Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысында ұлттық домбыра күні кең ауқымда тойланды
Добавлено: 02.07.2018
Изменено: 02.07.2018
Просмотров: 1519

       Өңір домбырашыларының қатысуымен  «Домбыра –асыл мұра» атты  концерт ұйымдастырылды. Ұлттық өнерді ұлықтайтын шара Ақтау қаласы теңіз жағалауында өтті. 500-ден астам маңғыстаулық домбырашылар даланы ұлттық аспаптың күмбіріне бөлеп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

     Айтулы шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, зиялы қауым өкілдері, өнер жанашырлары мен қала тұрғындары қатысты.

   Мақсат Сқақов өңір басшысы Ералы Тоғжановтың атынан барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қоғамды қайта жаңғырту мақсатында шілденің бірінші жексенбісі ұлттық домбыра күні болып бекітілді. Бұл рухани жаңғырудың айқын көрінісі. Мемлекет басшысы «Болашаққа дағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық кодты сақтау, оны бүгінгі ұрпақ бойына сіңіру жайында маңызды тапсырмалар берген болатын. Бүгінгі мерекелік шара – сол игі жұмыстардың бастамасы. Домбырашылар Құрманғазының «Көңілашар», «Сарыарқа», «Адай», Дәулеткерейдің «Көрегұлы», халық күйі «Қара жорға» күйлерін орындады. 

    Мерекелік концертті тамашалауға келген тұрғындарға Маңғыстау облысындағы жалпыұлттық маңызы бар сакралды нысандарының QR-код логотипті тақташалары таныстырылды.

    Ұлттық домбыра күнінің құрметіне халықтық серуен ұйымдастырылып, өнер жанкүйерлері өздерімен бірге ала келген домбыраларымен оркестрге қосылып халық шығармаларын орындады. Шанағынан күй төгілген қасиетті қазақ аспабы енді жыл сайын ұлттық деңгейде аталып өтетін болады.

                                                                                                       

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы