Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды
Добавлено: 28.03.2018
Изменено: 28.03.2018
Просмотров: 1525

Ақтауда «Дара» қайырымдылық қорымен «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасының аясында «Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Салтанатты рәсім Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаеваның қатысуымен өтті.  

«Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» бағдарламасында: «Менің назарымдағы басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету»,-деген болатын. Олай болса, бүгін «Дара» қайырымдылық  қорының құрылтайшысы, қазақтың қарапайым қызы  Гүлнар Есенгелдіқызы Досаеваның қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педогогикалық  түзету мекемесінің ашылуына өздеріңіз куә болып отырсыздар.  Аталған мекеме бүгіннің өзінде Ақтау қаласындағы 270-ке жуық мүмкіндігі шектеулі баланың 35-ін қабылдап, өз жұмысын бастап кетті», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

«Ақтау қалалық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мақсаты –  сөйлеу, көру, есту қабілетінде, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен дамуында қандай да бір қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық-медициналық көмек көрсету. Жеке даму бағдарламасына сәйкес дефектолог, логопед, тифлопедагог, стардопедагог, олигофренопедагог, психолог, әлеуметтік педагогпен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі», - деді «Дара» қорының өкілі Гүлнар Досаева.

Бүгінгі таңда, Маңғыстау облысы  бойынша – 4968 мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілер тіркелген.Арнайы білім беру ұйымдарында 49 арнайы педагог, 23 логопед, 19 олигофренопедагог, 7 сурдопедагог  жұмыс жасайды. «Дара» қайырымдылық қоры мүмкіндігі  шектеулі  балаларға арналған  мектеп- интернатындағы  көзі  көрмейтін балаларға арналған  Брайль жүйесі бойынша жазу машинкасын табыстады.  

«Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаева мен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Құрық психологиялық - педагогикалық кабинетінің жұмысымен танысып,  мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңының ашылуына қатысты. Маңғыстау облыстық Білім басқармасы  2018 жылдың  аяғына  дейн  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға арналған Мұнайлы  ауданынан Педагогикалық-психологиялық-медициналық  концультация  (ПМПК), Түпқараған ауданы, Ақшұқыр  ауылынан Психологиялық - педагогикалық түзету кабинетін ашу бағытында  жұмыстар  жүргізуде.  

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы