Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Yessenov University қызыл дипломмен бітірген 22 студентке Ералы Тоғжанов өз қолымен дипломдарды табыстады
Добавлено: 23.06.2018
Изменено: 23.06.2018
Просмотров: 1282

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау өлкесінің еңселі білім ордасы Yessenov University- де түлектердің диплом алу салтанатына қатысып, оқу орнын қызыл дипломмен бітірген 22 студентке өз қолымен дипломдарды табыстады.

Биыл Yessenov University-ді бакалавриат бағдарламасы бойынша 517, магистратура бағдарламасы бойынша 67, кешкі жəне сыртқы бөлімдерде 178 түлек тәмәмдады. Оның ішінде 22 студент қызыл дипломмен бітіріп отыр. Университетте бүгінде 3100 студент білім алуда, оның ішінде күндізгі бөлімде оқитын 2500 студенттің 265-і мемлекеттік грант  бойынша  оқып жатыр. Сонымен қатар,  облыс әкімінің грантымен оқитын 79 студент бар.

«40 жылдық тарихы бар, 35мыңнан астам маман дайындаған Университет түлектері облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқынды үлесін қосуда, халық шаруашылығының барлық салаларында қызмет атқаруда.  Бүгінде университетте 306 оқытушы қызмет етсе, оның 12-сі ғылым докторы, 148-і ғылым кандидаты. Соңғы дерек бойынша, Есенов университеті  республикада білім беру деңгейі жағынан 130 университеттің ішінде 18-орында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін орындау мақсатында университетте 500 орындық 2 жатақхана, колледж студенттері үшін 1600 орындық 4 жатақхана салу жоспарланып отыр. Және де осы жылы университетте Үздіксіз Білім беру Институты ашылған болатын», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, мерекелік от-шашумен аяқталды.

Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы