Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Облыс әкімі «Аймақтық көшбасшылық» тақырыбында дәріс оқыды
Добавлено: 28.06.2018
Изменено: 28.06.2018
Просмотров: 1261

Бүгін «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  Мемлекеттік басқару Академиясының» аймақтық филиалында облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекеттік қызметшілер күніне орай кездесу өткізді.

«Аймақтық көшбасшылық» тақырыбындағы дәріске басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер, облыстық және қалалық басқарма басшылары, аудан-ауыл әкімдері, бөлім жетекшілері қатысты. Облыс әкімі шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекеттік қызметтің еліміз үшін аса маңызды екеніндігіне кеңінен тоқталды.  

Ералы Тоғжанов өңірдегі өзекті мәселе – өндіріс саласы деп атап көрсетті. Былтырғы жылы өндіріс көлемі 96,9% болған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді мақсат еттік. Инвестиция саласы 82% құраса, оны да 100 процентке көтеруге мақсат қойдық, нәтижесінде  101,2%-ға жеткіздік.  Құрылыс саласы – 79%-дан 102 %-ға өссе, өндіріс саласы жылдың соңында 99,8%-ға көтерілді. Бұл көрсеткіштерге жету оңай болмағаны анық деді, өңір басшысы. Елбасы экономика мен саяси мәселелерді қашанда алғашқы орында екенін үнемі айтып келеді. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда ел үшін елеулі іс-шаралар атқарылғанын атап өтті. Кездесу барысында Елбасының бес әлеуметтік бастамаларына кеңінен тоқталды.

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов «Нұр капитал» өңірлік бағдарламаның тиімді тұстарына тоқталып,  Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлерге 1%-дық несие беріліп жатқандығын айтты.  Қазіргі күні  құны 2 млрд.теңге болатын 110 жоба мақұлданған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл  1,8 млрд. теңге шағын несие бөлінді деді.

Сондай-ақ,  өңірге тартылған инвесторлық әлеуетке де тоқтала отырып, Маңғыстау облысына былтырдан бері 50-ден аса инвесторлармен жан-жақты кездесу өткізілгенін, олардың бірнешеуі нақты іс бастап кеткенін мәлімдеді.  

Жиын  соңында облыс әкіміне қатысушылар  өз сұрақтарын қойып, жеке пікірлерін білдірді.

  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы