүргіншілер жолын салуға бөлінген қаражат толық игерілуіне байланысты, Сіздің көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, келесі 2020-2021 жылға арналған бюджет қаражаты есебінен қажеттілікке байланысты, салыну жоспарланған.
Сонымен қатар, көше жарығы ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында көше жарықтарын, бағаналарды қайта жөндеу орнату, жұмыстары жүргізілген болатын. Аудан әкімінің орынбасары Н. Жолбаев
Показать ответ
21.02.2019
Дипломмен ауылға
2018 ж ЕҰУ тәмәмдап келдім. Қазір Қызылтөбе лицейінде информатика мұғалімі болып қызмет атқарып келемін. Баспана жалдап тұрамын, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қөмек қалай алсам болады? төмен пайызды несиегемен ипотекаға үй ала аламын ба? Қай күндері қабылдауыңызға кірсем болады?
Саламатсызба, Муханова Айгерим Оралбайқызы! Сауалыңызда қозғаған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №35/371 шешімімен 2019 жылға денсаулық сақтау саласы, білім, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің ұсынылған қажеттілік тізбесі бекітілген.
Оның ішінде, білім саласы бойынша – орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі қажеттілік тізбесіне енгізілген. Демек, бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша қажетті мамандық иелері ғана көмек алу мүмкіндігі бар.
Несиелік үй алу мүмкіндіктері бойынша:
2017 жылы Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында 2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында несиелік негізде берілетін 24 пәтерлік 12 үйдің құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда үйлер «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған тұрғын үйлерден үй алу мүмкіндіктері туралы түсінік береміз.
Аталған үйлерді сату 2018 жылдың шілде айынан бастап «7-20-25» бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, тұрғын үйлерден қалған бос пәтерлерді сату бойынша «Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы құжаттарды қабылдау жүзеге асырылуда.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш білдірушінің тұрғын үй құнының 20 пайызы көлемінде алдын-ала төлем енгізуі, төлем қабілеттілігінің расталуы, тұрақты тіркеу мекен-жайы Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылына тиесілі болуы, өзінің және ерінің не жұбайының атында қазіргі таңда және соңғы 5 жылда меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйінің болмауы талаптарына сәйкес болуы қажет.
Маңғыстау ауылындағы салынған үйлерден үй алу және несие рәсімдеу мәселелері бойынша Ақтау қаласы 11 шағын ауданы 60 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалына не Маңғыстау ауылындағы қоғамдық ұйымдар ғимаратындағы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне жолығуыңызға болады.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу мәселесі бойынша Маңғыстау ауылындағы аудан әкімдігі ғимаратындағы арыз-шағымдарды тіркеу бөліміне жолығып жазылуыңызға болады. Жазылу мәселесі бойынша қосымша ақпаратты 466595, 466216 телефондары арқылы алуыңызға болады. Құрментпен, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасарs Н. Жолбаев
Показать ответ
23.11.2018
мал шаруашылығына арендаға жер
мал шаруашылығына арендаға жер бойынша конкурс қашан өткізіледі
Сәлеметсізбе Джалгас Джумагалиевич! Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты табыстау Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу» қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты табыстау сауда-саттықта (конкурста, аукционда) жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабының 3 тармағында «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.» - делінген.
Сонымен қатар, қазіргі таңда конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің құжаттары жасақталып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, сауда-саттықтың конкурстық нысаны туралы және конкурстың қатысу шарттары туралы толық мәліметтерді «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен (мекен-жайы: ескі ХҚКО ғимараты, 3 қабат; телефондары: 466118, 466130) алуға болатындығын қаперіңізге береміз. Аудан әкімінің орынбасары Б.Сүлейменов
Показать ответ
29.10.2018
Конкурс барысында заң бұзушылық болды
19.10.2018 ж Мұнайлы Әкімдігінің ішінде Мал шаруашылығына жерді аренбаға беру бойынша конкурс заң бұзушылықтармен өтті, 9 комиссия мүшесінен тек 3 мүшесі қатысып Бізнесс жоспарды менің баяндауыма мүмкіншілік берген жоқ. Сізден өткізілген конкурсты заңсыз деп тануыңызды сұраймын.
Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты табыстау Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу» қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты табыстау сауда-саттықта (конкурста, аукционда) жүргізіледі.
Осыған орай, 2018 жылы 5 қыркүйек күні аудан бойынша фермер қожалығын жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы конкурс (әрі қарай - Конкурс) жарияланды.
Конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын (конкурстық өтінімдерін) қарау тәртібіне сәйкес, 2018 жылы 19 қазанда конкурстық комиссия мүшелерімен конкурсқа қатысушылардың қатысуымен келіп түскен ұсыныстар (конкурстық өтінімі) бар конверттерді ашылған болатын.
Конкурсқа қатысу туралы ұсыныстары (конкурстық өтінімдер) бар конверттерді ашу хаттамасы негізінде, азамат Д. Тумышев Мұнайлы ауданы «Тышқанбай» жерінде орналасқан жалпы ауданы 10,0 га жер учаскесіне ұсыныс (конкурстық өтінім) білдірген.
Сонымен қатар, аталған жер учаскесіне азаматша К. Койшыбаевада ұсыныс (конкурстық өтінім) білдірген.
Конкурстық комиссияның ұсыныстарды (конкурстық өтінімдер) қарау қорытындысы негізінде, азаматша К. Койшыбаеваның бизнес жоспарында көрсетілген өлшемдер (критерий) жоғары болуына орай, Мұнайлы ауданы «Тышқанбай» жерінде орналасқан жалпы ауданы 10,0 га жер учаскесіне жеңімпаз атанды.
Жоғардағыларды баяндай келе, Мұнайлы ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу» қағидаларының 12 тармағына сәйкес, сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралатындығын қаперіңізге береді.
Показать ответ
15.08.2018
Чистота на улице Адилет, с.Баскудык
Уважаемый аким, у меня вопрос который каждый день меня волнует, это чистота внутри улиц села Баскудык. Я Вас прошу не могли бы Вы проехать по ней просто и посмотреть, что твориться у нас на улице, это просто не передать словами- мусор лежит везде в буквальном смысле слов просто везде.
Здраствуйте Бесимбаева Жанат!
По затронутому в Вашем заявлении вопросу, не секрет, что работы по санитарной очистке сельского округа являются актуальной проблемой сегодняшнего дня, регулярно поднимаемой жителями.
В этом году по результатам конкурса для проведения работ по санитарной очистке победителем определено ТОО «Глобал Строй и К» (далее - подрядчик).
Однако, в связи с ненадлежащим исполнением своей работы данной организацией, аппарат акима сельского округа Баскудык 01.06.2018г. обратился к судебным органам, и подрядная организация приостановила свою деятельность. Тем не менее, работы по санитарной очистке улиц сельского округа Баскудык не прекратились, а проводятся в системном порядке в соответствии с утвержденным графиком.
19 июня текущего года объявлены итоги судебного процесса между аппаратом акима сельского округа Баскудык и ТОО «Глобал Строй и К», решение принято в пользу аппарата акима сельского округа Баскудык.
На сегодняшний день, по фактам аппелляционного жалоба ведется судебное разбирательство между акиматом сельского округа Баскудык и подрядной организаций ТОО«Глобал Строй и К».
Жители свой мусор бросают на свободные земельные участки либо на территорию газораспределительного пункта (ГРП). По данной проблеме среди жителей неоднократно проводились разъяснительная работа, предупреждения. Но, к сожалению, положительного результата пока не видно. Таковы взгляды жителей на чистоту своих улиц.
По всем этим вопросам проводились разъяснительные работы среди населения.
В отношении таких лиц, местные представительные органы могут устанавливать правила, за нарушение которых административная ответственность предусматривается статьями 434 «КоАП РК» где четко указано: влечет штраф в размерах пяти месячных расчетов показателей, либо административный арест на срок до десяти суток.
С начало года участковыми инспекторами полиции сельского округа Баскудык направлено в судебные органы 23 административных материалов.
На сегодняшний день участковыми инспекторами полиции проводится работы по выявлению лиц, допускающих факты загрязнения территории населенных пунктов сельского округа.
Акимат Мунайлинского района сообщает что, по всем улицам санитарно очистительные работы осуществляется согласно утвержденному графику. Заместитель акима Мунайлинского района Жолбаев Н.