Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстаулық көп балалы аналар марапатталды
Жарияланды: 08.03.2018
Өзгертілді: 08.03.2018
Қаралды: 1966

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Абай атындағы мәдениет кешенінде нәзік жандыларды 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекелік бағдарламаға жалғасқан кеште көп балалы 7 ана «Алтын алқа» және 12 ана «Күміс алқамен» марапатталып, өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін түрлі саладағы 15 қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

  «Құрметті ақ жаулықты әжелер! Ардақты аналар! Аяулы қарындастар! Мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың мейрамы 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қиын-қыстау заманда қайсар рух, ерен ерлік танытқан ардагер-аналарымызға тағзым етеміз! Дүниеге сәби әкеліп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде жанкешті еңбек сіңірген ақ жаулықты аналарымызға бас иеміз! Бүгінде облысымызда 17 мыңнан аса көп балалы ана тұрып жатыр. Тәуелсіздік алған күннен бері 6571  әйел «Алтын алқа» және 7699 әйел «Күміс алқа» иегері атанды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстауда туу саны бойынша рекорд жаңғыртқан Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны Озған Амандықова (79 жаста) 19 нәрестені дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. Қызан ауылында  Иба Сәулебаева(78 жаста) 17 баланы дүниеге әкелген. Сондай-ақ, ең жас «Алтын алқа» иегері Айман Өтешова (46 жаста) 11 баланың анасы. Маңғытау облысы осындай аналардың арқасында Республикадағы демографиялық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орында.

  Сондай-ақ, өңір басшысы әйелдер қауымы қызмет ететін "Zhamal-ai LTD" ЖШС ұжымын арнайы құттықтап, фабриканың жұмысымен танысты. "Zhamal-ai LTD" ЖШС 15 жылдан астам кәсіби киім мен аяқ киім шығарумен айналысады. Компанияда көп жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді.

  Мереке қарсаңында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы тыл ардагері Сәния Юсупованы мерекемен құттықтап, ерен еңбегі үшін алғысын білдірді. Тыл ардагері 12 жасынан бастап әскери зауытта еңбек етіп, қалған өмірін ұстаздыққа арнаған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы